Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Ерекше көңіл-күйіне, психологиялық сезімге байланысты (қуану



Pdf көрінісі
бет265/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Ерекше көңіл-күйіне, психологиялық сезімге байланысты (қуану, 
ренжу, таңдану, аяу, бұйыру, кекету және т. б.) айтылған сөйлемдерді
л е п т і с ө й л е м дейді. 
Лепті сөйлем ерекше көтеріңкі дауыспен айтылады. Мысалы: 
Абайжан-ау, 
қайдағыны айтқыздың-ау! (М. Ә.)
Тыңда, дала, Жамбылды!
Тыңда, Қастек, Қаскелең! (Ж. Ж.)
Қайдасың, балапаным, келші, жаным! (Т. Ж.)
Лепті сөйлемнің баяндауыш тұлғасына байланысты мағынасы да әр түрлі 
болып отырады: 
а) Лепті сөйлемнің баяндауышы, көбіне, бұйрық райдың жекеше, көпше 
түрлерінде келеді де, ылғи тіке бұйрықты білдіреді. Мысалы: 

Тәкежан, Каражан, сендер де тыңдаңдар! 
— 
деп, үйдің ішін түгел елең 
еткізді.

Қой, шырағым, бүйтіп асқақтама! (М. Ә.)

Тоқтай тұрыңдар!
-Немене?
— 
Тоқта деген соң тоқта! (Ғ. М.)
ә) Бұйрық райдан кейін 
-шы,

-ші 
қосымшасы жалғанған 
етістік сөйлемнің баяндауышы болып келсе, тілек мағынасын 
береді. Мысалы: 
Отыршы, шырағым, шыныңды айтшы! Осындай
жақсы пікірлерді дәлелдеп, қағазға түсіре берсеңдерші! (Ғ. М.)
Барайын, тымағымды алып берші, Бүркітбай. (С. М.)
б) 
Баяндауышы шартты райдың I, III
 
жағында айтылып, одан кейін 
-
шы,-ші 
қосымшасы 
жалғанса, 
лепті 
сөйлем 
өкініш 
түрінде айтылады. Мысалы: 
Қап, осы пікір кеше есіме келсеші! 
Осы курста мен де оқысамшы!


в) 
Сөйлемнің баяндауышына не басқа бір мүшесіне 
ау, ақ, 
ай, ғой
 
шылауларының бірі тіркесіп айтылса да, сөйлем лепті 
болып келеді. Мұндай лепті сөйлемдер таңдану, шаттану, күдік- 
тену, аяушылық мағынасында айтылады. Мысалы: 
— 
Машинаның да жүрдегі бар екен-ау! (Ғ. М.)

Япырай, мынауың да бір соны сөз болды-ау!

Алда бақыр, есіл ер-ай! 
— 
дейді.

Уа, мен күні бойы малдан келдім ғой.
-Маған бүұл жайдың бәрін текке айтып отырған жоқсың ғой! (М. Ә.)
-Он сегіз жылдың үйреткені осы ғой,
-
деп, сақылдап күлді Жанәбіл. (Т. А.)
г) Сөйлемнің ішінде адамның ішкі сезімдерін білдіретін одағай сөздерінің 
бірі болса, сөйлем лепті болады да, қуаныш, реніш, шаттық сияқты көңіл-
күйін білдіреді. Мысалы: 

Ойбай, Шоқыланы қара! (М. Ә.)

Япырай, иманым қасым болды-ау, Айжан! 
— 
деді, үйге кіріп-шығып 
жүрген Ержан.

Астапыралла,
— 
деді Ержан шошып кетіп,
— 
айта көрме. жарықтығым. 
(С. М.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет