Қорыту
кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады.
Біріншіден, әр
оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түр-
де орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі,Үшіншіден,
зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жи-
нақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндай-
ды.
Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер
жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылардың әрекет-
тері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақ-
тарында кеңінен пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен
эффекторларының белсенді іскерлігімен, сонымен қатар олардың жалпы
жұмыс белсенділігінің дамуына байланысты.
Тәжірибелік әдістердің тапсырмаларын
орындаудың оқыту-тәрбие-
леу қатынасында маңызы зор. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушы-
лар бұрын алған білімдерін қолданады. Сол кезде оқушылардың ойлары
механикалық емес, білімге негізделе дамиды. Дәл осы жағдайда тәжіри-
белік әдістер білімнің қайнар көзі болады. Алайда бұл әдістерді қолдану
оқытушыдан ойластырылып ұйымдастырылған сабақты талап етеді.
Себебі, оқушылардың жұмысына жетекшілік ету өте ауыр.
Тәжірибелік әдістердің түрлеріне жататындар:
-
табиғи объектілерді тану және анықтау жұмыстары;
-
құбылыстарды байқау және тіркеу;
-
тәжірибені өткізу (сұрақты тәжірибе арқылы шешу).
Осылайша біз тәжірибенің оқыту әдісіндегі орнын анықтадық.
Тәжірибе эксперимент жасанды түрде жасалынған жағдайда, ал
денеге әртүрлі табиғат әсерлері кешенді кешенінен,
белгілі бір
оқшауланған факторлардың әсері анықталды.
Тәжірибе көп жағдайда физиологиялық процестерді зерттеу үшін
өткізіледі. Тәжірибе ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді
тәжірибелерге мысал ретінде ботаника сабақта-
рында жүргізілетін тұқымның құрамын анықтау, топырақтың физикалық
қасиеті, жапырақта крахмалдың түзілуі және т.б. жатады. Қарапайым же-
ңіл тәжірибелерді оқушылар үйде орындайды.
Оларға тұқымның өнуі,
жапырақтан судың булануы жатады. Адам физиологиясы курсындағы
қысқа мерзімді тәжірибелерге сілекейдің және асқазан сөлінің бөлінуін
атап кетуге болады. Биологиялық тәжірибелер ұзақ мерзімді талап етеді,
сондықтан сабақта оны толығымен орындамайды, тек оның қойылуы мен
қорытындысын көрсетеді.
Жалпы биология бойынша әртүрлі экологиялық факторлардың ағза-
ларға әсерін анықтау үшін, жануарларды будандастыру үшін
ұзақ мер-
зімді тәжірибелер
қойылады (лабораториялық тышқандар, алтынтүстес
хомяктар, көгершіндер).
Тәжірибелік жұмыстарды оқушылар сабақтан тыс (жеке немесе
топтасып) тірі табиғат бұрышында немесе
мектептің оқу-тәжірибелік
участкесінде өткізеді.
Тәжірибенің көпшілік алуан түрі оқу-тәжірибелік учаскеде өтеді.
Олар негізінен ұзақ болады және барлық вегетациялық кезеңді алады,
яғни бүкіл жаз бойы.
Оқушылар алдына тәжірибенің және бақылаудың қорытындыларын
салыстыру арқылы сұрақтар және тапсырмалар қойылады (тәжірибелік
және бақылаулық өсімдіктер немесе жануарлар бірдей жағдайға қойыла-
ды, тек сынаққа алынған біреуінен басқасы). Тәжірибе кезінде бақылау-
ларды нақты өлшеу арқылы өткізеді. Әсіресе, бақылаулардың және тә-
жірибелердің қорытындыларын арнайы кестелерге
дұрыс тіркеудің ма-
ңызы зор. Себебі, бұл кестелер тәжірибелік және бақылаулық өсімдіктер-
дің дамуы мен өнімділігінің көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Тәжірибелерді қою оқушыларды ойының тәртіптілігіне, нақтылыққа, мә-
дениеттілікке, зерттеулердегі сенімділік пен шынайылыққа үйрету керек.
Оқушылар тәжірибе қоюға үйде және тірі табиғат бұрышында қара-
пайым тәжірибелер қоюдан үйренеді. Сол арқылы мектеп оқу-тәжіри-
бесіндегі күрделі де, ұзақ тәжірибелерге дайындалады.
Жануарларға қойылған ұзақ мерзімді
тәжірибелер мен бақылаулар
олардың қылықтарына байланысты. Омыртқалылардың шартты реф-
лекстеріне жүргізілген бақылаулары алуан түрлі. Бұл жұмыстарды да
сабақтан тыс өткізсе, қорытындыларын сабақта қолданады.
Әр тәжірибелік әдістер (анықтау және тану жұмыстары, бақылау
жүргізу, құбылыстарды тіркеу, тәжірибе қою) бірнеше сатылардан өтеді.
Тәжірибелік жұмыстардың сатылары:
1. Жұмыстың
мақсатын айқындайтын сұрақ;
2. Техникалық және ұйымдастырушылық нұсқау;
3. Жұмыстың орындалуы (анықталуы, бақылау, тәжірибе қою);
4. Нәтижелерді тіркеу (жұмыстың орындалуымен қатар жүреді);
5. Қойылған сұраққа жауап беретін қорытындылар;
6. Сабақта өз жұмысының нәтижесі жөнінде хабарлау немесе есеп
беру.
Оқушылардың іс-тәжірибелік жұмыстары белгілі жағдайда деректер-
мен расталса мазмұнына қарай дедуктивті құрылуы мүмкін немесе жал-
пы пікір ретінде қорытынды жасалса, яғни индуктивті құрылуы мүмкін.
Өсімдіктер мен жануарларды және олардың мүшелерін тану дедуктивті
құрылады. Тәжірибе - әрқашанда индуктивті; анықтау және бақылау бой-
ынша жұмыстар келесі тіркеумен индуктивті және дедуктивті болуы
мүмкін.
Тәжірибеде кез-келген әдістер тәсілдермен оқыту арқылы жүзеге
асады. Әдістемелік тәсілдер-оқыту үрдісіндегі мұғалім мен оқушылардың
бөлек әрекеттерін көрсететін әдістердің элементтері.
Олар логикалық,
ұйымдастырылған және техникалық сипатта болуы мүмкін. Әрбір тәжіри-
белік жұмыстардың түрлерінде алдын-ала зерттеу жұмыстары мен тәжі-
рибелік және бекітуші түсініктерді ажырта білу керек.
Біріншісі оқушыларға сұрақты меңгергенге дейін беріледі. Оқушылар
жұмыс барысын қойылған тапсырмалар арқылы орындайды. Жұмыстың
қорытындылары сабақта көрсетіліп, талқыланады.
Екіншілері сұрақты меңгергеннен жүргізіледі және оқушылар теория-
лық білімдерін тәжірибеде қолданады.
Дұрыс өткізілген тәжірибелік жұмыстар оқушылардан логикалық тал-
дауларды жасауды талап етеді: ұқсастық пен айырмашылықты көрсету,
классификация, қорытынды, ойшақорытындылау. Тәжірибелік жұмыстар
оқушылардың ойлары мен дағдыларын тек жұмысты дұрыс жоспарлап,
оны өткізгенде ғана дамыта алады. Сондықтан оқушыларды уақыт өте
келе
қысқа мерзімдіден ұзағыраққа, техникалық бойынша жеңілдеуінен
және ұйымдастырушылық жағынан күрделілігіне және ұзағырағына үйре-
ту керек.