Жер
-
табиғи фактор. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры,
орман мен жыртуға жарамды жерлер жатады. Жерді жалға беру арқылы үстінен
түсетін пайда рента деп аталады. Жердің өзі жақсы, орташа жəне нашар болып
бөлінеді, бұл географиялық аумағына байланысты. Ал осы еңбек ұсынысын,
сипатын жəне капитал түрлерін, пайыздық деңгейлерді, жер бағаларын анықтау
кезінде ақпараттар нарығының
алатын орнын байқауға болады. Қоғамдық
өндірістегі табыстардың кұралуының экономикалық механизмін ұғыну үшін
нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну
керек. Мұнда екі мəселе маңызды: біріншіден, өндірістің бүкіл факторлары
механикалык жəне технологиялык жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара
пайдалануга болмайды. Адам қоғамының даму негізін материалдық өндіріс
құрайды. Өмір сүру, оқу жəне жұмыс істеу үшін адамдарда тамақ өнімдері, киім,
тұрғын
-
үй жəне т.б. болуы қажет. Материалдық жəне рухани игіліктер өндірісін
тоқтатса, онда адам қоғамы жойылып кетеді. Материалдық өндірістер саласына
-
өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс жатады, ал материалдық қызмет
көрсету саласына көлік байланысы, сауда, коммуналдық шаруашылық,
тұрмыстық қызмет көрсету
-
фабрикалар, киім жуу, тазалау орындары жатады.
Қоғамдық өндірістің материалдық саласына
-
театрлар, мұражайлар жəне т.б,
жатады. Ал материалдық емес қызмет көрсетулерге
-
денсаулық сақтау, спорт,
білім, мəдениет, ғылым жəне т.б. жатады.
~25~
Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды
мəселелер тұр:
-
өндірістің тиімділігін арттыру;
-
өндірістің экологиясын сауықтыру;
-
гуманизациялау мəселесі, яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай
жасау.
Бұл мəселелер XXI ғасырдың негізгі мəселелері
болып табылады.
Қызмет
көрсету тауар ретінде күшіне енеді, сөйтіп тұтыну құнының ерекше түрі болып
табылады. Ол пайдалы қызмет түрінде өмір сүріп, қоғамдық тұтыныстарды
қанағаттандырады. Барлық жиынтық қызмет көрсету олардың жұмсалуына
байланысты
-
өндірістік жəне тұтынушылық
қызметтер болып екіге бөлінеді.
Өндірістік қызмет көрсету өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыруға жəне ол
кəсіпорын, ұйым мекемелеріне ұсынылады. Бұған жүк тасу көлігіде,
байланысыда, өндіріске қызмет жасау, затты өткізуге қызмет жасау мен
жабдықтауға жəне т.б. қызмет көрсету жатады.
Тұтынушылық қызмет көрсету халықтың тұтыну тауарлары сияқты
тұрғындардың қажеттіліктерінің қанағаттандыруға қызмет жасайды. Еңбек
шығындарына байланысты тұрғындарға қызмет көрсету материалдық жəне
материалдық емес деп бөлінеді. Өндірістегі еңбектің тұтынушыларға
материалдық игіліктерді немесе тұрғындар қолындағы тауардың құнын жəне
тұтыну құнын қалпына келтірумен байланыстыратын материалдық қызмет
көрсетуге жатқызамыз. Осы қызметті көрсетуге жұмсалған еңбек бір жағынан
тікелей жаңа құн мен тұтыну құнын (мысалы, үй
-
жиһаздары, киім жəне т.б.
дайындауға көмек көрсету) жасауға қатысады, немесе тауардың тұтыну (жөндеу
жүргізу) құны қасиетін қалпына келтіреді.
Материалдық емес қызметке
-
заттық, материалдық түрге ие болмаған
қызмет көрсету жатады. Бұл мəдени мекемелер, денсаулық сақтау, оқу, демалыс,
туризм мекемелерінің қызмет көрсетуі, сондай
-
ақ балалар мен науқастарға жəне
т.б. қызмет көрсету жатқызылады. Материалдық емес қызмет көрсету қоғамда,
материалдықпен салыстырғанда тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруда
аса маңызды мəнге ие болады. Ақылы
-
тұрмыстық қызмет көрсету,
жолаушылар
көлігі мен байланыс қызметін көрсету, жинақ кассалары, туристік
-
экскурсиялық қызмет көрсетулер жатады. Əдетте бұларға тұрғындар өздерінің
отбасы бюджетінен толық төлеп отырады. Ақы төлемейтін қызмет көрсетулер
-
жергілікті немесе республикалық бюджет есебінен жүзеге асады. Бұған
-
денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету жатады. Нарық жағдайында осы
қызмет көрсету түрлері ақылы негізде де жүзеге асады.
Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері ақпараттық,
экономикалық жəне экологиялық факторларды да қарастырады.Экологиялық
фактор экономикалық өсудің импульсі ретінде жүзеге асады. Алайда оның,
мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты шектеледі. Өндіріс
үрдісінде
адамдар бір
-
бірімен қатынаста болады. Бірақ, бұл қатынастар əртүрлі
болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды
орналастыру
-
техникалық
-
өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші
жағынан, бұл қоғамдық өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік
~26~
сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады. Өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастар бір
-
біріне өзара əсер етеді. Өндіргіш күштердің дамуы
өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді. Өндірістің қызметіне өндіру,
бөлу, айырбастау жəне тұтыну жатады. Өндіру
-
бұл адамның өмір суруі жəие
жетілуі үшін қажет материалық жəне рухни игіліктерді жасау процесі. Бөлу
-
бұл
өнім өндірісіне қатысушы шаруашылық субъектілерінің тиісті үлсстерін
анықтайтын қоғамдық өндірістің бір кезеңі.
Айырбас
-
бұл материалық игіліктердін
жəне кызметтердің бір субъектіден
екіншісіне өтудегі қозғалу процесі жəне
де заттардың қоғамдық айырбасын
білдіретін өндірушілер мен тұтынушылардың қоғамдық байланысының
нысаны.Тұтыну
-
бұл белгілі бір қажеттіліктерді қанағатандыру үшін өндіріс
нəтижелерін пайдалану процесі.Осы төрт кезең өзара байланыста болады жəне
өзара əрекеттеседі. Өнімдердің айналымы үрдісіндегі қоғамдық өндірістің осы
төрт кезеңде атқаратын рөлі маңызды əрі əрқилы болып келеді.
Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы. Қосымша шығынның өсу заңы.
Қоғамның бір жағынан қажеттіліктері шексіз болса, екіншіден, мүмкіндігі
(оның жүзеге асырылуы) шектеулі. Бұдан сирек қорларды тиімді пайдалану
мəселесі туындайды.
Қоғам шектелген, сирек ресурстар арқылы өндірілген тауарлармен
қызметтердің максималды
санын алуға тырысады. Мұны іске асыру үшін ол
толық жұмысбастылықты жəне толық өндіріс көлемін (күшін) қамтамасыз етуі
керек.
Толық өндіріс көлемі дегеніміз
-
қорларды нəтижелі бөлу:
1.
Оларды неғұрлым көп пайда əкелетін жерде пайдалану (мысалы,
пианистің еңбегін картофель жинауға салуға болмайды);
2.
Бар технологияның ең тиімдісін пайдалану (мысалы, егінді орақпен
ормау керек, автомобильді 20
-
шы жылғы технологиямен жасауға болмайды т.б.)
Ресурстар сирек болғандықтан, тіпті толық жұмысбастылық пен толық
өндіріс көлеміне қарамастан, экономика шексіз тауар мен қызмет өндіруді
қамтамасыз ете алмайды.
Бұдан тауар мен қызмет таңдаудың жаңа мəселесі туындайды: қайсысын
өндіру керек, қайсысынан бас тарту қажет.
Нəтижелі таңдауды (іріктеу) мысал түрінде өндіріс мүмкіндіктері
қисығының көмегімен көрсетуге болады.
Айталық, экономика шексіз тауар жəне қызмет санын өндірмей, тек екі
өнім
-
май жəне робот өндірісін. Май
-
тұтыну тауарын, робот
-
өндіріс
құралдарын білдіреді.
Егер, елдің бүкіл халқы май шығаратын болса, онда ол 15000 т. алады. Ал
халық роботтарды жасаса
-
6000 дана (шт.) алады. Əрине, робот та, май да бір
мезгілде шығарылуы мүмкін.
Ресурстар шектеулі болғандықтан, робот шығаруды арттырсақ, онда май
санын азайту керек, не керісінше. Мұны кесте арқылы да, графикпен де
көрсетуге болады (1 кесте, 1 сурет).
~27~
Достарыңызбен бөлісу: |