Қарсылықты жалғаулықтар. Олар мыналар:
бірақ, бірақ та, дегенмен, сонда да, алай да, сөйтсе де. Бұлар құрмалас сөйлемге енген жай
сөйлемдердің арасын байланыстырады да, бірінің мағынасына екіншісінің
мағынасы қарсы екенін көрсетіп тұрады. Мысалы: 1.
Екі жерде пулемет дүрсілдеді, бірақ немістер жақындаған сайын, атыстың берекесі қаша бастады. (Т. А.) 2.
Достыққа да, қастыққа да араласса, үй жыққандай екпінмен араласатын Оспанның ісі, сонда да араз адамына дәл мұндай жазаны жасаған кісі бұл өңірде болмаған. (М. Ә.) Бұл сөйлемдердегі
бірақ,сонда да деген жалғаулықтар екі сөйлемнің арасын байланыстырып тұр.
б)
Талғаулықты жалғаулықтар. Олар мынлар:
я , яки, не, немесе, не болмаса, біресе, бірде, кейде, әлде, құй, мейлі. Бұлар айтылған екі ойдың бірі
болса, бірі болмайтынын немесе екеуінің кезектесіп отыратынын білдіріп,
сөйлемдердің, кейде бірыңғай мүшелердің арасын байланыстырып тұрады.
Мысалы:
1) Осы жатақтың немесе анау Жігітек кедейінің дәл сондағы, шабуыл үстіндегі мінезі қандай болды. (М. Ә.) Егер мен елдің өсегінен қаймығып не болмаса даңқына қызыгып бұған берілсем, онда не болғаным? (Ә. Ә.) 3.
Кейде тамсанып қойып, кейде ұзақ-ұзақ қалғып та кетеді. (М. Ә.) в)
Себеп-салдарлық жалғаулықтар. Олар мыналар:
өйткені, сондықтан. Бұлар құрмалас сөйлемге енген екі жай сөйлемнің арасын
байланыстырып тұрады. Мысалы: 1)
Мен үкімі әлдеқашан айтылған кісі едім,