Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қалалық  тҧрғын  ҥй  мен  демографиялық  сауалдар



Pdf көрінісі
бет87/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

       Қалалық  тҧрғын  ҥй  мен  демографиялық  сауалдар.      Алғаш  рет  кең 

ауқымдағы  қазба  жҧмыстары    нәтижесінде  Оңтҥстік  Қазақстанның  ерте  

ортағасырлық қалалық тҧрғын ҥйлері жӛнінде тҥсінік алынды. 

         VІ-VІІ  ғасырдың  бірінші    жартысына  ҥйлердің  екі    ҥлгісі  тән.  Бірінші 

ҥлгідегі  ҥй  –  бір  бӛлмелі,    тік  бҧрышты    жоспармен  салынған.  Осындай 

кӛлемі 43 шаршы метр болатын ҥйлердің бірінде  ҧзындығы 4 метрлік  иілген 

дәліз  бар. Кіреберісі тамбур пішіндес.  Батыс және солтҥстік қабырғаларын 

бойлай    ортасына  қарай  шығыңқы  келген    сӛрелі    сәкілер  орнатылған.  

Сәкілердің  ені  1  м,  шығыңқы  жері  –  1,2  м,    биіктігі  40-45  см.  Кіреберістің 

қарсы  алдынан    ортаға  ернеулері    балшықпен  сыланған    кӛлемі  1х1,5  м 

болатын тік бҧрышты жерошақ қазылған. Кіреберістің қарсы алдынан ортаға 

ернеулері  балшықпен сыланған кӛлемі 1х1,5 болатын тік бҧрышты жерошақ 

қазалған.  Кіреберістің қарсы алдынан ортаға ернеулері балшықпен сыланған  

кӛлемі  0,2х0,2  м  болатын  екі  камин  (қабырғадағы  ошақ)  орналасқан. 

Оңтҥстік-шығыс  бҧрышы  саз  қалқаман  бӛлінген,    бҧл  шаруашылық  бӛлімі,  



 

353 


ӛзінше  бір    алаң.  Жайдың  еденінен  тік  бҧрышты  тӛрт  шҧңқыр  –  тіреуіш 

бағаналардың  орны  тазартылды.  Тӛбесінен,  сірә,  жарық  тҥсетін  әрі    тҥтін 

шығатын  тесік  жасалған  болса  керек.  Сонымен  бірге  тҥтін  есіктен  де 

шыққан,  сондықтан да ошақ пен каминдер есікке жақын тҧр. 

Ҥйлерде  диірмендерге  арналған  тумба тәрізді тҧғырлар бар. Хумдар, азық-

тҥліктің ӛнімдерін сақтауға арналған ыдыстар  бҧрышта, сыпада орналасады. 

Кҥйдірілген  саз  балшақтан    жасалынған    бӛшке  тәрізді  және  астау  секілді  

ыдыстар да  дақылдарды сақтау ҥшін пайдаланылды. 

      Жекелеген  ҥйлердің  аумағы  ӛзгеріп  отырды.  Ең    ҥлкен  ҥйлер  –  35-45 

шаршы  м,  ал  аса  ҥлкен    еместер  –  12-20  шаршы    м  аралығында.  Ҥлкен 

ҥйлерде  шатыр    тӛрт  жерінен  тірелді,  ал    орташа  деңгейдегі    ҥйлерде  бір 

ағашқа  немесе    қиюластырылған    екі  бӛрене  бір  бағана-тіреуге  бекітілді. 

Шағын ҥйлердің шатырлары тек қана қабырғаға бекітіліп тҧрды. 

     Екінші ҥлгідегі ҥйлерге екі бӛлмелі ҥйлер жатады. Екінші бӛлме – қойма – 

бастапқы  бӛлмеден мықты қабырға арқылы бӛлінген. 

      Оңтҥстік-Батыс  Жетісудың    ерте  ортағасырлық    қала  ҥйлері    жеткілікті 

дәрежеде зерттелмеген. Ол туралы  Қызылӛзен, Луговое, т.б.  ескерткіштерде  

қала сыртындағы ҤІІ-ҤІІІ ғасырларға жататын жҧмыстар тҥсінік бере алады. 

    Замоктардың    тҧрғын  бӛлмелері  ашық  ҥлгідегі  ошақтармен  жылытылды. 

Сондай-ақ, қабырғалық және сына шетіндегі ошақтар да  кездеседі. 

    Орта Азия  мен Қазақстанның ежелгі және орта  ғасырлардағы  тҧрғындар 

санының    ӛсуін  анықтау  нақты  сандық  мәліметтер  жоқтығынан  едәуір 

қиындықтар  туғызады.    Жазба  дерек    кӛздеріндегі    тҧрғындар  саны    ӛте 

мардымсыз,  мҧндай мағлҧмат бола қалғанның ӛзінде  кӛбіне ақиқатқа қайшы 

келеді.  Сәл  де  болса    нақты  ақпараттар  археологиялық  мағлҧматтарға 

негізделеді.  

     Демографиялық ахуалды  анықтау  әдісі әлі де  жетіле қойған жоқ,  бірақ 

демографиялық  қаламалар  ескерткіш  алаңын  толығымен  тазалауы  

ҧлғайғанда,    оның  махаллалық  қҧрылыстары    мен    баспаналар  сипатына 

қарап  есептегенде сәл де болса шындыққа жақындай тҥседі. 

      Орталық тӛбе сыртындағы  тҧрғындарды есептегенде  Кӛкмарданда 1625-

1950 адам ӛмір сҥргендігі айқындалған.  Бір гектар жердегі халық тығыздығы 

560-650    адамды  қҧрады.  Салыстыра  айта  кетсек,  ортағасырлық 

Пенджикентте  230    адам  тҧрды.    Мҧндай  жағдайды  тек    қаладағы  тҧрмыс-

тіршілік    салтымен  тҥсіндіруге    болады.  Қала  тҧрғындары  жаздыгҥні    қала 

сыртына,  бау-бақшаға,  жайылымға  кӛшті.    Оңтҥстік  Қазақстан  қалаларына 

тән    бҧл  ӛзгешелік    соңғы  уақыттарға  дейін  сақталды.  Баспана  мен 

демографиялық  қаламалар    сипатына  қатысты    жҥргізілген  археологиялық 

зерттеулер,    жекелей  алғанда    бір  гектардағы    қҧрылыстардың  тығыздығы  

Оңтҥстік Қазақстан халқында  аталған тҧрмыс-тіршілік салты  кем дегенде ҤІ 

ғасырдан бастап  таралғандығын айғақтайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет