Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет77/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Баласағұнға кӛшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса 

керек. Баласағҧн  қарахандардың,  сосын қарақытайлардың астанасы ретінде 

белгілі, оны кейін ХШ ғасыр бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан 

қайта  салынады,  бірақ  XIV  ғасырда  тағы  да  ойрандалып,  ҥйінділері  ғана 

қалады.  Бҥ  қалалардың  тҧрған  жері  қазіргі  Тоқмақ  қаласына  (Қырғызстан) 



 

323 


жақын  жерде және  орта ғасырдың кӛпке белгілі екі ескерткішіне  –  Ақбешім  

мен Борана қала-жҧртына сәйкес келеді. 

        Суяб қаласынан керуен жолдың не солтҥстік, не оңтҥстік тармақтарымен 

жҥріп,  Ыстық  кӛлдің  жағалауына  шығады.  Оңтҥстік  жақпен  жҥрген 

керуендер  Жоғарғы  Барсхан  деген  ҥлкен  қаланы  басып  ӛтеді,  ал  жолдың 

солтҥстік  тармағында  шағын  керуен  сарайлар  орны  кездеседі,  олардың 

аттары бізге дейін жетпеген. Сосын осынау екі айрық жол Бедел асуында бір-

бірімен  қосылады  да,  не  осы  асу  арқылы,  не  Ташрабат  арқылы  Жібек  жолы 

Кашғар мен Ақсудан барып шығады. 

      Ал  керуен  жолы  Ыстық  кӛл  қазаншҧңқырынан  Санташ  асуы  арқылы 

Қарқара  жайлауына  барып,  тӛмендеп  Іле  алқабына  тҥседі  де,  ӛзеннің  оң 

жагалауын  бойлап  отырып,  Ҥсек,  пен  Хоргос  алқаптарынан  ӛтіп,  Алмалық 

қаласына барады, ал сосын Такла-Макан шӛлінің солтҥстік жиегін айналып, 

Хами  мен  Тҧрфан  кӛгал  аймақтарын  басып,  Дунхуан  мен  Қытайга  жететін 

болған. 

      X-XII  ғасырларда  Жібек  жолының  бір  тармағы  кҥллі  Іле  алқабын 

оңтҥстік-батыс  жағынан  кӛктей  ӛтіп,  солтҥстік  шығысқа  қарай  кетеді  екен. 

Бҧл  тармақ  Науакенттен  басталып,  Бунджикет  және  Қастек  асуы  арқылы 

жҥріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. 

        Іле алқабы мен  Жоңғар  Алатауындағы қалалар. Қастек асуына тағы бір 

жол Баласағҧннан келетін болған. Бҧл арадағы танымал белгі қасиетті Ҧрын-

Арж тауы екен, ол Шу мен Іле ӛзендерінің су айрығында. Бҧл таулар туралы 

ҤІІ-ҤІІІ  ғасырлардағы  қытай  жолаушылары  айтқан,  олар  оны  «Цзе  Дань 

таулары»  деп  атаған.  Ҧрын-Арж  топонимі  қазіргі  замандағы  Ҧзынағаш 

ауылының атауында сақталып қалған.  

        Жол  Іле  Алатауының  баурайындағы,  кәзіргі  Қастек,  Каскелең  мен 

Алматы  орындарындағы  шағын  қалашықтар  арқылы  Талғар  қаласының 

теріскей  шетіне  орналасқан  Талхиз  (Талхир)  қаласына  жеткен.  Осы  арада 

Талғар  ӛзенінің  оң  жағалауындағы  тау  баурайында  орта  ғасырдың  аса  ірі 

кала жҧртының ойран болған орны жатыр. Талхиз транзитті сауданың ҥлкен 

орталығы болған. 

        Іле  алқабына  басқа  жолмен  де  келе  береді  екен:  Қҧлан  мен  Аспарадан 

немесе Нҥзкенттен шығып, Шудың орта және тӛменгі ағысындағы қалаларға 

барған.  Сосын  Тасӛткел  қайраңынан  ӛтіп,  жол  Шу-Іле  тауларының  теріскей 

жотатарын  жағалап  келіп,  Іле  Алатауының  теріскей      бетіндегі      қалаларды   

қуалай      жҥрген.  Жалпылама  тҥрде  айтқанда,  бҧл  аймақта  Алматы,  Талхир, 



Екі-Оғыз (Эквиус), Қаялық (Қайлақ, Қойлық), Иланбалық қалалары жатты. 

        Алматының  ресми  тарихы  Кіші  Алматы  ӛзені  бойында  1854  жылы 

Верный  атты  орыс  бекінісі  салынған  кезден  басталады.  Алайда  ХVІ 

ғасырдың  бірінші  жартысындағы  мемлекеттік  қайраткер,  жазушы  әрі  ақын 

Захиридин  Мҧхаммед  Бабыр  шығармасында  мынадай  жолдар  бар: 

«Ферғана…  солтҥстігінде,  Алмалық,  Алмату  және  Янги  сынды  Таразкент 

кітабында  жазылғандай  қалалар  болғанымен,  оларды  моңғолдар  қиратқан, 

бҧл жерлерде елді-мекендер қалмаған».  




 

324 


        Алмату елді-мекені жайлы Бабыр замандасы, «Тарих-и Рашиди» авторы 

Мҧхаммед  Хайдар  Дулати  айтып  кеткен.  Ол  моғолдардың  осы  елді-мекен 

жанында шайқасындығын жазған.  

        Бҧлардан ертеректе айтылған мәліметке де тоқтап кеткен жӛн. Тарихшы 

Рашид-ад  Дин  (1274-1318)  аты  аңызға  айналған  Оғыз-хан  туралы  мағлҧмат 

айтқан кезде Алмалық жӛнінде де айтып ӛтеді. Ол, сірә Х-ХІІ ғасырлардағы 

оқиғаларды  сипаттап  жазған,  мҧнда  Рашид-ад  Дин  Оғыз-хан  ӛз 

жорықтарының бірінде Алатауға және Алмалық ӛңіріне жетеді де, осындағы 

Ақ-Қая  қойнауына  жауынгер-ардагерлер  тобын  қоныстандырады.  Алмалық 

атауын  географиялық  тҧрғыдан  Іле  Алатауы  мен  Алматы  ауданымен 

сәйкестендірген  де  жӛн  сияқты.  Әсіресе  бҧл  жерде  нумизматикалық 

дереккӛздері бойынша алынған мәліметтер қызықты болып табылады. 

        1979  жылы  Алматыдағы  Шекара  училищесі  (қазіргі  ҚР  ҦҚК  Әскери 

институты) аумағынан екі кҥміс монета табылған. Монеталардың екі бетінен 

таңба  секілді  кӛмескі  тартып  бейнелер  анықталған.  Бҧларды  толық  ғылыми 

талдаудан  ӛткізуге  мҥмкіндік  болмағанымен,  нумизмат  В.Н.Настич 

монеталардың  жергілікті  билеушілер  жасағандығын,  солардың  таңбасы 

тҥсірілгендігін, қазіргі  Алматы аумағында монета шығаратын сарайдың ХІІІ 

ғасырда  жҧмыс  істеп  тҧрғандығын  топшылаған  болатын.  1990  жылдары 

В.Н.Настич  қолына  тағы  да  екі  монета  тҥседі,  бҧлардың  таңбасы  алдыңғы 

монета  таңбаларына  ҧқсас,  бірақ  орналасуы  сәл  ӛзгеше  (таңбалар  қатар 

орналаспаған,  екі  бетке  тҥсірілген)  еді.  Монеталардың  бірі  кӛмескіленіп 

кеткен,  ондағы  жазуларды  оқу  мҥмкіндігі  шектеулі  болған.  Ал  екінші 

монетадағы  айналдырыла  жазылған  жазу  бӛліктерін  В.Н.Настич  былай 

оқыды:  «чеканен  этот  дирхем  в  области  (балад)  Ал.м.  ту  в  году  пять…». 

Кейінгі  бір  мақаласында  В.Н.Настич  монеталарға  толық  дәлелдеме  береді, 

оның  ойынша  қала  атауы  Алматы  деп  оқылады,  ал  монеталар  1272-1273 

жылдары  соғылған.  Сӛйтіп,  археологтар  Алматы  қаласының  орнын 

нақтылады. 

       «Ҥлкен  Алматы»  ауданы  ескерткіштерге  толы.  Оны  адам  баласы  ілкі 

замандарда  игерген.  Қола  дәуірінің  соңғы  кезіндегі  б.з.б.  Х-ІХ  ғасырларда 

мҧнда  отырықшы  қоныстар  болған,  олардың  тҧрғындары  егіншілікпен  және 

мал  шаруашылығымен  айналысқан,  жартылай  жертӛле  сынды  баспаналарда 

тҧрған.  Қола  дәуіріндегі  Тереңқора,  Бҧтақты  (Кӛктӛбе  беткейі)  секілді  қола 

дәуірінің  қоныстары  зерттелген.  Сақ-усунь  заманындағы  да  бірнеше 

қоныстар мен қорымдар анықталған. 

        Орта ғасырлар кезеңінде қазіргі Алматы аумағында бірнеше қалалар мен 

қоныстар  болы.  Олардың  бірі  –  Алматы-1  қаласы  «Горный  Гигант» 

ҧжымшарының аумағында орналасты. Весновка қаласы Ботаникалық бақтың 

аумағында. 

        Ҥлкен  Алматы  қойнауына  (қазіргі  «Орбита»  ықшамауданы)  қарама-

қарсы  орналасқан  қала  жӛнінде  1894  жылы  академик  В.В.Бартольд  жазған 

болатын.  Ол  қаланы  сол  кездегі  қала  архитекторы  В.П.Гурдэмен  бірге 

зерттеген.  Қаланың  беткі  қабаттарынан  кҥйдірілген  кірпіштен  тҧрғызылған 




 

325 


қҧрылыстар анықталған, кірпіштерді Верный тҧрғындары ӛз қҧрылыстарына 

тасып әкетіп жатқан. 

        Бҧл  маңда  2009  жылы  Алматы  кешенді  археологиялық  экспедициясына 

(жетекшісі  К.М.Байпақов)  тиесілі  отряд  жҧмыс  істеді.  Далалық  ізденістер 

барысында  кӛптеген  археологиялық  материалдар  (керамика,  т.б.)  алынған. 

Қазба  барысында  қаланың  ҥш  мәдени  қабаттан  тҧратындығы  анықталды: 

біріншісі,  усунь  заманына,  екіншісі,  орта  ғасырларға,  ҥшіншісі  кейінгі  орта 

ғасырларға жатады. Кейінгі орта ғасырларға жататын мәдени қабат алдыңғы 

екеуіне қарағанда біршама жҧқа болып келеді.   

        Шекара  училищесі  аумағындағы  мағлҧматтар  да  ӛте  қызықты.  Бҧл 

жерден  1980  жылдардағы  қҧрылыс  кезінде  ортағасырлық  шеберхана  орны, 

одан  ҧстаның  асай-мҥсейлері  (балта,  кӛрік  қалдықтары,  т.б.)  табылған. 

Шеберхана  Х-ХІ  ғасырлармен  мерзімделінеді.  Дәл  осы  қаламен  жоғарыда 

сипатталған ХІІІ ғасыр монеталары тікелей байланысты болған. 

        Алматының солтҥстік жағында орналасқан Тереңқара қаласы да белгілі. 

        Жазба  дереккӛздері  мен  археологиялық  мағлҧматтарға  сҥйене  отырып, 

Алматы  қаласы  Х-ХІ  ғасырларда  қалыптасқан,  бҧл  қаланың  кем  дегенде 

мыңжылдық тарихы бар деуге болады. Қала негізгі белгілеріне қарағанда, ірі 

саяси-мәдени  және  экономикалық  орталық  болған.  Мҧнда  қолӛнер,  сауда 

дамыған. Монета шығаратын сарай жҧмыс істеп тҧрған. 

        Жетісудың  тағы  бір  ірі  қаласы  Талхир  болып  табылады.  Ол  қазіргі 

Талғар қаласының оңтҥстік бӛлігінде, ӛзімен аттас ӛзен жағалауында. 

        Талғар  топонимінің  кӛне  екендігі  белгілі,  оның  екінші  «ғар»  бӛлігі 

ҥндіеуропалық тілдерде «тау» деген мағына береді. 

        Талхир туралы қызықты мағлҧматтар Х ғасырда парсы тілінде жазылған 

«Худуд  ал-Алам»  шығармасында  берілген.  В.В.Бартольд  пікірінше,  еңбек 

авторы  ӛз  замандастарына  қарағанда  Орта  Азияның,  әсіресе  оның  шығыс 

бӛлігіндегі  аймақтардан  молынан  хабардар  болған.  Белгісіз  автор 

шығармасында  Ыстықкӛлге  жақын  жерде,  жікілдер  мен  қарлҧқтар 

иеліктерінің  арасындағы  Тон  және  Тальхиз  (Тальхир)  сынды  мекендер 

айтылады.  Бҧл  елді-мекендердің  тҧрғындары  «жауынгер  әрі  ержҥрек»  деп 

сипатталынады.  

        Ә.Х.Марғҧлан  және  басқа  да  зерттеушілердің  пікірінше,  Тальхиз  ӛз 

кезегінде Тальхир қаласының аздап бҧрыс айтылған атауы болып табылады. 

       Қаланың  орталық  бӛлігі  жоспары  бойынша  тік  тӛрт  бҧрышты  тҧрпатта. 

Оның  солтҥстік-шығыс  жағы  300  м-ге,  солтҥстік-батыс  жағы  280  м-ге, 

оңтҥстік-шығыс және оңтҥстік-батыс бӛлігі 302 м-ге созылып жатыр. 

        Қала аумағы 9 га шамасында. Барлық жағынан қала дуалмен қоршалған. 

Қазіргі таңда ол жайылып кеткен. Айналдыра ор қазылған. 

       Қаланың  бҧрыштарында  мҧнаралар  болған,  мҧнаралар  дуалда  да 

орналасты. 

       Кіретін  қақпалары  қабырғаның  орталық  бӛлігінде,  бір-біріне  қарама-

қарсы  жақта  орналасқан.  Оларды  біріктіретін  кӛшелер  қаланы  тӛрт  бӛлікке 

бӛліп тҧрады. Орталық бӛліктің сыртындағы қҧрылыстар бір типте салынған. 

Сақталып  қалған  тастан  ӛрілген  қабырға  қалдықтарына  қарағанда  бҧлар 



 

326 


аумағы  200-500  м  аралығындағы  қҧрылыстар  болған.  Кӛпшілігі  орталық 

бӛліктің оңтҥстік және батыс жағына шоғырланған. 

       Ескерткіш  ертеден-ақ  зерттеушілерді  қызықтырған  болатын.  Олардың 

арасында  А.Н.Бернштам  мен  Ә.Х.Марғҧлан  секілді  белгілі  археологтар  да 

болған  еді.  Бҧл  мамандар  жылнамалардағы  Тальхир  мен  Талғар  қаласы  бір 

екендігін анықтап берді. 

        Кӛп  жылдардан  бері  Талғар  қаласында  қазба  жҧмыстары  жҥргізіліп 

келеді.  Нәтижесінде  қала  жоспары  айқындалды.  Қала  экономикасының 

ӛркендеуіне,  шаруашылығы  пен  қолӛнерінің  дамуына,  бір  тармағы  Іле 

аңғарын кесіп ӛтіп, Қытайға, Жапонияға, Орта Азияға, Иран мен Византияға 

апарған Ҧлы Жібек жолы ҥлкен  рӛл атқарады. Мҧны сонымен қатар іргелес 

ӛңірлерден,  алыс-жақын  аймақтардан  әкелінген  заттар  кешені  (ыдыс-аяқ, 

әшекейлік  бҧйымдар,  т.б.)  мен  монеталар  да  нақты  дәлелдейді.  Мәселен, 

фаянс  ыдыстар  Талғарға  Жапониядан  келген,  Ҥндістаннан  піл  сҥйегінен 

жасалған бҧйымдар әкелінген, Ираннан қола қҧмыралар тасылған, Қытайдан 

айна,  фарфор  ыдыстар  алынған.  Самарқандтан  сырлы  ыдыстар  әкелінген. 

Сондай-ақ  қала  аумағынан  алтыннан,  кҥмістен,  қоладан,  темірден 

дайындалған мол археологиялық топтама алынған.  

       Зерттеулерге  қарағанда  Талғар  сақ-усунь  заманында  іргесі  қаланған  бір 

қоныстың  орнында  салынған.  Қала  ҤІІІ  ғасырдан  қалыптасып,  Х-ХІІІ 

ғасырларда гҥлденген. 

       Қала  перпендикуляр  кӛшелермен  махаллаларға  бӛлінген.  Әрбір 

махаллада 12-14 ҥй болған. 

        Ҥйлердің іргетастарын қалауға ӛзеннен алынған, кӛлемі әртҥрлі малтатастар 

қолданылған.  Малтатастар  сазбалшықпен  қаланған.  Қабырғалары  қам  кірпішпен 

ӛріліп, сыртынан сазбалшықпен сыланған. Ҥйлердің шатыры бір шеті биіктетіліп, ал 

екінші  шетіне  қарай  еңістетілген.  Оның  шатырына  қойылған  сырғауылдардың 

ҥстіне  қамыс  пен  сазбалшық  аралас  тӛсеніш  жабылған  сияқты.  Шаруашылық 

бӛлмелердің бірінен егіншілік қҧралдары бар «кӛмбе» табылды. Оның қҧрамында 

қоладан  жасалған  заттар,  тостаған,  майшам,  шырағдан,  керамика,  т.б. 

шаруашылық-тҧрмыстық  заттар  да  бар.    Майшамның  бір  ҧшы  шырағданға,  ал 

екінші  ҧшы  табақ-тҧғырға  бекітілген  қола  тҧтқасы  бар.  Осыған  ҧқсас  бҧйымдар 

Талғар қаласының жер бетінен кездейсоқ  олжа ретінде кейде қазбалардан осыған 

дейін де кездесіп отыратын. Мҧндай қола бҧйымдар Алдыңғы Азия ӛнімі деген 

және олар бҧл жерге Ҧлы Жібек жолымен сауда-саттық нәтижесінде сырттан 

келген деген пікір бар. Табылған бҧйымдар ХІ-ХІІ ғасырларға жатады. 

Талғар  қаласында  соңғы  жылдары  біршама  жҧмыстар  атқарылды.  Қазба 

барысында  шыныдан,  темірден  жасалған  кӛптеген  бҧйымдар  алынды.  Ең 

алдымен  Солтҥстік-Шығыс  Жетісудың  XI  ғасыр  мен  ХІІІ  ғасыр  бас  кезіндегі 

ортағасырлық  қаласының  сәулет  ӛнері  жайлы  тың  мағлҧматтар  жиналды. 

Орталық  және  махалла  кӛшесінің  қиылысқан  жері  аршылды.  Кӛшенің  бір  беті 

тегіс  ӛзен  малтатасынан  теселгендігі  анықталды.  Далалық  жҧмыстар  барысында 

алынған  темір  бҧйымдарының  (тҧрмыстық  бҧйымдар,  қҧрал-саймандар,  ауыл 

шаруашылық  қҧралдары)  бірегей  жиынтығы  жаңа  бҧйымдармен  толықтырылды. 

Сондай-ақ жергілікті темір ӛндірісінің  жоғарғы деңгейде болғандығын кӛрсететін 



 

327 


дайындамалар  -  темір  тіліктері,  қҧймалар,  крица  мен  ӛңдіріс  қалдығы  -  қож 

кӛптеп  табылды.  Ӛткен  жылдардағы  деректермен  қоса  отырып,  бҧл  жерде 

алдыңғы  қатарлы  жергілікті  шыны  ӛндірісінің  болғандығын  кӛрсететін  шыны 

жиынтығы жинап алынды. Қола бҥйымдарының жиынтығы, олардың бір бӛлігі 

сауда  керуендерімен  Алдыңғы  Азиядан  келгендігін,  сонымен  қатар  жергілікті 

қола ӛндірісінің болғандығын айғақтайтын жаңа олжалармен толықтырылды. Қола 

бҧйымды  жӛндеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  жаңа  бҧйымдар  -  тостақ,  қҧмыра, 

қҧмған, майшам және шара жасай алатын шеберлер болғандығын археологиялық 

ізденістер нақты кӛрсетеді. 

       Талғар  халқы  шахмат  ойнай  білген.  Қазба  барысында  қала  мәдени 

қабаттарынан  сҥйктен  және  саздан  жасалған  осы  ежелгі  ойынның 

фигуралары  алынған,  яғни  бҧл  ойынның  әуесқойлары  ХІ-ХІІ  ғасырларда 

Талғарда да тҧрған. 

       Талғарда қҧмыра, шыны, зергерлік гҥлденген. Ол әсіресе темір мен болат 

қорыту  бойынша  Жетісудың  ірі  орталықтарының  біріне  айналған.  Сайып 

келгенде, Талғар қаласы аймақтағы қолӛнер, сауда, ауыл шаруашылығы мен 

мәдениетінің маңызды орталықтарының бірі болған.                

        Тальхирден Жібек жолы екіге айрылады: оңтҥстік желісі (оңтҥстік жол) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет