173
98-жаттығу.
Төмендегі берілген есептік сан есімдерден реттік, жинақтық және болжалдық
сан есім сөздерін жасаңдар.
1,2 , 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 19, 26, 37, 66, 89, 178, 200, 500, 1000.
99-жаттығу.
Төмендегі берілген есептік сан есімдерден топтау және бөлшектік сан есімдер
тудырып, әрқайсысына бес-бестен сөйлем ойлап жазыңдар.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 ,20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100.
§ 69. Сан есімнің синтаксистік қызметі
Сан есім сөздері көбінесе зат есім сөздерінің алдында ешқандай
қосымшасыз қабысы байланысып, дара тұрып та, күрделі немесе қосарланып
тұрып та анықтауыш болады.
Мысалы: Осы күні бұл университетте алыс
және таяу шетелдерден келген
650
қыз бен жігіт оқып жүр.
Қырқыншы
жылдарда кеңес жастары арасында дүрілдеп тұрған белгілі жыр (Ғ.Сл.).
Солардың артынан үйге
үш-төрт
орта жастағы жеңгейлер, аналар кеп
кірді (М.Ә.).
Бұл сөйлемдердегі
650
деген есептік сан есім
н е ш е ?
деген
сұраққа жауап беріп,
қырқыншы
деген реттік сан есім
н е ш і н ш і ?
деген
сұраққа жауап беріп,
үш-төрт
деген болжалдық сан есім
қ а н ш а ?
деген
сұраққа жауап беріп , өздерінен кейінгі зат есімдерді анықтап тұр.
Топтау сан есімдері сөйлемнің етістік баяндауыштарымен немесе етістіктен
болған өзге мүшелермен байланысып, көбінесе пысықтауыш болып келеді.
Мысалы: Абай бұл үйге кіргенде әр столдың басында екіден-үштен отырып,
кітапқа үңілген жастарды байқады (М.Ә.).
Бұл сөйлемдегі
екіден-үштен
деген топтау сан есім
қ а л а й
?
деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш
болып тұр.
Жинақтық сан есімдер зат есім сөздерінің алдында келіп, тіркесіп айтыл-
май, не зат есімнің соңынан айтылып, не заттық ұғымға айналып дара қолда-
нылатын болғандықтан атау тұлғада ешқашан анықтауыш болмайды.Зат есім
сөзінен кейін айтылып, сөйлемнің соңында келсе, баяндауыш болады да,
заттық ұғымға айналып дара айтылса, атау тұлғада тұрып бастауыш болады.
Мысалы: 1)
Достарыңызбен бөлісу: