Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қала  махалласы  және  тҧрғын  ҥй



Pdf көрінісі
бет84/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

     Қала  махалласы  және  тҧрғын  ҥй.      Қалалардың  шахристандары 

махаллаларға  топтастырылып,  ҥйлер  тығыз  салынған.  Қалалардың 

махаллаларға    бӛлінуі  феодалдық  қоғам  ҥшін    заңды  кӛрініс  болатын.  Ол 

туыстық  дәнекерлікпен,  ортақ  кәсіппен,  діни  кӛзқарастармен  топтасқан 

адамдардың  сол  қоғамға  тән  топ  болып  тҧйықталуымен  байланысты  болған 

еді.  



 

351 


       Оңтҥстік  Қазақстан  қалаларының  жҧртына  кеңінен  жҥргізілген    қазба  

жҧмыстары жеке  махаллаларды, олардың шекараларын бӛліп кӛрсетуге және  

мынадай  анықтама  ҧсынуға    мҥмкіндік  берді:  «махалла  дегеніміз  қала 

қҧрылысының  ішіндегі  кӛшелер  немесе  ҥлкен  кӛшенің  бір  бӛлігін 

біріктіретін  бірнеше  ҥйлерден тҧратын шағын алабы. Махалланың сыртқы 

беті    жабық  болады,  кӛрші  махаллалармен    шекарасы    барлық    ҥйлердің 

сыртқы    қабырғалары  мен    шеткі  ҥйлердің  бҥйірдегі  қабырғаларын  бойлай 

ӛтеді» /32/ 

      VІ-VІІ ғасырдың бірінші жартысындағы махаллалар Отырар алқабындағы 

Кӛк-Мардан қаласының жҧртын қазған кезде аршылды. Ҥйлердің  ҥш  тобын 

махаллалар  деп  санауға    болады.  Олардың  әрқайсысы    ҥлкен  «солтҥстік» 

кӛшеден  тарап,  бекініс  дуалына  барып  тірелетін    тҧйық  кӛшемен  біріккен. 

Тҧйық кӛшелердің ҧзындығы  - 15, 12, 10 м, махаллалардың кӛлемі – 370, 350 

және  300  шаршы  метр.  «А»  махалласында    бес  ҥй  бар,  біреуі  діни  ҥй,  «Б» 

және «В» махаллаларының әрқайсысы  4 ҥйден тҧрады. 

      Әзірге  жекелеген  махаллалар  тҧрғындарының  қоғамдық  жағдайы  

жӛнінде    пайымдау  жасауға    қолдағы    мәліметтер  жеткіліксіз,  тек  қазба  

жҥргізілген    махаллаларға    әлеуметтік  теңдік  тән  екендігін  айта  кетуге 

болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет