Үстеулер , негізінде , етістік баяндауышпен немесе сөйлемдегі
етістіктен болған өзге мүшелермен байланысып, пысықтауыш болады.
Мысалы:1).
Әдейі
өз тілінде сұрайды да, артынан
орысша
айтады .
(Ғ.Мүсір). 2) Мырқал дейтін ағаң
былтыр
мен барғанда шахты бастығы еді.
Қазіргі бастық Сәуле де , ағаң орынбасар (Ә.Ә.) . 3) Ол бүгін күндегіден
ерекше боп
соншалық
жақындай түскен (М.Ә).
Бұл сөйлемдердегі
былтыр ,бүгін
деген үстеулер қимылдың мезгілін
білдіріп қ а ш а н? деген сұраққа жауап беріп , мезгіл пысықтауыш болып
тұр .
Әдейі орысша
деген үстеулер қимыл,амалдың жай-күйін білдіріп
қалай?
деген сұраққа жауап беріп , сын-қимыл пысықтауыш болып тұр.
Соншалық
деген үстеу сөзі жақындай түсу қимылының мөлшерін ,шамасын білдіріп
қаншалық?
деген сұраққа жауап беріп ,сын-қимыл
пысықтауыш болып тұр .
Үстеулердің барлығы бірдей етістік сөзімен байланысты бола бермейді.
Бірқатар үстеулер есім сөздерімен (сын есіммен ), үстеулердің өздерімен де
байланысты болып сындық белгілерді айқындап тұрады .
Мысалы.Ол кісі –
Қарағандының қазір ең атақты адамы . (Ә:Ә). Әрине, сонша қадірлі
мұртты осынша былғап алғаныңызды өз оңтайсыздығыңыздан деуге
болады .(Ғ.Мүсір)
деген сөйлемдердегі
ең ,сонша
үстеулері
атақты , қадірлі
деген сын есім сөзінің сындық мағынасын күшейтіп, анықтауыш болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: