Манадан бері жалғанып, бір үзіліп, дами алмаған үлкен «ура» енді жауар
бұлттай түгел торлап, қараңғы түнді кернеп келеді.
-
У-р-р- ра!!!
-
У-р-р- ра!!!
Дыбыссыз әрпіне дейін күркіретіп созуға келетін жалғыз сөз, ендігі
бөгелісіне қарамай, қалаға кір дегендей әмір етеді. Бұл- біздің үш тәулік
күткен сәтті кезеңіміз. Бір солдатта бір-ақ ой бар. Ол –қатарындағы
жауынгерден бір адым болса да озық отыру. Ерсілі- қарсылы соққан «ура»
толқынды аяғына күш түсірер еме, өзі көтеріп әкеле жатыр. Сонымен бірге,
сен өзім дегенді ұмытып, алға ұмтылған көп қолды бір-ақ алдырмай, тұтас
сезінесің. Үдете соққан «ура» теңіз толқынындай лықсып, қаланың үстін
басып бара жатқандай, жоғары шығып алған.
Біз теңізшілер клубының маңайына жеткенде, от ішінде шайтандай секіріп,
зытып бара жатқан жау әскерлерін көрдік. Солдат бойындағы қаруына дейін
ттастап қашса, оның ар
жағында
дәл бүгінгі жеңілістен гөрі де ауырырақ бір
сүргін жатады.
(Ғ. Мүсір.)
Достарыңызбен бөлісу: