Бекініс қҧрылыстары. Ӛңірдегі ерте ортағасырлық қалалардың
қорғаныс қҧрылыстары әзірге аз зертелген, бірақ қазір оларда бекініс
кеңінен пайдаланылғанын қорытындылауға болады. Қала бекінісі қҧрамына
цитадель мен мҧнаралы қорғаныс қабырғалары (дуалдары) кірді.
Ерте орта ғасырлардағы қала қабырғаларының ішкі жағынан ататын
галереялар мен соғысатын орындары жоқ монолитті сазбалшық
қҧрылыстары болды, оны қабырға ҥстіндегі тісті жақтаумен жабылған
алаңқай алмастырды. Қҧйрықтӛбе цитаделіндегі бекініс қабарғасында
жҥргізілген зерттеулер іргетасқа қаланған қабырға пахса блоктарынан
қаланып, табанындағы ені 2,7 м болғандығын кӛрсетті. Оның бҧрыштарына
ішкі жағында шағын орындары бар жартылай дӛңгелендіріліп мҧнаралар
салынды.
Талас алабындағы Тараз қаласы биіктігі 15-20 метрге жететін кҥшті
дуалмен қоршалған еді. Оның қабырғасы малтатас қабатымен кезекпен
ӛрілген пахса блоктарынан тҧрғызылды.
Қаланы айналдыра қоршап тҧрған ҧзын дуалдар ленталы техникамен қам
кірпішті, малта тас пен ҧсақ тас қабаттарын пайдаланылып салынғаны
қиынды тҥсірген кезде белгілі болды. Дуал параметрі әр-қилы - ені 2-ден 5
метрге дейін, ал сақталған биіктігі 5 метрге дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |