~24~
кезіндегі жұмсаған энергиясы, ойлауы жатады. Маржинализм теориясыны
бойынша нақты төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал жəне кəсіпкерлік
қабілеттілік. Кəсіпкерлік
қабілеттілік
-
арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті
ұйымдастыруда ынталықты, төзімділікті жəне тəуекелділікті көрсетеді.
Кəсіпкер болу
-
басқа біреудің істемегенін істеу деген мағынаны білдіреді.
Шум
Петер кəсіпкерлікті «жаңашылдық» деп түсіндірген.
Мемлекетте кəсіпкерлік
неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым отандық тауарлар өз тұтынушысын тауып,
иесіне мол табыс əкеледі. Еңбек нарығы осы еңбек заттары мен еңбек
кұралдарын қолдана алатын адамдардың білімі мен біліктілігі арқылы
сипатталады. Адам еңбегі мақсатты, қоғамды жасаушы болып табылады.
Капитал
бұрын өндірілген игіліктер болып келеді. Физиократтар
капиталды шикізат пен кұралдар, А.Смит жинақталған еңбек жəне т.с.с.
түсініктемелерді қалыптастырған. Капитал физикалық жəне физикалық емес
болып бөлінеді. Физикалық капиталға өндірістік жəне өндірістік емес
кұрылымдар, көліклар жəне құрал
-
жабдықтар, шикізат жəне материалдар
жатады. Физикалык емес капитал
-
адам капиталы, яғни адамның білімі,
тəрбиесі, мамандығы, еңбекке деген қабілеттілігі, дағдысы, шеберлігі,
денсаулығы жəне т.б. Капиталдың натуралдық нысандары: ақшалай, тауарлық,
өндіргіш. Капитал нарығын өнеркəсіптік, сауда, қарыз капиталдары құрайды.
Капитал ұғымына əртүрлі анықтамалар берілген: капитал
-
бұл өндіріс құрал
-
жабдығы, капиталды
-
бұл ақша соммасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп
есептеген, капитал
-
бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі,
қалыптасқан əдеті, энергиясы. Капитал
-
бұл уақыт, ал уақыт
-
фактор ретінде
табысты жасаушы.
Достарыңызбен бөлісу: