Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет80/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Құмкент,  Сүгүлкент  қалалары  бар  еді.  Бҧл  жол  не  Таластың  тӛменгі 

жағынан шығып, содан жоғары ӛрлеп, Таразға баратын, не Билікӛлдің батыс 

жағасымен  жҥріп,  Берукет-Паркет,  Хутухчин  қалалары  арқылы  бҧл  да 

Таразға жететін. 




 

339 


        Қаратаудың  солтҥстік  беткейлеріндегі  қалалар  да  ғылыми  әдебиеттерде 

кеңінен  белгілі.  Олардың  кӛпшілігі  ортағасырлық  ӛз  атауларын  сақтап 

қалған;  мәселен,  Созақ  –  Созақ,  Қҧмкент  –  Құмкент.  Ал  Сҥгілкент  – 

Саудакент, Ҧрысоған – Қарасауын.  

       Орталық,  Шығыс  және  Батыс  Қазақстан  қалалары.  Жібек  жолының 

Оңтҥстік  Қазақстан  мен  Жетісу  арқылы  ӛтетін  негізгі  арқауынан  жол 

тарамдалып,  терістік  пен  шығысқа  қарай,  Орталық  және  Шығыс  Казақстан 

аудандарына,  кейін  Сарыарқа  атымен  мәлім  болған  Дешті  Қыпшаққа,  Ертіс 

жагалауы  мен  Алтайға,  Моңғолияға  асып  кеткен.  Осы  арамен  атты 

кӛшпелілер  тайпалары  жҥретін  дала  жолы  ӛткен.  Сӛйтіп  малға,  жҥн  мен 

теріге,  металға  (мыс,  қалайы,  кҥміс,  т.б.)  бай  Орталық  Қазақстан  аймағы 

сауда-саттық  байланыс  жҥйесіне,  оның  ішінде  халықаралық  жҥйеге 

тартылып,  кӛптеген  керуен  сҥрлеулері  арқылы  Жібек  жолы  торабымен 

тоғысады. 

       Жолдың Отрардан таралған бір желісі Арсубаникеттен ӛтіп, Арыстанды, 

Шаян  алқаптарына,  сосын  Каратаудың  жатаған  белесінен  асты;  ал  Шауғар 

мен  Ясыдан  шыққан  желісі  Тҧрлан  асуынан  асты;  Сауран  мен  Сығанақ 

тармағы,  Янгикент  тармағы  –  бәр-бәрі  тҧс-тҧстан  Орталық  Қазақстан 

жазығына  шығып,  Сарысу  мен  Қеңгір,  Торғай  мен  Есіл бойларына  баратын 

болған.  Сол  аймақтан  орта  ғасырлардың:  Болған-ата,  Жаманқорған, 

Нөгербек-Дарасы,  Домбауыл,  Милықұдық,  Ормамбет  сияқты  қала-

жҧрттарының  қалдықтары  табылған.  Әсілі,  орта  ғасыр  дереккӛзерінде 

айтылатын  Жұбын,  Конгликет,  Ортау  мен  Кейтаг  сияқты  қалаларды, 

Гарбиан мен Бақырлытау сияқты кен орындарын осы маңайдан іздеген жӛн. 

       Янгикенттен  шыққан  жол  солтҥстік-шығысқа  қарай  Білеуті  ӛзенінің 

жағалауына  қарай  жетіп,  Қоңырат  пен  Қарсақпай  аудандарына  келгендігі 

анықталған.  Орталық  Қазақстанға  Сарысу  жолы  деп  аталатын  жол  жҥрген 

болатын:  Отырардан  шығып  Шауғар  мен  Тҧрлан  асуы  арқылы  Ақсҥмбеге, 

Сарысу тӛменгі ағысы мен ӛзенді жоғары бойлай Ҧлытауға (Кендірлік тауы), 

одан  кейін  Есіл  мен  Ертісті  бойлай  Сібірге  жеткен.  Басқа  бір  жол  – 

Бетпақдала  шӛлі  арқылы  Жезқазған  ауданына  ӛткен.  Тағы  бір  жол  –  «Хан 

жолы» - Тараздан шығып Таластың тӛменгі ағысы бойымен Мойынқҧм қҧмы 

мен Бетпақдала арқылы Атасу ӛзенінің жағалауына барған. Тараздан шыққан 

тағы  бір  сауда  жолы  Адахкес  пен  Дех-Нуджикес  қалалары  арқылы  Ертіс 

жағасына,  қимақтар  қағанының  сарайына  барып,  одан  әрі  асып,  Енисейдегі 

қырғыздар еліне тартатын болған. 

       Орталық  Қазақстанның  жақсы  зерттелген  қалаларының  бірі  Бұзоқ 



(Бұзұқ),  ол  Астана  қаласының  шетінде  орналасқан.  Қаланың  ХІ-ХІІ 

ғасырларда  қалыптасқандығын  және  ХІҤ  ғасырға  дейін  мҧнда  тіршілік 

жанданғандығын  қазба  жҧмыстары  кӛрсетіп  берді.  Қала  аумағынан  сыпасы 

бар жертӛле бӛлмелері аршылып, бекініс қҧрылыстары, ХІІІ-ХІҤ ғасырларға 

жататын бейіті зерттелген. Аршылған қабірлер арасында қару-жарақпен және 

мол әшекейлермен жерленген әйел адамдардың да қаңқасы кездеседі.  

        Іле 

алқабы  Орталық  Қазақстанмен  Шу-Іле  тауының  теріскей 

жоталарымен  жҥріп  Шуға  шығады  да,  сосын  оның  бойын  қуалап  барып, 



 

340 


Сарысу  ӛзені  жағалауына  шыққан.  Жолдың  ӛзге  бір  желісі  Теріскей-Іледегі 

Шеңгелді  маңынан  шығып,  Кӛктал  мен  Бояулы  керуен  сарайлар  арқылы 

Балқаш  ӛңіріне,  сосын  Іледен  тарайтын  Ортасуды  жиектеп,  сол  арадағы 

Ақтам  қала  жҧртының  орнын  басып,  кӛлдің  тҥскейінен  8  шақырым  бҧгаз 

арқылы  теріскейіне  шығады.  Керуендер  бҧғазды  кешіп  етіп,  Тоқырауын 

ӛзенінің  қҧярлығына  жуық  жерден  шығады  да,  оның  бойын  қуалап,  әрі 

Ҧлытау жоталарына қарай кетеді деп топшылауға болады. 

        Теріскей-Іле  жолының  бір  желісі  Алакӛлді  батыс  жағынан  айнала  ӛтіп, 

Тарбағатай  арқылы  Ертіске,  қимақтар  мемлекетінің  жеріне  жеткен. 

Тарбағатайда, Ертіс жағалауында қимақтың Банджар, Ханауш, Астур, Сисан 

секілді  қалалары  және  айналасы  бекіністі  қамалмен  қоршалған,  қақпалары 

темірмен  қҧрсалған  орасан  зор  қала  –  «қағандар  астанасы»  орналасқан  еді. 

Қимақтың  қалалары  сауда  жолдары  арқылы  Енисейдегі  қырғыз, 

Моңғолиядағы  ҧйғыр  қалаларымен,  Шығыс  Тҥркістанның  кӛгалды 

аймақтарымен байланысып отырған.  

       Батысқа  қарай  Еуропаға,  Қырым  мен  Кавказға  жҥрген  жолдар  Аралдың 

оңтҥстік және солтҥстік жағалаулары арқылы Жайық-Орал ӛзені бойындағы 

қалаларға жеткен. 

       Мҧндағы  ірі  қалалардың  бірі  Сарайшық  болған  еді.  Ол  Батыс  Қазақстан 

аумағындағы  ортағасырлық  қала.  Бҧл  қала  жӛнінде  ХІҤ  ғасыр  саяхатшысы 

Ибн  Батута  былай  деген  болатын:  «Сарайшық,  шық  деген  кішкантай.  Олар, 

бҧлайша,  оны  Кіші  Сарай  деген  мағынада  айтады.  Аталмыш  қала  суы  мол 

Ҧлысу  деп  аталатын  ӛзеннің  жағалауында,  оның  мәні  «ҧлы  су».  Онда  тура 

Бағдаттағыдай  қайықтан  жасалған  кӛпір  бар.  Бҧл  қалада  аттарымыз  арба 

сҥйреген саяхатымыз аяқталды...». 

       Осы  және  басқа  да  жазба  дереккӛздері  Азияның  ӛзіндік  бір  қақпасы 

болған  бҧл  қаланы  Ҧлы  Жібек  жолындағы  маңызды  орталық  ретінде 

сипаттайды. 

        Сарайшық  ҥйінділері  Атырау  қаласынан  50  км  жерде,  Орал  ӛзенінің 

жоғарғы  ағысында.  Әлі  кҥнге  дейін  ежелгі  қала  орнында  тҧрған  кент 

Сарайшық  деп  аталады.  Оның  аумағында,  Орал  ӛзенінің  жағалауында 

Сарайшық  қаласы  орналасқан.  Бірнеше  жылдан  бері  мҧнда  археологтар 

жҧмыс істеп жатыр.  

        Қала,  дереккӛздеріне  қарағанда,  1227-1254  жылдары  ел  билеген  Алтын 

Орда  ханы  Батудың  ӛкімі  бойынша  қалыптасқан.  Дәл  осы  қалада,  тарихи 

жазбаларға  қарағанда  моңғол  ханы  Берке  (1257-1266)  исламды  қабылдаған, 

бҧдан кейін ислам Алтын Орданың мемлекеттік діні бола бастаған. 

       Алайда  Сарайшық  одан  да  ерте  кезде,  яғни  Х-ХІІ  ғасырларда, 

моңғолдарға  дейін-ақ  қалыптасқан  деген  де  пікір  бар,  дегенмен  мҧны  тек 

археологиялық ізденістер ғана нақты шешетіндігі анық. 

       Сарайшықтың  ӛркендеуі  Алтын  Орда  тарихымен  тығыз  байланысты 

болған  еді.  Бҧл  кездегі  қалалар  аумағы  ҧлғайып,  жаңа  қалалар  қалыптасып 

жатты.  Олар  сауда  мен  қолӛнер  орталықтарына  айналады,  аумақтарында 

жаңа  архитектуралық  кешендер  бой  кӛтереді,  мешіттер,  кесенелер, 

моншалар,  керуен-сарайлар  тҧрғызылады.  Кӛптеген  қалаларда  монеталар 



 

341 


соғылды.  Сарайшықта  да  монета  шығаратын  сарай  жҧмыс  істеп  тҧрды.  Бҧл 

мекеме  қҧны  әркелкі  тҥрлі  мыс  монеталар  шығарды.  Бірінің  бетіне 

«Сарайшық  қаласында  соғылған»  деп  жазылды,  екінші  бетіне  гҥл  мен 

жыртқыш аң, бәлкім арыстан салынды. Сарайшықты қазған кезде шет жақтан 

әкелінген,  соның  ішінде  Алтын  Орда,  сондай-ақ  Хорезм,  Самарқанд,  Иран 

қалаларында жасалған монеталар ӛте кӛп ҧшырасқан. 

        Қаланың  дамуына  Сарайшықтың  исламды  таратудағы  идеологиялық 

орталық болуы да оң әсерін тигізді.  

       Мҧнда мҧсылман діни қайраткерлері мен уағызшыларының, Алтын Орда 

хандары  мен  ақсҥйектердің  пантеоны  (моласы)  болды.  Дәл  осы  жерге  1290-

1312  жылдары  Алтын  Орданы  билеген  Тоқты  хан  жерленген.  Оны  белгілі 

саяхатшы  Марко  Поло  «Батыс  патшасы»  деп  атаған  еді.  Кейіннен  мҧнда 

қазақ ханы Қасым да жерленді.  

       Қазба  барысында  Сарайшықтан  тҧрғын  махаллалар,  ҥйлер  аршылды. 

Олар шикі кірпішпен тҧрғызылған. Әрбір ҥйде екі-ҥш бӛлмеден болды, олар 

кан жҥйесі бойынша жылытылды.  

        Сарайшықтың  бай  ғимараттарынының  бірі  қазылған.  Ол  порталдан 

(кірер  бӛлігі),  оны  қоршап  тҧрған  бҧрыштарында  мҧнаралары  бар  дуалдан 

тҧрған. 

        Қаланы мекендеген қолӛнершілер сату ҥшін балық пен қҧс суреттері бар 

геометриялық,  ӛсімдік  бейнелі  ыдыстар;  алтыннан,  кҥмістен  дайындалған 

зергерлік бҧйымдар; тҥсті және бағалы тастар салынған сақина мен сырғалар; 

сҥйектен жасалған тарақ, тҥйме, ілгек-қаусырма, т.б. дайындады. 

        Сарайшық ӛркендеп тҧруды да, қҧлдырауды да басынан кешірді, ал ХҤІ 

ғасырда оған Дон казактары қарақшылық шапқыншылық жасады, сол кезден 

бастап  ол  қала  болуын  тоқтатты.  Дон  казактары  алтын  іздеп  молаларды  да 

ақтарып тастады. 

       Орал  ӛзені  бойында  тағы  бір  қаланың  қирандылары  анықталған.  Оны 

археологтар  тауып,  зерттеді.  Оған  Арал  маңындағы  жол  арқылы  керуендер 

келген. Бҧл қала шартты тҥрде Жайық деп аталған. 

       Қала  аумағы  алдын-ала  7-9  га  деп  анықталып  отыр.  Қаланың  қолдан 

соғылған дуалы бар. Оның бӛліктері, оры мен жалы сақталып қалған.  

       Қала  ҥстіндегі  екі  тӛбешікті  қазу  барысында,  олардың  қоныс-жай 

екендігі  анықталды.  Қҧрылыстары  шикі  кірпішпен  тҧрғызылған.  Тҧрғын-

жайлары кан жҥйесі бойынша жылытылған. Жҥйе сыпа астынан ӛткен. Қазба 

барысында  шаруашылық  шҧңқырлары,  қоқыс  тӛгетін  шҧңқыр,  ташнау 

(санитарлық-гигиеналық  қондырғы)  аршылған.  Ҥйлердің  жоспары  оның 

қҧрылысына  Хорезм  мен  сырдария  кӛгалды  аймақтарындағы  қала 

мәдениетінің  ықпалы  әсер  еткендігін  кӛрсетеді.  Жайық  қаласындағы 

ҥйлердің  қҧрылысы  ХІІІ-ХІV  ғасырлардағы  Ҥргеніш,  Отырар,  Тҥркістан 

баспаналарының  жоспарымен  сәйкес  келеді.  Ӛзгешеліктері  кейбір  интерьер 

бӛлшектері мен жылыту жҥйесінде ғана байқалады. 

       Мҧнда  ХІІІ-ХІV  ғасырларда  дамыған  қала  болғандығын,  осы  жерден 

табылған монша қалдықтары да растай тҥссе керек. 




 

342 


       Қаланы  қазған  кезде  ХІV  ғасыр  бірінш  жартысына  жататын  монеталар 

алынған.  Монеталар  мен  керамика  материалдары  қаланы  ХІІІ-ХІV 

ғасырлармен мерзімдеуге толық мҥмкіндік береді.  

       Қаладан  шығысқа  қарай  1,5  км  жерден  археологтар  қала  бейітін  тапқан. 

Онда бҧрын сәулетті кесенелер тҧрған. 

      Олардың  екеуі  қазылған.  Кесенелердің  архитектурасы  мен  жоспары 

ортаазиялық кешендерге  ҧқсас.  Бҧлар  екі  камералы  кірер  аузы  бар  кҥмбезді 

қҧрылыс.  Сыртқы  қабаттары  оймышталған.  Кҥйдірілген  кірпіштен 

тҧрғызылып,  глазурь  жағылған  плиталармен  сәнделген.  Кейбір  плиталарда 

жазулар  бар.  Олардың  біразы  алтынмен  жазылған.  Рельефті  ӛрнекпен 

кӛмкерілген  плиталар  да  кездеседі.  Бір  кесененің  еденіне  кҥйдірілген  алты 

бҧрышты  плитка  тӛселген.  Ӛкінішке  орай,  кесене  тонаушылар  тарапынан 

бҥлінген. 

        Қала  атауы  капитан  Антоний  Дженкинсонның  1562  жылы  қҧрастырған 

белгілі картасына тҥсірілуі де мҥмкін. Онда Сарайшықтан жоғарырақ Жайық 

ӛзенінің  оң  жағалауында  Шакафни  (Shakafni)  атты  қала  кӛрсетілген.  Бәлкім 

бҧл  ағылшын  транскрипциясында  бҧрмаланған  атау  шығар.  Бҧл  қаланың 

жергілікті  халқы  пайдаланған  Шаған  деген  атауы  болар,  осы  атау  әлі  кҥнге 

дейін сақталған. 

        Әзірге қаланың не себепті кҥйрегендігін нақты анықтау қиын, бәлкім ол 

1391 жылы Еділ бойына Әмір Темір жасаған жорықтан кейін қираған шығар, 

ӛйткені сол кезде Алтын Орданың барлық ірі қалалары қиратылған болатын. 

       Сӛйтіп,  Ҧлы  Жібек  жолы  ежелгі  замандар  мен  орта  ғасырларда 

Қазақстанның барлық аумағын қамтыды деуге болады.            

       Сауда мен тауарлар. Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге 

шығаруға  қызмет  еткен.  Сосын  реті  келген  кезде  Рим  мен  Византиядан, 

Ҥндістан  мен  Ираннан,  Араб  халифатынан,  кейінірек  Еуропа  мен  Русьтен 

осынау кҥре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен 

мҧсқат  жаңғағы,  жень-шень  мен  питонның  ӛті,  кілемдер  мен  маталар, 

бояулар  мен  минералдық шикізат,  гауһар  мен  яшма,  янтарь  мен  маржандар, 

піл  сҥйегі  мен  «балық  сояулары»,  қҧйма  кҥміс  пен  алтын,  ҧлпандар  мен 

теңгелер,  садақтар  мен  жебелер,  семсер  мен  сҥңгілер,  т.б.  кӛптеген  заттар 

әрлі-берлі  тасылып  жатқан.  Жібек  жолымен  саудаға  салу  ҥшін  Ферғананың 

атақты «тері қан боп шығатын» сәйгҥліктері мен араб арғымақтарын, тҥйелер 

мен  пілдерін,  мҥйізтҧмсықтар  мен  арыстандарды,  ілбіс  пен  жайранды, 

қаршығалар  мен  тауықтарды,  тоты  қҧстар  мен  тҥйеқҧстарды  алып  жҥрген. 

Жібек  жолы  арқылы  жҥзім,  шабдалы  мен  қауындар,  бҧрыш,  қалампырлар, 

қант,  кӛкӛніс  пен  жемістер,  әртҥрлі  кӛктер  әлемге  таратылған.  Дегенмен 

сауданың ең басты жібек болған. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта да 

болды,  оны  хандар  мен  елшілерге  тарту  еткен,  жалдамалы  әскерге  жалақы 

етіп  берген,  мемлекеттік  қарызды  сонымен  тӛлеген.  Керуен  жолымен 

тасылатын  жібек  пен  басқа  да  тауарлардың  бір  бӛлегі  қазақ  даласының 

қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар соның айқын айғағы. 

       Мәдениеттердің өзара ықпалы. Тауарларды, қолданбалы ӛнердің, сәулет 

ӛнері  мен  қабырға  суретінің  мәдени  ҥлгілері  мен  эталондарын  таратумен 



 

343 


бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен би ӛнері де, сахналық ойындар да 

кеңінен  таратылып  отырған.  Шетел  оркестрлері  сарай  қызметіндегі  кісілер 

қҧрамына  енгізілген.  Мәселен,  Сюань  Изунь  патша  30  мың  сазгер  ҧстаған. 

Тҥрік қағанының Суяб тӛңірегіндегі ордасында елшілерді қалай қабылдағаны 

жӛніндегі  сипаттама  сақталып  қалған.  «Қаған,  –  деп  жазады  сол  сияпатты 

кӛзімен кӛрген будда сопысы Сюань Цзянь, – шарап әкеліп, саз ойнауға әмір 

етті...  сосын  бір  ҥзілмей,  металл  сыңғырымен  сҥйемелденген  жатжерлік  саз 

әуезі тамылжып тӛгілді де тҧрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен, 

тыңдаушылардың  қҧлақ  қҧрышын  қандырып,  жаны  мен  ойын  жадыратып 

отырды».  

       Иран,  соғды  мен  тҥрік  актерлері  әлем  хореографиялық  мәдениетіне 

кӛптеген  жаналықтар  енгізеді.  Мәселен,  Константинопольде  Шығыс 

артистері жиі-жиі ӛнер кӛрсетіп тҧрады.  

       Жібек  жолы  бойынан  әртҥрлі  жердегі  ескерткіштерді  қазған  кездері 

мәдениеттердің дамуын және ӛзара бірін бірі байытуын дәлелдейтін кӛптеген 

материалдық  дәйектер  табылған:  бишілер  мен  биші  әйелдерді,  маскалы 

актерлерді,  тҥйе  ҥстіне  жайғасып  отырған  музыкалық  ансамбльдерді 

бейнелейтін  Тан  дәуірінің  терракота  топтамасы  –  осының  айғағы.  Мҧндағы 

кӛптеген  артистердің  бет  бейнесінен  Орта  Азия  халықтары  ӛкілдері  екені 

кӛрініп  тҧр.  Пенджикенттің,  Варахша  мен  Топырақ  қаланың  және  Шығыс 

Тҥркістанның  қалаларындағы  салтанат  залдарында  сақталып  қалған 

қабырғалардағы  суреттерде  сазшылар  мен  актерлер  бейнеленген.  Биші 

әйелдің  ағаштан  қашалған  таңғажайып  мҥсіні  Пенджикенттен  табылған. 

Сырдария  бойындағы  Кедер  қаласында  қазба  жҥргізген  кезде  X-XI 

ғасырлардағы  артистің  қыш  маскасы  кездескен.  Терракота  маскалар 

Қҧланнан да табылған. 

       Дін  соқпақтары.  Жібек  жолымен  діни  идеялар  да  кең  таратылып 

отырған,  ал  кейбір  миссионерлер  ӛз  дінін  тіпті  теңіздің  арғы  бетіндегі 

елдерге  барып  таратқан.  Зерттеушілердің  пікіріне  қарағанда,  Қытайға 

буддизм  Ҥндістаннан  Орта  Азия  мен  Қазақстан  арқылы  барған.  Бҧл  әрекет 

б.з.б.  I  ғасырда  басталған.  Шығыс  Тҥркістан  мен  Қытайға  будда  дінін 

таратуда  ортаазиялық  діндарлар  мен  миссионерлер,  әсіресе  соғдылар, 

парфяндар  мен  кангюйлер  кӛп  еңбек  сіңірген.  Б.з.  II-III  ғасырларында 

буддизм  белсенді  тҥрде  таратылған,  тегі,  бҧл  Кушан  империясының 

Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ҧқсайды. 

       Ерте  ортағасырларда  буддизмнің  негізгі  миссионерлері  қызметін 

соғдылар ӛз міндетіне алған. Будда дінін Орталық Азияда тарату ісінде солар 

маңызды  рӛл  атқарады.  Шығыс  Тҥркістандағы  тҥріктердің  будда 

мәтіндеріндегі  терминдерді  талдап  тексергенде,  олардың  соғдының 

кӛмегімен  алынғаны  анықталды.  Ҧлы  Жібек  жолы  ҥстіндегі  бірқатар 

қалалардан будда ескерткіштері табылды. 

       Жібек  жолы  бойымен,  Батыстан  Шығысқа  қарай  жылжып  отырып, 

буддизмнен  қалмай  христиан  діні  де  тараған.  V  ғасыр  бірінші  жартысында 

Шығыс  Рим  империясында  діндар  Несторий  ҥмбеттерінің  «дінсіз»  мазһабы 

пайда  болады.  Несторий  ізбасарларын  Мария  бике  қҧдайды  емес,  адамды 



 

344 


туды, Христос тек «қҧдайдың шапағатынан тҥскен», оның рухының иесі ғана 

деп ҥйретеді. Оның пікірі бойынша, Мария бикені тәңірия демей, Христосты 

туушы  деген  дҧрыс.  Атап  айтқанда  оның  осы  жаңалығы  қалың  кӛпті  әбігер 

етіп,  береке-қҧтын  қашырды.  Бҧл  325  жылы  Никей  соборында  қабылданған 

дін  бейнесіне  қарама-қайшы  келеді,  ол  қағида  бойынша,  Христос  бӛлуге 

болмайтын ипостастың – адамдық және қҧдайлық киелі қасиеттің иесі болып 

есептелетін,  сол  себепті  де  оның  қҧдай-әкемен  біртамырлас  екенін  жоққа 

шығаруды  ресми  шіркеу  барып  тҧрган  дінсіздік  деп  таниды.  Несторийдің 

ілімі  431  жылы  Эфес  соборында  айыпталып,  несториандар  рақымсыз 

қаталдықпен қудалана бастайды. Осындай қуғын-сҥргіннің салдарынан олар 

шарасыздықтан Иранға қашады.  

       VII-VIII  ғасырларда  несториандық  ағым  Оңтҥстік  Қазақстан  мен  Жетісу 

қалаларында  кеңінен  тарайды.  Кӛптеген  қалаларда  христиан  шіркеулері 

болады.  Жамҧқат  пен  Науакет  қалаларының  мазарларын  қазған  кезде 

олардан  кҥміс  және  қола  айқыштары  (крестері)  бар  христиандар  қойылғаны 

анықталды.  Қызылӛзек  қала-жҧртынан  нефрит  айқышының  кездейсоқ 

табылғаны  да  елге  мәлім.  Шымкент  музейінде  Тӛрткӛлтӛбе  қала-жҧртынан 

табылған, бҥйірінде христиандықтың белгісі – айқыш пен кӛгершін салынған 

келі  қойылған.  Таразды  қазған  кезде  VI-VIII  ғасырлар  қабатынан  сирия 

жазуымен «Петр мен Гавриил» деген жазуы бар қыш саптыаяқ кездесті. 

       Жетісуда 

христиан 

қауымының 

болғаны 


туралы 

деректі 


қҧлпытастардағы  сирия  жазуларынан  ғана  емес,  қыш  ыдыстардағы,  ҥлкен 

хумдардың мойындарындағы соғды жазуларынан да байқауға болады.  

       Жібек  жолымен  III  ғасырда  Иранда  пайда  болған  манихейлік  діні  де 

тараған, ол аз уақыт ішінде жеделдетіп Италиядан Кытайға дейін жайылады. 

Тҧтас  алғанда  ол  зороастризм  мен  христиан  дінінің  қорытылуынан  туған. 

Христиан  дінінен  ол  мессиандық  идеясын,  ал  зороастризмнен  –  жақсылық 

пен жамандықтың, жарық пен  қараңғының кҥресі идеясын алады. Соғдылар 

манихейлікті  таратуда  да  жетекші  рӛл  атқарады.  VIII-ғасырдың  бас  кезінде 

манихейлердің  жоғарғы  басшысының  Самарқандта  сарайы  болған. 

Манихейлік  дін  Орта  Азияда  ҧзақ  уақыт  бойы  ӛмір  сҥрген,  сонда  оның 

пантеонына,  терминологиясына,  тіпті  концепциясына  дейін  буддизм  қатты 

әсер еткен. 

        Манихей дінінің ӛкілдері Жетісу мен Оңтҥстік Казақстанда, ең алдымен 

отырықшы жҧрт арасында болған.  

       Ортағасырлардағы  Казақстан  қалалары  тҧрғындары  арасында  б.з.б.  VII-

VI ғасырларда ежелгі Иран аумағында туған (кейбір мамандар қола дәуірінде 

Қазақстан  аумағында  қалыптасқан  дейді)  зороастрлық  діннің  де  ӛкілдері 

болған. Оның әдет-ғҧрпы бойынша әлемнің тӛрт нәрсесі – су, от, жер мен ауа 

киелі  деп  қатты  қҧрметтеледі.  Зороастр  діні  ескерткіштерін  Орта  Азиядан, 

Соғдыдан,  Сырдария  қалалары  мен  Жетісудан  кездестіруге  болады.  Олар 

мҧнара секілді қҧрылыс қалдықтары, әдетте от мҧнараларына ҧқсайды. Олар 

Костӛбе мен Қызылӛзек қала-жҧртының топографиясында сақталған. Алайда 

Орта  Азия  мен  Қазақстанда  зороастрлықтың  қағидаға  айналған  ҥйреншікті 

тҥрі емес, айрықша тҥрі таралған. Ол жергілікті мәжусилік байырғы дін мен 




 

345 


отқа,  ата-бабалар  аруағына,  жануарларға  –  қойға,  ат  пен  тҥйеге 

табынушылықпен  сіңісіп,  бірге  ӛріліп  кеткен.  Осы  дінге  байланысты 

табылған  нәрселер:  мҥрдені  оссуарийлерге  –  қыш  жәшіктерге,  хумдарға 

салып жерлеу, ӛлікті жер бетіндегі бейіттерге — наустарға қою, сҥйекті ҥйіп 

жерлеу  сияқты  болып  келеді.  Зороастр  дініне  байланысты  кӛптеген 

табынудың  жосын-жоралғылары  Қазақстан  қалаларында  ислам  пайда 

болғаннан  кейін  де  сақталып  қалды.  Мысалы,  Тектҧрмас,  т.б. 

ескерткіштерден бҧл кӛрініс анық байқалады. 

      Дегенмен  Қазақстанда  бел  алған  ислам  бірте-бірте  христиан  дінін  де, 

будда  дінін  де,  зороастр  дінін  де,  жергілікті  тәңіріге  табынушылықты  да 

ығыстырып,  ысырып  тастады.  Жаңа  «хақ»  дін  Жібек  жолының  кӛптеген 

қалаларында біржолата орнықты.  

      VIII-IX  ғасырлар  оқиғаларын  баяндайтын  деректер  Оңтҥстік  Қазақстан 

халқының  жаппай  ислам  дініне  кіргенін  жазады.  840  жылы  Нҧқ  ибн  Асад 

Испиджабты бағындырады. 859 жылы оның інісі  Ахмед ибн Асад Шауғарға 

жорық жасайды. 766 жылдан бастап Жетісуға және Казақстанның оңтҥстігіне 

саяси  ӛктемдігін  жҥргізген  қарлҧқтар  мҧсылман  мәдениетінің  ықпалына 

ӛзгелерден  гӛрі  бҧрынырақ  тҥседі.  Олар  исламды  тіпті  Махди  халифтың 

(775-785)  кезінде  қабылдады  деген  де  пікір  бар.  Алайда  бҧл  пікір  олардың 

белгілі  бір  бӛлігі жӛнінде  ғана  болса  керек,  ӛйткені 853  жылы  Исмаил  ибн-

Ахмад Таразды алғанда «оның басты шіркеуін мешітке айналдырады». 

       X  ғасырдың  бас  кезінде  Қарахандар  әулетінің  негізін  салушы  Сатҧқ 

исламды  қабылдайды,  ал  оның  ҧлы  Бограхан  Харун  б.  Мҧса  960  жылы 

исламды  мемлекеттік  дін  деп  жариялайды.  Жаңа  дін  біртіндеп  кӛшпелілер 

арасына  да  тарайды.  XI-XIII  ғасырларда  ислам  дінінің  қыпшақтар  арасына 

таралғаны жӛнінде де мәліметтер бар. 

       IX  ғасыр  мен  XIII  ғасыр  бас  кезі  аралығындағы  ескерткіштерге 

археологиялық  қазбалар  жҥргізген  кездері  сол  аймақта  мҧсылмандардың 

калалық мәдениетінің қҧрылып, қалыптаса бастағанын байқалады. Тараз бен 

Меркеде  христиан  шіркеулері  мешіттерге  айналдырылады.  Исламды 

ҧстанатын  халық  саны  кӛбейген  сайын  қалаларда  ҥлкен  мешіттер  салына 

бастайды.  Сӛйтіп,  осы  кездерден  бастап  Оңтҥстік  Қазақстан  мен  Жетісу 

аймағында  ислам  мәдениеті  таралды.  Мҧны  ортағасырлық  қалалардан 

аршылған мешіттер мен медреселердің орындары да айғақтайды. 

      Исламды  тарату  заманы  кезінде  Орта  Азия  мен  Қазақстан  қалаларында 

пайда  болған  қҧрылыстар  қатарына  қоғамдық  моншалар  да  жатады.  IX-X 

ғасырлардың  екінші  жартысында  ӛлікті  жер  қазып  қабірге  қою,  шикі 

кірпіштен  мола  жасап  қою  ғҧрпы  ӛзгертіліп,  мәйіттің  басы  қҧбылаға 

қаратылып қойылатын болады. Қабірге әртҥрлі заттар қойылмайтын болады. 

Мҧсылмандардың  ең  ертедегі  қорымы  Отырар  кӛгалды  аймағында  IX-X 

ғасырларға  пайда  болған,  ал  Борана  қаласындағы  мҧсылмандық  қорым  X 

ғасырға жатады.  

 

 

 




 

346 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет