1–дыр, -дір
жұрнағы ұяң
з
және үнді
л, н, ң, й, у
дыбыстарынан соң (
қаз-
дыр, сез-дір, ал-дыр, жел-дір, қон-дыр, ен-дір, тоң-дыр, жең-дір, ой-дыр, ки-
дір, сау-дыр)
жалғанады да,
-тыр, -тір
жұрнағы қатаң дауыссыз дыбыстардан
соң (
айт-тыр, аш-тыр, төк-тір, ек-тір, кес-тір)
жалғанады..
2.–ғыз, -гіз
жұрнағы көбіне үнді
р, л, н, й, у
дыбыстарынан соң (
ор-ғыз, жүр-
гіз, сал-ғыз, бөл-гіз, ой-ғыз, сой-ғыз, үй-гіз, түй-гіз, жон-ғыз, сен-гіз)
жалғанады да,
-қыз, -кіз
жұрнағы қатаң дауыссыз дыбыстардан соң (
сат-қыз,
өт-кіз, аш-қыз, шеш-кіз, тап-қыз, сеп-кіз, жат-қыз, ек-кіз)
жалғанады.
3.–т
жұрнағы дауысты
а, е, ы, і
және үнді
р, л, й
дыбыстарынан соң (
сана-
т, қара-т, шегеле-т, қоры-т, ері-т, шақыр-т, өкір-т, азай-т)
жалғанады.
4.–ыр, (ір)
жұрнағы көбіне қатаң
ш, с, т
дыбыстарынан соң (
ас-ыр, өс-ір,
кет-ір, қаш-ыр, көш-ір)
жалғанады .
205
118-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп, өзгелік етіс тудырып тұрған жұрнақты етістік-
тің түбірінен және оның соңынан жалғанып тұрған қосымшадан дефис арқылы бөліп
жазыңдар.
1. Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып жұмғанша
Жылдам хабар алғызды . ( Ы .А.)
2. Нұрымен күндей балқытып,
Болмағанды болдырған.
Қарасам көзім тойдырған,
Бәйгеден озып жүлде алған,
Шауып мүше күнде алған,
Өлеңнің көзін қазайын,
Бауырымды жазайын,
Жүйрік емен болдырған. ( Ж. Ж.)
4.
Достарыңызбен бөлісу: |