ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы қала мәдениеті
Қалалар санының азаюы, Жетісуда қала мәдениетінің кҥйреуі. ХІІІ-
ХV ғасыр бірінші жартысында Оңтҥстік Қазақстандағы қалалар саны 22-ге
дейін, ХІV ғасыр екінші жартысы мен ХҤ ғасыр бірінші жартысында 16-ға
дейін қысқарды. ХІІІ ғасырда Талас Алатауының беткейіндегі қалалар
қаңырап қалды, тек Сайрамда ғана адамдар тіршілік етіп жатты. Арыстың
орта ағысындағы Кенжемен салғасытырылатын Шортӛбе қаласында, Отырар
оазисіндегі – Отырар, Қҧйрықтӛбе, бҧрынғы Бҧзық пен Весидж аталған
Шілік пен Зернук қалаларында да адамдар ӛмір сҥрді.
Сырдарияның орта ағысындағы ауданда жағдай біршама жақсы еді.
Мҧнда оазистің жаңа орталығы Ясы ӛркендеп, бҧрынғы астана Шауғар
қҧлдырай бастайды. Жаңа жерге кӛшірілген Қарашық, сондай-ақ Қарнақ,
Шаға, Иқан қалаларында да адамдар ӛмір сҥріп жатты. Сауран қаласы да ӛз
орнын алмастырады, оған қазір дәл осылай аталатын қалажҧрты сәйкес
келеді. Сырдарияның сол жағалауындағы Артық-ата қаласы қаңырап
қалғанымен, қасынан жаңа қала Бҧзоқ бой кӛтереді, ал Шашпен шекарадағы
Сҥткентте адамдар әлі де ӛмір сҥріп жатады. Шапқыншылыққа қарамастан
Сығанақ пен Ашнас қалаларында ӛмір қайтадан жалғасын табады, осы кезде
Ҥзгент пен Баршынкент тіршілігімен белгілі болса, ал Аққорған қаласы
алқапқа кеңінен танымал бола бастайды.
Қаратаудың солтҥстік беткейіндегі қалалар жақсы жағдайда болды.
Паркент (Берукет), Соғылкент, Қҧмкент, Ҧрсоған, Созақ қалалары дерек
кӛздері бойынша да жақсы танымал.
Жалпы алғанда ХІҤ ғасыр ортасындағы Оңтҥстік Қазақстан қалалары
белгілі дереккӛздері бойынша тӛртке (бірқатар атаулар дереккӛздері бетінде
аталмайды, бірақ бірнеше жаңа атаулар пайда болады), ал ХҤ ғасыр
ортасына қарай қалалар саны толыққанды суреттелінеді, олар екі есе
қысқарған болатын.
Қалалардың саны ғана емес, осының алдында олар алып жатқан аумақ та
қысқарады. ХІІІ-ХV ғасыр бірінші жартысындағы қалалар ауқымын дәл
анықтау мҥмкін емес, себебі бҧл уақыттағы мәдени қабаттар кейінгі
қатпарлармен жабылып қалған, бірақ кӛрсетілген уақытқа дейін ӛмір сҥрген
қалалардан мҧндай мәліметтер алынған. Мәселен, Қҧйрықтӛбе 30-дан 8 га-ға,
Бҧзық-Шілік 17,7 га-дан 12,7 га-ға, Қҧмкент 11,3 га-дан 23,5 га-ға, Баба-Ата
20 га-дан 12,6 га-ға кішірейген. Қарашық кӛлемі екі есеге азайды. Сҥткент
ауданы да қысқара тҥседі.
368
Бірақ
Масудбектің
реформасынан
кейін
ақшамен
саудаласу
ӛркендегендігі, Отырар, Кенжеде, Сайрам, Сығанақ қалаларының гҥлдене
бастағанын айғақтайтын фактілер де бар. Археологиялық мәліметтер
бойынша Отырар ХІІІ ғасыр соңында моңғолдарға дейінгі кезеңдегі
бҧрынғы аумағының шегіне жеткен. Бҧрынғы шекарасына Сығанақ та
жетеді, жаңа Сауран аумағы 44 га жерді қҧрайды. Сӛйтіп, қалалық тҧрмыс-
салттың жалпы қҧлдырауына қарамастан, ірі қалалар қайтадан қалпына келіп
қана қоймай, ірі саяси (Сығанақ, Сауран) және сауда-экономикалық (Отырар,
Кеңжиде) орталықтарға айналды.
Оңтҥстік-Батыс Жетісуда қалалық мәдениет ҥшін ауыр жағдай
қалыптасқандығын жазба дерек кӛздері мен археологиялық материалдар
айғақтап отыр. ХІІІ ғасырда мҧнда шапқыншылық қарсаңындағы белгілі 27
қаланың 10-ы ғана, ХІV ғасырда 7-уі, ал ХV ғ. бас кезінде 5-уі қалды.
Қалашықтар саны 40-тан 14-ке, кейін 10-нан 4-ке дейін азайды.
Қалалық ӛмірдің жалпылама аясында Тараз бен Жаңа-Талас (Янги-Талас)
қалаларынан аздап ӛркендеу байқалды. Тараздағы мәнет сарайы Жаңа (Янги)
мәнетін қарқынды тҥрде шығара бастайды.
ХІІІ ғасыр бірінші жартысы Солтҥстік-Шығыс Жетісу қалалары ҥшін
біршама жайлы болды. ХІІІ ғасыр ортасындағы дереккӛздерінде тӛрт қала
мен бір қоныс аталады. Бҧл уақыттарда дерек кӛздерінде Тальхиз (Талхир)
мен Лабан аталмайды. Рубрук мәліметі бойынша Лепсі қаласымен
салғастырылатын «Несториандық қоныс» пен Кӛктума қаласымен
сәйкестендірілетін «Облыс орталығы» белгілі болған. Гайтон 1 жолында
Ҥшарал қалашығымен салғастырылатын Иланбалық қаласы аталған.
Сегіз қаладан ХІІІ ғасырға жататын мәдени қабат анықталғанымен,
олардың тек ҥшеуінде ғана ХІV ғасыр бас кезіне дейін тіршілік жалғасын
тапқан-ды.
Сонымен, ең алдымен археологиялық материалдарға сҥйеніп, ХІV ғ. бас
кезінде Солтҥстік-Шығыс Жетісудағы қалалық мәдениет кҥйреген деуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |