Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет272/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

146-жатшығу. 
Төмендегі мысалдардан киыса байланыскан сөйлем мү-шелерін көшіріп 
жазыңдар, олардың қалай қиысқанын ауызша түсінді-ріңдер.
Осы қалаға біз қараша айының бірі күні бардық. Оған жету оңай болған жоқ. 
Ол — Қостанай облысының Солтүстік Қазақстан облысымен астасқан
жеріне орнаған совхоз.
(С. М.)
Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге 
ықыласпен тоқылық. 
(Ы.А.)
–Сен о жақты тоқтатқанша ора бересің бе? - Ора 
беремін. Мен бұйрық орындаушымын. Ол — ата бұйрығы.Мен пішенді 
орғызамын. 
(М. Ә.) 
Сіздер көріп тұрсыздар. Ол кісі ертеректе оқыған. Мен 
совет тұсында ғана рабфакты бітірдім. Екеуміз де коммуниспіз. Біріміз өлкелік 
комитетте, әйелдер бөлімінде, істедік, біріміз халық комиссары болдық. 
(Ғ. М.) 
2. Меңгеру.
Бірі басыңқы, екіншісі бағыныңқы болып сабақтаса 
байланысатын сөз тіркестерінің ең жиі ұшырайтын түрі — меңгеру. 
Меңгеруде де сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, киысудағы сияқты, басыңқы 
мүшенің ыңғайына еріп белгілі жалғауда тұрады. Бірақ меңгеру мен 
қиысудың арасында үлкен айырмашылық бар. Егер қиысуда бағыныңқы сөз 
(баяндауыш) басыңқы сөздің (бастауыщтың) грамматикалық мағынасы мен 
морфологиялық тұлғасына қарай ыңғайлас болып (бір жақта және жекеше не 
көпше) тұлғаланса, меңгеруде бағыныңқы сөз бен басыңкы сөздің арасында 
тұлғалық ыңғайластық болмайды, тек меңгеретін сөз меңгерілетін сөздің 
белгілі септік жалғауын-да тұруын талап етеді. 
Бағыныңқы мүшенің белгілі септік жалғауда тұруы арқылы 
басыңқы мүшемен байланысуын м е ң г е р у дейді

Меңгеруші басыңқы сөздер, негізінде, етістік баяндауыштар немесе 
етістіктен болған өзге мүшелер болып келеді. Етістіктер өздерінің лексико-


255 
семантикалық мағыналарына сай өзімен байланысты есім сөздерінің 
 барыс, 
табыс, жатыс, шығыс және көмектес 
септік жалғауларының бірінде тұруын 
керек етеді. Мысалы: 
оқы 
( н е н і ? ) кітапты, журналды; 
жаз 
(н е н і?) хатты; 
жет 
(н е г е ? к а й д а ? ) табысқа, мақсатқа, қалаға; 
шық 
( қ а й д а н ? ) үйден, 
кластан; 
жүз 
(қ а й д а?) суда, теңізде; 
сөйлес 
(к і м м е н? н е м е н?) 
Қайдармен, Бейсенмен, қаламен, үймен, телефонмен. 
Меңгерілетін бағыныңқы мүшелер табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес 
септік жалғауларындағы есім сөздерден болған толықтауыштар мен 
пысыктауыштар болып келеді. 
Табыс жалғаулы тура толықтауыштарды меңгеретін — сабақты етістіктер. 
Өйткені, сабақты етістіктер объектімен тікелей байланысты болады. 
Мысалы: 
оқы, жаз, тыңда, жина, сұра (-ды)
г 
көзде, қала, сана, же, іш, кес, 
ұр, тоқы, шап,

шақыр (-ды), қама, ал (-ды), тік, жібер, қолда, бер (-ді) сой, 
сана, сұра, таста, кемі, азай, бас, жама 
тағы осы сияқты етістіктер 
адамның қимыл, амал, әрекетін, ісін білдіретін сабақты етістік болады. 
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірінде айтылған 
жанама толықтауыштар мен пысықтауыштарды меңгеретін етістіктер салт 
етістік болып келеді. Өйткені салт етістіктер қимылдық процесті керсетпей, 
адамның көңіл күйін, кісінің не басқа заттың қимылдық күйін, калпын 
білдіріп тұрады. Мысалы: 
жыла, күл (~ді), қайғыр (-ды), қуан (-ды)
г 
терле, 
тоң, жалық, шомыл, шошы, тырыс, есіне, қуаттан, сайра, күркіре, тула, 
ақса, ұлы, кісіне, мөңіре, жоғарыла, ойнақта, төменде, жымыңда 
т. б. 
Предикаттық (баяндауыштық) қызметтегі есім сөздері де (кебінесе сын 
есім сөздері) өзінің алдындағы есім сөздерінің белгілі септік жалғауда 
тұруын керек етіп, меңгеруші ретінде жұмсалады. Мысалы: 
Мен сенен екі 
жас кішімін. Жақсы адам ісімен жақсы.
Кейде есім мен етістік бірлесіп барып сөйлемнің бір күрделі мүшесі 
ретінде қолданылып, өзінің алдындағы есім сөзін меңгеріп келе береді. 
Мысалы: 1) 
Абзалдардың дастарқан басындағы сөздеріне де жөнді құлақ 
қойған жоқ. (Ә. Ә.) 2) Алдыңғы эшелон шығысқа қарай жол тартты. (Ә. Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет