Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет75/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Бұлақ-қуал қаласы бар, ол Манкет қаласы болуы мҥмкін.                  

       Испиджабтан  шыққан  керуендер  шығысқа  қарай  бет  алып,  Таразға 

барған.  Жолда  керуендер  Шараб,  Будухкет,  Тамтадж,  Абардадж 

қалаларына соққан. 

Шараб  қаласының  атауы  –  тҥрік  тілінде  Қарасу  (Черноводск)  деген 

мағынаны  білдіретін  Шаваб  атуының  қолжазбаларды  жазу  кезінде 

бҧрмаланған есімі болуы керек. Испиджаб пен Шавабтың аралығы 4 фарсах, 

немесе  24-28  шақырымды  қҧраған.  Шаваб  қала-жҧрты  қазіргі  Қарабҧлақ 

ауылының  маңында  орналасқан.  Оның  бірі  VІІІ-ХІІІ  ғасырларды,  екіншісі  -  

ХІІІ-ХҤІ ғасырлар аралығын қамтиды. 

Будухкет  қаласы  Испиджабтан  шығысқа  қарай  9  фарсах  жерде,  Ҧлы 

Жібек жолының бойында орналасты. ІХ ғасырда қалада теңге сарайы жҧмыс 




 

317 


істеген.  Оңтҥстік  Қазақстандағы  ірі  қалалардың  бірі  болған  Будухкет, 

Тӛрткҥл Балықшы жҧртымен салғастырылады. 

Тамтадж  бен  Абарджадж  (Барджадж)  қалалары  Будухкеттен  5  және  9 

фарсах  жерде  орналасқан.  Х  ғасырда  Кудама  былай  деп  жазып  қалдырған: 

«Абарджадж  маңындағы  жотада  мың  бҧлақтың  суы  жиналып,  шығысқа  әрі 

ӛрге  қарай  ағып,  Баркуаб  ӛзені  деп  аталады.  Аудармасы  –  «теріс  аққан» 

дегенді білдіреді». Тамтаджд қазіргі Т.Рсқҧлов (Ванновка) ауылы маңындағы 

VІІІ-ХІІ  ғасырларға  жататын  қала-жҧртта  болған.    Абарджадж  –  Высокое 

ауылының  маңында,  ал,  Баркуаб  қазіргі  Бауыржан  Момышҧлы  (Бурный) 

маңындаңы Терісаққан ӛзені болса керек.  

Испиджабқа жақын жерде Хурлуг пен Джумишлагу қалалары ораласты.  

Зерттеушілер  Хурлугты  қазіргі  Шымкент  қаласының  орталығында 

орналасқан,  ал,  Джумишлагу  Қҧмыш  (Кҥміс)  ӛзенінің  Арысқа  қҧяр 

сағасындағы Тӛрткӛл қала-жҧрты деген пікірді ҧстанады. 

Ҧлы Жібек жолымен келе жатқан керуендерге Талас аңғарында алғашқы 

кездесетін  Шауғар  мен  Жамухат  қалалары  болды.  Олардан  соң  Тараз 

қаласына  аяқ  басатын.  Қазақстанның  аса  ірі  қалаларының  бірі  Тараз  VI 

ғасырдағы жазба деректерде белгілі болған. 568 жылы Тҥрік қағаны Дизабҧл 

Византия  императоры  ІІ-Юстиниан  жіберген  стратег  Земарх  бастап  келген 

елшілігін  тап  осы  қалада  қабылдаған.  ІХ-ХІ  ғасырларда  бастаухаттар  оны 

«кӛпестер  қаласы»  деп  атаған.  Мҧның  ҥстіне  ол  тҥргештердің,  содан  кейін 

қарлықтар  мен  қарахандардың  астаналық  орталығы  болған.  VІІІ-ХІV 

ғасырларда қалада теңге соғылған. 

Тараз  жайында  629  жылы  Сюань  Цзянь  былай  деп  жазады: 

«Цяньцюаньнан  батысқа  қарай  140-150  ли  жҥргеннен  кейін,  Доласы 

қаласына  келіп  жеттік.  Қала  аумағы  8-9  лиді  қҧрайды.  Мҧнда  әртҥрлі 

елдердің саудагерлері ӛмір сҥреді...». 

VІІ  ғасырда  Тараз  Ҧлы  Жібек  жолындағы  маңызды  қалалардың  біріне 

айналады.  Осыдан  бастап  оның  аты  барлық  жиһанкездер  мен 

саяхатшылардың еңбектерінде жиі кездеседі. 

Алқаптың  жазық  жағында  Атлах  қаласы  орналасқан,  751  жылы  оның 

тҥбінде  осы  араны  ықпалында  ҧстау  ҥшін  арабтар  қытай  әскерімен 

шайқасқан болатын. 766 жылы қала қарлҧқтардың қоластына қарайды. 

Дереккӛздеріне  қарағанда  893  жылы  Саманилер  билеушісі  Исмайл  ибн 

Ахмад  Таразға  жорық  жасап,  ҥлкен  қиыншылыққа  тап  болады.  Ақырында 

қала  әмірі  беріліп,  исламды  қабылдайды.  Осыған  қарамастан  Исмайл  ибн 

Ахмад «әмір мен оның ханшайымын және 10000 мыңдай адамды тҧтқындап, 

кӛпшілігін  ӛлтіреді.  Қисапсыз  жылқыларды  тартып  алады.  Бӛліс  кезінде 

әрбір мҧсылманға 1000 дирхамнан олжа бҧйырады». 

Х-ХІІ ғасырларды Тараз одан әрі гҥлдене тҥседі. Оның орналасқан жері, 

сауда  жолының  бойы  мен  бай  егіншілік  аймақтың  орталығы  және  кҥміс 

кенінің болуы, қаланың дамуына ҥлкен ықпал етті.  

Х ғасыр географы әл-Мақдиси: «Тараз – халық тығыз қоныстанған, берік 

қорғалған  қала.  Онда,  рабадқа  кірер  тӛрт  қақпа  алдына  ор  қазылған  және 




 

318 


кӛптеген бақтары бар. Қаланы ӛзен қақ бӛліп жатыр. Мешіт базар ортасында 

орналасқан» - деп жазады. 

Х-ХІ  ғасырларда  қарахандар  әулетінің  Орта  Азия,  Оңтҥстік  Қазақстан 

мен Жетісуды жаулаушылығынан  кейін, Тараз қаласы жаңа мемлекеттің бір 

бӛлігінің астанасына айналады. 

ХІІІ  ғасырдың  басында,  Тараз  қарақытайлардың,  наймандардың, 

хорезмшахтың  қол  астына  алма-кезек  ӛтіп  отырды.  Моңғолдардың  қолына 

ӛтпеуі  ҥшін  1212  жылы  хорезмшах  Мҧхаммедтің  бҧйрығымен,  Тараз 

қиратылады. 

ХІІІ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХІV  ғасырдың  басында  қаладағы 

жағдай  саяси  жағынан  тҧрақсыз  болды.  Жетісу,  соның  ішінде  Талас 

аңғарындағы  билік  ҥшін  Шыңғыс  хан  ҧрпақтарының  арасында  ҥнемі  кҥрес 

жҥріп  отыруы  қалалар  мен  қыстақтардың  қҧлдырауына  алып  келді.  ХІV 

ғасырдың  ортасына  қарай,  мҧндағы  кӛптеген  қала  ошақтары  кҥйреуге 

ҧшырайды.  

Талас аңғарындағы – Талас, Жаңа Талас, Жаңа Балық, Кенжек қалалары 

туралы  ақпараттар  ХІҤ  ғасырдағы  жазушысы,  әл-Омаридің  еңбегінде 

ҧшырасады. 

Қазіргі  таңда  ежелгі  Тараздың  ҥстінде  қҧрылыс  салынып  кеткен.  Тек 

қана,  ХХ  ғасырдың  30  жылдарындағы  ақпараттарға  сҥйеніп  қана  қала-

жҧрттың қандай болғандығын елестетуге болады. 

Археологтар  тарапынан  шахристанның  солтҥстік  қабырғасының  370  м, 

батыс қабырғасының 160 м барланды. Оңтҥстіктегі қала қалдығы 200 метрге 

созылып жатқан. Шахристанның солтҥстік қабырғасына цитадель жапсарлас 

салынған.  Бҧл  тӛрт  бҧрышты  тӛмпешікті  қҧрайды.  Рабад  қалдықтары 

шахристтанның батыс пен шығыс бӛлігінде сақталған. Алайда, оның кӛлемін 

анықтау  қиындық  туғызып  отыр.  Бҧл  жерде,  кӛптеген  тӛбешіктер  болған. 

ХІХ ғасырда қҧрастырылған бір сызбада 48 тӛбешік кӛрсетілген. 

Тараз қаласын қазуды алғаш рет А.Н.Бернштам жетекшілік еткен Жетісу 

археологиялық  экспедициясы  1938  жылы  қолға  алған  болатын.  60-шы 

жылдары  бҧл  жерде  Е.И.Агеева,  Т.Н.Сенигова,  М.С.Мерщиев  сынды 

археологтар қазба жҥргізеді. 

Шахристан  мен  цитадельде  салынған  стратиграфиялық  шурфтардың 

арқасында, қаланың негізгі кезеңдерін анықтауға мҥмкіндік туды. 

Біздің  заманымыздың  алғашқы  жылдарының  қабаты,  цитадель  мен 

шахристанның оңтҥстік-батыс жағында жҥргізілген қазба кезінде анықталды. 

Оның қалыңдығы 0,5 м. Ол кҥл мен кірпіш қалдықтарынан тҧрған. Қабаттан 

қҧмыралар сынығы алынған. 

ІV-VІ ғасырларға жататын қабаттың қалыңдығы 15 см. Мҧнда 50х29х9,5 

см  болатын  шикі  кірпіштен  соғылған  ғимарат  аршылған.  Оның  сақталған 

қабырғасының биіктіктігі 1 м, қалыңдығы 1-1,5 м. Қабаттан ӛзіндік керамика 

топтамасы алынды. Бҧл сырты ақ не қызғылтым кӛмкерілген жҧқа ыдыстар, 

шҥмекті қҧмыралар, хумдар және т.б. 

VІ-VІІІ ғасырларға жататын қабат барлық стратиграфиялық қазбалардан 

анықталған.  Мҧндағы  ғимараттар  шикі  кірпіштен  соғылған.  Алынған 



 

319 


керамика  тҥрлердің  әркелкілігімен  мен  безендірудің  алуандығымен 

ерекешеленеді.  Олардың  арасында  алмҧрт  тәрізді  қҧмыралар  мен 

қызылжылтырақ  ожаулар  және  т.б.  кездеседі.  Сонымен  қатар,  саз 

мҥсіншелердің  бастарын  қҧюға  арналған  пішіндер,  сириялық  жазуы  бар 

ыдыс табылған. 

VІІІ-Х ғасырларға жататын қабат, осы кезеңдегі қаланың қарқынды ӛмір 

кешкендігін  кӛрсетеді.  Қабатта  VІІ-VІІІ  ғасырларға  жататын  тҥргеш 

теңгелері  кӛптеп  табылған.  Едені  22х22х5  см  келетін  кҥйдірілген  кірпіштен 

соғылған ҥй қирандылары, қҧрылыс техникасының ӛзгергендігінен хабардар 

етеді. 


Керамикасы сырсыз және сырлы болып екі топқа жіктелінеді.  

ХІ-ХІІ  ғасырлардағы  мәдени  қабат  қараханидтік  монеталармен 

мерзімделінеді.  Одан  металдан,  шыны  мен  асыл  тастан  жасалған  бҧйымдар 

(моншақтар, ыдыстар, т.б.), керамика мен шырағдандар шыққан. 

Шахристаннан,  оның  шығыс  бҧрышынан  200  шаршы  м  телім  қазылған 

кезде монша орны аршылған.  

Тараздың  тҥрлі  тарихи-мәдени  кезеңдеріне  жататын  қабаттарды  қазған 

кезде  қҧрылыс  техникасы,  ғимараттар  жоспары,  жылыту  жҥйелері, 

керамикалық  ыдыстар,  су  қҧбырлары  мҧнда  ХІ-ХІІ  ғасырларда  монша 

болғандығын нақты кӛрсетіп берді. 

 Тараздан  батысқа  қарай  Керуен-сарай  қазылған.  Одан  екі  бӛлме 

аршылған.  Керамикалық  материалдарына  қарағанда,  Керуен-сарай  ХІ-ХІІІ 

ғасырларда жҧмыс істеп тҧрған. 

        Керуендер  Талас  алқабына  Фергана  аймағынан  Шатқал  қыратындағы 

Шанаш  асуы  және  Талас  Алатауындағы  Қарабура  асуы  арқылы  да  ӛтіп 

келетін.  Жолдың  осы  бӛлегі  Жібек  жолының  Ферғаналық  және  Жетісулық 

бағыттарын біріктіретін. 

        Талас аңғарындағы ежелгі қалалардың бірі  Жамұқат  (Хамукат)  қаласы 

болды. Оны дереккӛздеріне қарағанда ҤІ ғасырда бҧхаралықтар салған. 

        Жамҧқат  Талас  ӛзенінің  оң  жағалауындағы  Қаракемір  ауылына  қарама-

қарсы  тҧрған  Қостӛбе  қаласымен  салғастырылады.  Ол  Тараздан  солтҥстікке 

қарай 15 км жерде орналасқан. Қала жоспары бойынша тікбҧрышты тӛбешік, 

кӛлемі  420х450  м,  оны  бойлай  араларында  оры  бар  мҧнаралы  екі  қатар 

қабырға  қоршап  тҧр.  Сыртқы  дуалының  кейбір  бӛліктері  3  м-ге  дейін, 

мҧнаралары 3,5 м-ге шейін сақталған.  

        Қала  топографиясын  зерттеу,  біртекті  мәдени  қабатын  зерделеу  және 

теріліп  алынған  материалдарды  талдау  қаланың  шахристан  шеңберінде 

қалыптасқандығын және де бірден дуалмен қоршалғандығын кӛрсетіп берді. 

Дуалдары пахса блоктарымен тҧрғызылған. 

       Қала  цитаделінде  жҥргізілген  қазба  жҧмыстары  салтанатты  бӛлмелері, 

мінәжат  орындары,  шаруашылық  кешендері  бар  сарай  қалдығын  анықтап 

берді. Сарай VІ-ІХ ғасырлармен мерзімделінеді. 

       Культтық  бӛлмелерден  от  қалдықтары  сақталған  сопақ  сыпалар 

анықталған.  Бҧл  бӛлмелердің  қабырғалары  оймышталған.  Тҥскен  ою-

ӛрнектері - ӛсімдік, геометриялық, эпиграфиялық сипатта.  



 

320 


        Қала  бейітін  қазған  кезде  наустарға  жерленген,  арнайы  шикі  кірпіштен 

тҧрғызылған  бӛлмелерден  ҧжымдық  қабірлер  аршылған,  олар  отбасы 

молалары болса керек. Одан мола шҧңқырына жерленген мҥрделер, кӛмілген 

сҥйектер  шоғыры,  керамикалық  ыдыс-хумға  жерленген  мҥрделер 

анықталған. 

       Қабірлерден  біршама  әшекейлер  алынған.  Олар  –  қола  және  кҥміс 

жҥзіктер,  сырғалар,  «ӛмір  ағашы»  жанында  қораздар  суреттелген 

қапсырмалар, қола айна, керамика (қҧмыра, саптыаяқ), т.б. 

        Әсіресе культтық олжалар – денеге тағатын кҥміс айқыш пен бодисатва 

фигурасы  тҥріндегі  заттар  қызықты.  Қостӛбе  бейіті  VІІ-ІХ  ғасырлармен 

мерзімделінеді.  Ондағы  кейінгі  қабірлер  ислам  ғҧрпында  жасалған,  олар  х 

ғасырға жатады. 

        Аңғардағы  ірі  қалалардың  бірі  Атлах  болды.  Х  ғасыр  географы  әл-

Мақдиси  оны  былай  сипаттады:  «Атлах  –  ҥлкен  қала,  алаңы  бойынша  бас 

қалаға  келіңкірейді,  оны  айналдыра  дуал  қоршаған...  Орталық  мешіті 

Мединада, базарлары рабадта орналасқан». Махмҧд Қашқари «Атлах – Тараз 

маңындағы қала» деп кӛрсеткен. Қаланың Атлах шайқасына байланысты аты 

шыққан. Оның қасында 751 жылы арабтар мен қытайлар соғысқан болатын. 

Шешуші  сәтте  қарлҧқтар  арабтарды  қолдап,  қытайлар  жеңіліске  ҧшырайды. 

Тҧтқынға тҥскен қытайлардың бір бӛлігі Самарқандқа жӛнелтілді, онда олар 

қағаз,  тҥрлі  қару-жарақтар  мен  аспаптар  жасады,  бір  бӛлігі  осында  қалып, 

ӛмір сҥрді. 

        Жікіл  (Шығыл)  қаласы  «Тараздан  айқайлағанда  естілетін  қашықтықта. 

Ол  дуалмен  қоршалған,  цитаделі  бар.  Соборлық  мешіт  базар  маңында»  деп 

сипатталған. Жікілге Жалпақтөбе қаласы сай келуі мҥмкін. Ол Тараздан 5 км 

қашықтықта. Қазіргі кҥні қала аумағында. 

       Ол  жоспары  бойынша  тікбҧрышты  тӛбешік,  табанынан  есептегендегі 

мӛлшері 90-95 м, биіктігі 3-4 м. Шығыс жағында цитадель орналасқан, оның 

диаметрі  30  м,  биіктігі  4,5  м  шамасында.  Тӛбешіктің  айналасында  әлі  кҥнге 

дейін тереңдігі 0,5 м, ені 10 м ордың ізі сақталған. Орталық қақпасы оңтҥстік 

қабырғаның ортасында болған. Қазіргі таңда ол екі шетінде тҧрпаты дӛңгелек 

келген мҧнаралары бар жыра тәріздес. 

       Қалада  жҥргізілген  қазба  жҧмыстары  VІ-ІХ  ғасырлардағы  қҧрылыс 

іздерін айқындады. Тҧрғындары тығыз қоныстанған, барлық ҥйлер бір-біріне 

жапсарластырыла  салынған.  Тҧрғын  ҥйлерден  ашық  ошақ  пен  қабырғаны 

айналдыра салынған сыпалар анықталған. 

       Саптыаяқ,  доға  тәрізді  қазандық,  саздан  және  алебастрдан  жасалған 

дӛңгелек ҥстел-дастархан, шырағдан секілді тҧрмыстық-шаруашылық заттар 

алынған.  Тҥргеш  монеталары  Жалпақтӛбені  VІІІ-ІХ  ғасырлармен 

мерзімдеуге  мҥмкіндік  береді.  Қаланың  жоғарғы  мәдени  қабаттарынан 

алынған сырлы ыдыстардың сынықтары Х-ХІІ ғасырларға жатады. 

        Қазба  жҧмыстары  қала  фортификациясын  анықтауға  мҥмкіндік  берді. 

Дуалдары  4  м-ге  дейінгі  биіктігін  сақтап  қалған.  Тӛменгі  (табан)  жағында 

оның  ені  5  м,  жоғарыға  қарай  қабырға  тарыла  тҥседі.  Дуалдың  іргесіне 

кӛлемі 80х80х60 см пахса блоктары қойылып, оның ҥсті кӛлемі  35х25х10см 



 

321 


шикі  кірпішпен  ӛрілген.  Дуалдардың  бҧрыштарында  дӛңгелек  мҧнаралар 

орналасқан.  

        Тараз маңында Дех Нуджикес және Адахкет қалалары болған. Олардың 

орындары  Ибн Хордадбех пен Кҧдама мәліметтері бойынша анықталынады. 

Қимақтарға барар жолды сипаттаған  олар Тараздан 7 фарсах қашықтықтағы 

Кевакет  (Кевакиб) маңындағы екі  қонысты атап  кетеді. ІХ ғасыр авторы әл-

Факих олардан да дәл мәлімет береді, ол Тараздан Кевакибқа дейін 7 фарсах 

дейді  да,  қимақтарға  баратын  жол  Тараздан  солға  қарай,  яғни  солтҥстікке 

қарай жҥреді деп кӛрсетеді. 

       Адахкет пен Дех Нуджикес Тараздан солтҥстік-шығысқа қарай жатқан 30 

км  жердегі  Ассы  аңғарында  болуы  мҥмкін.  Бҧл  жердегі  ескерткіштерді 

аэрофото  тҥсірілім  жасап,  кӛзбен  мӛлшерлеген  кезде  Қаракемер-1  және 

Қаракемер-2 қалаларынан ҧзын дуал орны анықталған. Бҧл жазира Кевакибке 

келіңкірейді, ал қалалар осы аталған екі қала болуы ықтимал. 

        Тараздан  оңтҥстікке  қарай  Шелжі,  Сұс,  Көл  және  Текабет  қалалары 

орналасты. 

        Олардың  арасынан  Шелжі  кеңінен  танымал.  Тараз  бен  Шелжі  арасы  4 

фарсах  жол  болған.  Зерттеушілер  бір  ауыздан  Тараздан  30  км  оңтҥстікте 

жатқан Садыр-Қорғанды Шелжі деп есептейді. 

       Сҧс  туралы,  ол  «ҥлкен  қала,  ал  Кӛл  одан  кішкентай»,  «Текабет  –  ҥлкен 

қала,  оның  тҧрғындарының  жартысы  діннен  жаңылысқандар  (мҧсылмандар 

емес)»  деп  айтылады.  Аталған  қалаларды  Орлов  Ақтөбесі  (Көл),  Талас 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет