§ 60. Көмекші есімдер Жалпы түркі жүйелі тілдерде, соның ішінде қазақ тілінде, лексикалық
мағыналық жағынан бір нәрсенің орын, мекендік атауын білдіріп есімдерге
ұқсас болатын, бірақ толық есім сөздеріндей, өз алдына дербес сөйлем мүшесі
бола бермейтін, есімдерше жеке түрып, толық мағыналы сөз ретінде көптеліп,
барлык септік жалғауларында бірдей септеліп қолданылмайтын
ал (д), ас(т), үс(т), арт, арқа, ара, қас, маң, іш тағы осы сияқты бірқатар
сөздер бар.
Бұл сөздер лексикалық мағыналары жағынан бір нәрсенің атауын білдіретін
болғандықтан, зат есім сөздеріне ұқсайды. Бірақ зат есім деп атауға келмейтін
мына сияқты бірнеше белгілері бар:
а) Зат есім сөздерінің лексикалық мағыналары толық тиянақты болады да,
белгілі заттың, нәрсенің атауы болады. Ал жоғарыдағы сөздердің лексикалық
мағыналары толық тиянақты емес, өзге бір дербес нәрсеге тіркесті болады.
Мысалы,
алд, арт, аст, үст, ара, қас, жан, маң, іш деген түсініктер өз алдына
дербес нәрсе емес, өзге, бір нәрседе болатын заттық тү-сініктер.
ә) Зат есім сөздерінің барлығына бірдей талғаусыз көптік, септік жалғау
қосымшалары жалғана беретін болса, бұл сөздерге көптік, септік жалғаулары
үнемі жалғанып, өз алдына дербес қолданыла бермейді. Көптік жалғау
қосымшасын жалғап, ал-дар, арт-тар, ас-тар, үс-тер болып, дербес сөз ретінде
айтылмайды. Сол сияқты септік жалғау қосымшалары бұл сөздерте тікелей
жалғанбайды. Бұлардың кейбіреулеріне
барыс, жатыс, шығыс септік жалғау
қосымшалары тікелей жалғанып, тілде сол күйінде мекен үстеуі ретінде
қалыптасып қалған. Мысалы,
алда келеді, алдан шықты, алға кетті; артта қалды, артқа кетті, арттан келеді;