Қала бекіністері. Жазбаша деректемелердің мәлімдеуіне қарағанда,
моңғолдар қаланы басып алған соң, бірінші кезекте оның бекінісін қиратып
отырған. Отырардың дуалдары мен қамалының толық тасталқан етілгені
анықталды, Сығанақ пен Ашнастың да тағдыры осындай болған. Моңғолдар
қалалардың бекініс ретінде қайта ӛрлеуіне кедергі жасады. Марко Поло
былай деп жазған: моңғолдар кезінде «әскердің кіруіне кедергі жасай
алмауы ҥшін қалалардың дуалдары мен қақпалары болуына рҧқсат
етілмеген. Осылайша ауыздықталған халықтар тынышталады және теріс
мінез кӛрсетпейді». Сондықтан қалалар кейіннен біртіндеп қана дуалдармен
қоршала бастады.
Отырарда қаланың жаңа дуалы ХІІІ ғасырдың аяғы мен – ХІV ғасырдың
басында ғана салынды. Дуал тҥбінің ені 4,8 м, сыртындағы сақталған биіктігі
2 м, ішкі жағынан - 3,2 м. Қабырғаларының жалпы биіктігі 2 м-ден 3,5 м-ге
дейін ӛзгеріп отырады. Дуалдың 400 метрге жуық тазартылған сыртқы
кӛрінісі - қала жҧртының бірде тӛбесіне кӛтеріліп, бірде тӛменге қарай
иретіле тҥскен сызық болып табылады. Оңтҥстік-батыс және оңтҥстік-шығыс
бҧрыштарында шығыңқы сипаттағы мықты жартылай шеңбер тҥріндегі
мҧнаралар болған. Дуалдың тҥбінен брустверіне дейінгі ең жоғарғы биіктігі
– 6,1 м. Ол ІХ-ХІ ғасырлардағы дуал блоктары мен тӛселген кҥл-қоқыс
қабатына негізделген. Отырардың айналасындағы дуалдың тҧрғызылған
уақытын, тегінде, Жошы және Шағатай ҧрпақтарының арасында ХІІІ
ғасырдың аяғында Сырдария қалалары ҥшін кҥрестің кҥшеюі кезеңімен
байланыстырған жӛн. Қалаларға бекініп алған Шағатай ҧрпақтарының
оларды қорғауды ойластырғаны сӛзсіз және Отырармен, тегінде, басқа
қалалардың да дуалдарын салуды нақ осында Шағатай ҧрпақтарының
орнығуымен байланыстыруға болады деген ой келеді. Уақыт жағынан бҧл
қаланың экономикалық ӛрлеу кезеңіне де сәйкес келеді.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысы - ХІV ғасырдың бірінші жартысында
қалалық тҧрғын ҥйдің жаңа ҥлгілері пайда болады. Біріншісіне бір
орталыққа орналасқан шағын ауласы бар екі немесе ҥш камералы ҥйлер
жатады. Ҥйлердің екінші ҥлгісіне қиылысатын орталыққа орналасқан тӛрт
жайдан тҧратын тҧғын ҥй жатады. Бҧл крест (айқыш) тәрізді немесе тӛрт
бӛлікті схема, онда ҥй шаршы сияқты жоспарлы болады, ал қоймалар
370
ауланың немесе тандыры бар тҧрғын бӛлменің сол және оң жақтарына
орналасқан. Ҥшінші ҥлгісіне екі немесе одан да кӛп бӛліктері бар ҥйлер
жатады. Ҥйдің әр бӛлігі екі немесе ҥш жайдан тҧрады, олардың біреуі
міндетті тҥрде тҧрғын жай болады.
Тҧрғын ҥйлер интерьерінде елеулі ӛзгерістер байқалады. Қабырғаларды
жағалатып «г» немесе «п» тәрізді етіп салынған енсіз сыпалардың
(сәкілердің) орнына бӛлменің кӛп бӛлігін алып тҧраты сыпалар келеді.
Тандыр алдындағы әдетте кірпіш тӛселетін шағын алаңша еден деңгейін
анықтайды. Бӛлменің ортасында сыпаның шетінде сыланған кеспелтек
ағаштың, бӛрененің, кірпіш тағанның, тас тҧғырдың болуы ҥй тӛбесінің
бӛлме ортасында тҧрған бір ағаш діңгекпен тіреліп қойылғанын кӛрсетеді.
Оның алдындағы уақытта таралған тӛрт тіреуішпен жабу жойылады.
Тандыр әмбебап ошақ міндетін атқарады. Ол жылыту қҧралы және тамақ
дайындап, нан пісіруге арналған ошақ болды.
Оларға сыпадан қабырғаға дейін жалғасқан тҥтін жҥретін мҧржа – «кан»
салынды.
Сонымен, ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысында қалалық тҧрғын ҥйдің
жаңа ҥлгілері қалыптасатынын олардың анфиладалық және крест (айқыш)
тҥрінде жоспарланған екеуінің алдыңғы уақытта ҧқсас ҥлгілері болғанын
атап ӛту керек. ХІ ғасырдың екінші жартысында тҧрғын ҥйдің осы екі
ҥлгісінің пайда болуы қалада отырықшыға айналған тҥрік этносымен
байланыстырылғанына назар аударған жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: |