137-жаттығу.
Мына сөйлемдерді көшіріп, жакша ішінде берілген шылау болса,
бөлек жазыңдар да, септік жалғауларының косымшасы болса, бірге жазындар.
1.Шаңғышылар алды (мен) аудан (да) Жорға тау (мен) Шұбар айғыр
тауларының картасын жасап алды. 2. Осылардың сақтану қамы ескеріліп,
керекті кұралдар (да) алды.
(С. Б.)
3. Содан соң машинаны токтаттык (та)
жаяу жүрдік.
(С. М.)
4. Қазақ (пен) Қоқан болып кездескен бір үлкен аста
Ырғызбайдың бас балуанға түсіп, Қоқанның коңыраулы балуанын жығып,
бесік жамбы алғанын айтады.
(М. Ә.)
5. Әбіш (пен) жақсы шырайда
амандасқан Дәркенбай ісін тоқтатқан жоқ.
(М. Ә.)
6. Мирон Павлович оны
(мен) амандасқан (да), қоштасқан (да) жоқ.
(Ә. Ә.)
138-жаттығу.
Шылауларға жалпы талдау жасаңыздар.
Қарамоланың жәрмеңкесі түгіл, елі мен жерін бірдей билейтін Елемеспен
құда болу Молдажанға да теріс көрінбейді. Әрі баласы Төлеубек болыс, қала-
даламен бірдей байланыста, ұлық атаулымен бастасып - аяқтасып жатқан соң,
кісілікті де уысынан шығарғысы келмейтін Молдажанның ойлағаны табылды (
К. О.). Өзінен жасы үлкен ағалары да, болыс сайланып, ұлықтыққа қолы
жеткен оқыған баласы Сіләл да бар. Олардың бәрін былай қойып, сөз кезегін
берер ретін білмеген-ді.Тәрізі, жолдастары көніп тұр ма, деді-ау деймін ( К.
О.). Ерінбей еңбек етсең, шындап егер, тікен де гүлге айналып шыға келер (
Сағди ).
Достарыңызбен бөлісу: