Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет214/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

§ 81. Етістер 
 
Етістіктің мағынасында болатын семантикалық категорияның бір түрі 
етістер. Етістік арқылы белгілі іс, қимыл, амал, әрекет айтылатын болса, кейде 
сол қимыл, амалдың істі істеуші адамға қарым-қатынасы да көрсетіледі. 
Мысалы: 
Бала хат жазды 
деген сөйлемде 
жазу
қимылы айтыл-ған да, оны 
істеушінің бала екендігі айтылған. 
Бала інісіне хатты жаздырды 
деген 
сөйлемде де бастауыш – 
бала, 
бірақ
 жазу 
қимылын істеуші баланың өзі емес, 
ол қимылды бала өзге біреу арқылы, яғни інісі арқылы істеткендігі 
көрсетіледі. Ал 
хат жазылды 
деген сөйлемде бастауыш – 
хат, 
бірақ 
жазу 
қимылын істеуші хат емес. Керісінше, 
хат 
сол
 
қимылдың әрекетіне ұшырап 
тұр. 
Жазу 
қимылы хаттың ырқынан тыс. Хат өзі жазылғысы келіп жазылған 
жоқ, оны біреу жазған соң жазылып тұр. 
Сөйтіп, 
қимылдың, іс-әрекеттің істі істеуші адамға немесе іспен бай-
ланысты затқа қарым-қатысын білдіретін етістіктің түрі е т і с деп 
аталады. 
Етістер мағынасына, морфологиялық тұлғасына қарай төрт түрлі болады: 
1) негізгі етіс, 2.өздік етіс, 3) өзгелік етіс, 4) ырықсыз етіс, 5) ортақ етіс. 


1.Негізгі етіс. Өзге етіс формаларына таяныш, негіз болатын , солар-
дың түрлерін, мағыналарын, қызметтерін салыстырып, айқындайтын 
етістіктің түрін н е г і з г і е т і с дейді.
Негізгі етіс түбір етістіктен де, туынды етістіктен де, күрделі етістіктен де 
жасалады. Мысалы: 
бар, кел, сөйле, шөлде, ақта, арала, қарайла, құрсаула, 
оян, қуан, құшақта, ермек ет, еңбек сіңір, ән сал, түсініп ал, сұрап қой т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет