Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет251/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

а у л а р дейді. 
Бұларды кейде ж а л ғ а у л ы қ т а р деп те атайды. 
Жалғаулық шылауларға мына сияқты сөздер жатады: 
мен, бен, пен, менен, 
бенен, пенен, және, да, де, та, те, не. немесе, я, яки, не боямаса, бірақ,
дегенмен, өйткені, сондықтан, ал, қүй, мейлі, әлде, бірде, біресе, әрі
т. б.
 
Жалғаулық шылаулар мағынасы және қолданылатын орнына, яғни 
синтаксистік қызметіне қарай мына сияқты төрт топқа бөлінеді:
1).
 
Ыңғайластық жалғаулықтар 2). Талғаулықты жалғаулықтар 3). Қарсы-
лықты жалғаулықтар, 4). себеп-салдарлық жалғаулықтар. 
а)
Ыңғайластық жалғаулықтар. 
Бұлар жай сөйлемдегі бірыңғай 
мүшелердің арасын немесе құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің арасын 
байланыстыру үшін қолданылады. Олар мыналар: 
мен, бен, пен, және, да, де, 
та, те.
Бұлардың ішінде 
мен,
 
бен, пен 
жалғаулықтары тек бірың-ғай мүшелердің 
ғана арасын байланыстыру үшін колданылады. Мысалы: 1. 
Карпов 
пен 
Егоров, 


полк командирлері, екі жақтан безілдеп қоя берді. (Т. А.) 
2. 
Сәтбала 
мен 
Сатқын жайын мүлде естен шығаруға болмайды. (Ғ. Сл.)
Және, да, де, та, те 
жалғаулықтары бірыңғай мүшелерді де, сөйлем мен 
сөйлемді де байланыстырып тұра береді. Мысалы: 1. 
Тәкежан 
және 
бұрын 
болыс болган Шұбар, Ысқақпен бұл жаман емес екен. (М. Ә.) 
2. 
Бүлінгенді 
жөндейтін 
де, 
арттағыны алға бастыратын 
да 
сен емессің. (М. Ә.)- Бірішиі 
сөйлем-дегі 
және 
жалғаулығы бірыңғай бастауыштарды, екінші сөйлемдегі 
қайталанып айтылған 
де, да 
жалғаулығы да бірыңғай есімшеден болған 
бастауыштарды байланыстырып тұр. 
Ал Табанын көк жалаған етіктер 
сырғанап, тайғанап жүрісті ауырлатып отырса 
да, 
жастар өзенге жетіп, 
оны бойлап төмен қарай ұзап, сөйлесіп кетісті. (М. Ә.) Батальон командирі 
кііикентай штабын ықшамдап бақса 
да, 
әр түрлі себеп, қызмет тауып біраз 
жұрт осы маңды ықтап жүр. (Т. А.) 
деген құрмалас сөйлемдердегі 
да 
жалғаулығы құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасын байланыстырып тұр 
және алдыңғы сөйлемнің мағынасына соңғы сөйлемнің мағынасы қарама-
қарсы екенін көрсетеді. 
ә) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет