Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


тіркесіп айтылмай, бірнеше нәрселердің жалпы есебін топшылап, жина-



Pdf көрінісі
бет177/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

тіркесіп айтылмай, бірнеше нәрселердің жалпы есебін топшылап, жина-
қтап көрсететін сандық атауды ж и н а қ т ы қ с а н е с і м дейді

Жинақтық сан есім н е ш е у ? деген сұраққа жауап береді.Өзі тек жетіге 
дейін ғана саналады да, есептік сан есімнің үстіне
-ау, -еу
жұрнағы жалғану 
арқылы жасалады. Бұл жұрнақтар жалғанғанда
екі, алты, жеті
деген 
сөздердің соңындағы қысаң
ы, і
дауысты дыбыстары сөздерді айтуда да, 
жазуда да сусып түсіп қалып отырады. Мысалы: 
бір+еу – біреу, екі+еу = 
екеу, үш+еу – үшеу, төрт+еу - төртеу, бес+еу – бесеу, алты+ау=алтау, 
жеті+еу=жетеу. 
Жинақтық сан есімдер есептік сан есімдер сияқты зат есім сөзінің алдына 
тіркесе айтылып, жалғаусыз күйінде әрқашанда сөйлемнің аяғында келіп, 
баяндауыш қызметінде қолданады. 
Мысалы: Біздің колледжде қазақ тілі 
кабинеті жетеу. Әр кабинетте терезе төртеу 
4.Бөлшектік сан есім
.Заттардың сан есебі үнемі бүтін сандар арқылы бола 
бермейді, кейде бір бүтін нәрсенің белгілі бөлшектері есептеледі. 
Бір бүтін нәрсенің белгілі бөлшектерін есепке алу үшін қолданатын сан 
есімнің түрін б ө л ш е к т і к с а н е с і м дейді . 
Бөлшектік сан есімдер есептік сан есім сөздеріне септік, тәуелдік жалғау-
ларының қосымшаларының жалғанып тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. 
Оның жасалуының екі түрлі жолы бар: 
а) Бөлшектің бөлімін білдіретін сөз ілік септік жалғау тұлғасында , алымын 
білдіретін сөз тәуелдік жалғаудың III жақ тұлғасында тіркесіп айтылуы 
арқылы жасалады. 
Мысалы: ¼ төрттің бірі,2\5 екінің бесі, 6/4 төрті,5/8 
бестің сегізі. 
ә) Бөлшектің бөлімін білдіретін сөз шығыс септік жалғау тұлғасында, алымы 
жай септеудің атау тұлғасында тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. 
Мысалы: 
3/5 үштен бес, 1/8 сегізден бір.1/3 үштен бір,4/2 төрттен екі,6/10 алтыдан 
он. 
Сонымен қатар бөлшектік сан есімдер жарты, жарым, ширек деген 
сияқты дара сөздермен де келе береді. 


95-жаттығу. 
Берілген есептік сан есімдерден ережеге сай 6 дұрыс бөлшек,6 аралас бөлшек 
сан тудырып жазыңдар. 
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет