айтылады. Жазуда әр сөйлемнің соңынан, сөйлемнің мағынасына және дауыс
ырғағына қарай, нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады.
§ 100. Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер
Адамның әрбір ойы белгілі мақсатта айтылады. Сөйлеүші
бір сөйлемде
тыңдаушыға бір нәрсе жайында өзінің ойын білдіруді, хабарлауды мақсат
етсе, екінші бір сөйлемде басқа біреуден бірдемені сұрап біліп алуды немесе
мақсат ете сөйлейді.
Кейде біреуге өзінің куанышын, көңіл-күйін білдіруді
немесе біреуге бір нәрсені бұйыруды мақсат етеді. Осымен байланысты
сөйлемдер айтылу мақсатына қарай және интонациялық
ерекшеліктеріне
қарай: 1) хабарлы сөйлем, 2) сұраулы сөйлем, 3) лепті сөйлем 4)
бұйрықты
сөйлем болып бөлінеді.
Біреу я бірдеме туралы ойды екінші біреуге жай хабарлай айтылған
сөйлемді х а б а р л ы с ө й л е м дейді.
1)
Баршагүл енді оңтүстік беттегі биіктерге көз жіберді. (Ғ. Сл.)
2)
Балалар оқуда.
(Ғ. М.)
Ендігі ермегім ән үйрену болды.
(С. М.)
Тәкежан өзі
жоқ екен. (М. Ә.)
Хабарлы сөйлемде дауыс бірте-бірте көтеріліп барып,
сөйлемнің аяғында
бәсеңдеп келіп тынады.
Нұрлан мен Павел мінген машина аэродромға баратын жолдың үстінде
жұлдыздай ағып келеді. (Ә. Ә.) Дүние тірегі
—
еңбек. (Ғ. Сл.)
Тыңдаушы адамнан біреу я бірдеме туралы сұрай айтылған сөйлемді
с ұ р а у л ы с ө й л е м дейді.
Кеше батыр атағын алған Сайдақов осы ма? (Ә. Ә.) Солай емес пе,
Михайл балам? (Ғ. Сл.) Соны ақылдасқан жөн емес пе? (М. Ә.)
С ұ р а у л ы с ө й л е м д е р д і ң ж а с а л у ж о л д а р ы
1. Сөйлемнің баяндауышы болатын сөзден кейін сұраулық мағына беретін
ма, ме, па, пе, ба, бе
шылаулары тіркесу арқылы сұраулы сөйлем жасалады.
Бүгін кешкі мәжіліс есіңде
Достарыңызбен бөлісу: