Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Экономикалық категориялар



Pdf көрінісі
бет10/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Экономикалық категориялар
 

қоғам өмірінің нақты жағдайларын 
теориялық тұрғыда сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, 
ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар жəне т.б. 
Денсаулық сақтау саласының экономикасы

Денсаулық сақтау экономикасы

денсаулық сақтау жүйесінің қоғамдағы 
орны мен мəнін, денсаулық сақтаудың өндіріске əсерін, сонымен қатар 
денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану мəселелерін зерттейтін салалық 
экономикалық ғылым. Қоғамның экономикалық құрылымында жұмысшы күші 
басты фактор ретінде қарастырылады. 
Денсаулық сақтау саласының экономикасының негізгі мақсаты

медициналық көмек көрсетуде жұмсалған қаржыға сай ең жоғарғы тиімділікке 
жеткізу болып табылады. 
Денсаулық сақтау саласының экономикасының зерттейтін мəселелер басқа 
салалармен байланысты, сондықтан «салалық» экономика жəне «нақты» салалық 
экономика болып бөлінеді.
Жалпы денсаулық саласының экономикасы

денсаулық сақтау жүйесін 
толық халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесін, ал нақты денсаулық 
сақтау саласының экономикасы

халық денсаулығын қорғауды жақсартуға 
бағытталған барлық қорларды тиімді пайдалануды зерттейді.
Нақты экономикалық мəселелерді шешу денсаулық сақтау саласында 
жұмыс істейтін қызметкерлердің кəсіби міндеттерін орындауда еңбектің 
тиімділігін жоғарлатудың қажеттілігін айқындайды.
Денсаулық сақтау саласының экономикасының ғылыми практикалық 
маңызын талдағанда, оның мынадай негізгі бағыттарын бөлу керек:
-
денсаулық сақтау саласының экономикасының саладан тыс тиімділігін 
дəлелдеу (медициналық көмек көрсетуге шыққан шығынның халық 
шаруашылығын нығайтудағы тиімділігі);
-
денсаулық сақтау саласының қорларын пайдаланудың салалық 
тиімділігін талдау;
-
денсаулық сақтау саласында еңбек етудің нормативтілігінің теориялық 
жəне практикалық мəселелерін анықтау;


~20~ 
-
халықтың емдеу сауықтыру жөніндегі қызмет көрсету қажеттілігі 
қанағаттандырудың мүмкіншілігін экономикалық жағынан дəлелдеу;
-
денсаулық сақтау саласын басқаруды жетілдірудің шаруашылық 
ізденістері;
-
денсаулық сақтау саласы басшыларының құқықтарын кеңейтуге 
байланысты салалық қаржыландыру мəселелерін жетілдіру;
-
денсаулық сақтау саласында экономикалық тəжірибе ретінде 
инновациялық жаңалықтарды
енгізу.
 
Денсаулық сақтау саласының ғылыми практикалық жұмыстары мынадай 
мəселелерге арналған:
-
халық денсаулығын сақтау көрсеткіштерінің өзгеруінің нақты 
өнеркісіп өнімінің көлеміне əсері (мысалы, кейбір ауруларды жоюдың 
экономикалық тиімділігі);
-
ауруды
алдын алу жұмыстарын жүргізудің экономикалық тиімділігі, 
халықтың медициналық көмекке сұранысы жəне оны қанағаттандыру деңгейі 
(экономикалық жəне əлеуметтік маңыздылық);
-
еңбек шығының
(дəрігерге, т.б. қажеттілікті) есептеп денсаулық сақтау 
саласында жұмыс істейтіндердің санын белгілеп, олардың мамандық бойынша 
бөлінуін жəне деңгейін қадағалау, экономикалық талаптарға сəйкес дəрігерлерді 
дайындау жəне білімін жетілдіру;
-
денсаулық сақтау саласы жұмысының жағдайларын қамтамасыз ету 
үшін керекті қаражаттың көлемін белгілеу;
-
халыққа медициналық қызметті қол жетімді ету, медициналық 
мекемелерді тұрғындардың санына
сай жəне əлеуметтік, демографиялық 
жағдайларына байланысты орналастыру, медициналық көмектің ең тиімді 
түрлерін таңдау (үйде емделу, аурухана мен емхана жұмысын үйлестіру)
медициналық мекемелердің құрамын мамандыққа сəйкес белгілеу, медициналық 
көмектің ең тиімді түрлерін табу;
-
емдеу сауықтыру мекемелерін қамтамасыз ету жəне пайдалану;
-
емдеу жəне ауруды анықтаудың кейбір түрлерінің төлемін бекіту;
-
денсаулық сақтау саласының өзіндік қорлары жəне оларды пайдалану

Алайда, медициналық көмек көрсеткенде экономикалық тиімділікті 
бірінші орынға қоюға болмайды, себебі нəтиже бірден білінбейді, сондықтан 
денсаулық сақтау саласының ең жоғарғы тиімділігі деп

əлеуметтік нəтижені 
есептеу керек, ал ол халықтың денсаулыққа қажеттілігін қанағаттандыру 
деңгейін айқындайды. 
Медициналық қызметтің деңгейін бағалау, медициналық мекемелердің 
жəне мамандардың жұмысына экономикалық талдау жасау жəне денсаулық 
сақтау саласын жоспарлау үшін мынадай көрсеткіштерді білу керек:
-
медициналық көмектің сапасы
-
аурудың алдын алу, анықтау;
-
емдеу нəтижелерінің жиынтығы;
-
медициналық қызметтің сəйкестігі

медициналық көмектің сандық 
жəне сапалық деңгейінің шыққан шығынға сəйкестігі, мұнда қызметкерлердің 
білімінің деңгейі, жұмсалған уақыт, дəрігерлердің жəне оның көмекшілерінің 
техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілу қарастырылады;


~21~ 
-
денсаулық сақтау саласының қаржысы жəне жұмсалған еңбектің 
нəтижесі

-
медициналық көмектің тиімділіг

алдына қойған мақсаттың орындалу 
деңгейі

оған халыққа медициналық қызмет етуі, оның сапасы, сəйкестігі мен 
нəтижесі
жатады. 
Медициналық көмектің көрсеткіші: қызметтің сапасы, нəтижесінің
сəйкестігі жəне тиімділігі.
Денсаулық сақтау саласының экономикасы екі негізгі бағытпен дамиды:
1.
Мекемелерде еңбек ететін азаматтардың денсаулығын сақтау жəне 
нығайту жолдарын зерттейтін бөлім

денсаулық сақтау саласының 
экономикасы;
2.
Денсаулық сақтау саласына мемлекеттен бөлінген қаржыны дұрыс 
пайдалануды зерттейтін бөлім 

экономикалық тиімділік.
Денсаулық сақтау экономикасын екі аспектіде қарастырады: 
1.
Ішкі тиімділік немесе денсаулық сақтаудағы шаруашылық тиімділік

медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық формалары, медициналық 
қызметкерлер еңбегін ұтымды ұйымдастырудың түрлері, медициналық көмекке 
қажетті нормативтерін экономикалық негіздеу, қормен жабдықталу,
материалдық

техникалық базаларды пайдалануға беру, қаржыны жəне 
мамандар қызметтерін пайдалану, медициналық көмек шығыны жəне т.б.;
2.
Сыртқы тиімділік

денсаулық сақтау жүйесінің қоғамдық өндіріске 
əсері: жұмыс күшінің
саны, қоғамдық өнімнің
сапасы, қоғамдық қатынастардың
тиімділігі жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет