181
байланысуына қарай сөйлемнің барлық мүшесі де бола алады. Сондықтан
бұларды зат есім сөзінің орнына жүреді деуге болады. Мысалы: 1
. Мектеп
жақтан
біреу
келе жатыр
. 2.
Сарайда
бірдеменің
дыбысы шығады.
3.
Біздің
бұл ісіміз
кейбіреулерге
ұнамауы да мүмкін
. 4.
Ол өзінің сөзінде
әркімді
бір
кінәлайды. 5
. Әлдекімнен
естіген жалған сөзді айта бермеу керек, өсек деген
содан шығады.
Бірінші сөйлемдегі
біреу
деген белгісіздік есімдік
жеке атау тұлғада келіп
бастауыш, екінші сөйлемде
бірдеменің
деген ілік септік жалғауда н е н і ң?
деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып, үшінші сөйлемде
кейбіреу-
лерге
деген белгісіздік
есімдік көпше, барыс септік жалғауда келіп толық-
тауыш болып, төртінші сөйлемде
әркімді
деген белгісіздік
есімдік табыс
жалғауда келіп толықтауыш болып,бесінші сөйлемде
әлдекімнен
деген
белгісіздік есімдік шығыс жалғауда келіп толықтауыш болып тұр.
Бір, кейбір, қайбір, қайсыбір, әр, әрбір, бірнеше, әлденеше, біраз
деген сөз-
дер өздерінен кейін айтылған зат есімнің сындық
және сандық белгісіздігін
білдіреді де, зат есім сөзіне тіркесіп айтылып, сөйлемде
анықтауыш қана бола
алады. Бұлар көптелмейді , септелмейді. Мысалы: 1
Достарыңызбен бөлісу: