151
Көмекші есімдер үнемі тәуелдік жалғаулы түрде қолданылады да, оның
алдында толық мағыналы негізгі есім сөзі ілік
септік жалғауының не ашық
түрінде, не жасырын түрінде қолданылады.
Көмекші есімдер ілік жалғаудың жасырын түрімен тіркесе айтылғанда, өз
алдына жеке сөйлем мүшесі болмай, өзінің алдындағы қабыса
байланысқан
сөзбен бірігіп, күрделі мүше болып келеді. Мысалы,
Біз олармен ат үсті
амандастық; Мектеп іші оқушылардың күшімен әшекейленді; Үй артында
кішкене көл бар еді
деген сөйлемдердегі
ат үсті
деген тіркес
қалай
амандастық?
деген сүраққа жауап беріп, пысықтауыш болып түр.
Мектеп іші
деген тіркес н е әшекейленді? деген сұраққа жауап беріп, күрделі бастауыш
болып тұр да,
үй артында
деген тіркес
қайда
? деген сұраққа жауап беріп,
мекен пысықтауыш болып тұр.
Көмекші есімдердің алдында ілік
жалғаулы негізгі сөз айтылмаса, кейде өз
алдына сөйлем мүшесі болып та келеді.
Мысалы, Үстінде ақ көйлегі бар.
Астында жүйрік аты бар
деген сөйлемдерде
үстінде, астында
деген
көмекші есімдер толықтауыш болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: