4. Қабысу. Сөйлемдегі бағыныңқы мүше мен басыңқы мүшенің ешқандай жалғаулықсыз, тек бір-біріне іргелес келіп, орын тәртібі арқылы байланысуын қ а б ы с у дейді. Қабыса байланысқан сөз тіркестері
бір фразалық екпінге, бағынып, біртұтас дауыс кұйылысымен айтылады.
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің аралығына өзге сөздерді кіргізуге
болмайды. Бола қалғанда да сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары
өзгереді. Қабыса байланысатын сөз тіркестері анықтауыш пен анықталатын,
пысықтауыш пен пысықталатын, толықтауыш пен то-лықталатын сөздер
болып келеді.
Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің бірінші сыңары зат есім, сын есім,
сілтеу есімдіктері, қимыл, амал үстеулері, етістіктің есімше, көсемше түрлері
болады да, екінші сыңары зат есім не етістік сөздері болады.
Зат е с і м м е н қ а б ы с а б а й л а н ы с қ а н с ө з
т і р к е с т е - р і н е м ы с а л :
3 а т е с і м:
алтын сағат, қой қора, тас жол, күміс қасық, темір жол, ағаш үй, су тиірмен т. б.
С ы н е с і м :
үлкен үй, мөлдір су, жасыл шөп, жақсы сөз, қызық кітап, тар жол, қисық ағаш, көк терек т. б.
С а н е с і м :
жүз жылқы, мың қой, бесінші сынып, он саусақ, т. б.
С і л т е у е с і м д і г і :
осы ауыл, ана кісі, бұл мектеп, ана жылы, сол үй, ол кітап т. б.
Е с і м ш е :
оқылған кітап, айтар сөз, келетін адамдар, көрген кісі, оқыған адам т. б.
Е т і с т і к п е н қ а б ы с а б а й л а н ы с қ а н сөз т і р к е с т е р і н е
м ы с а л :
Ү с т е у л е р д е н :
тез кетті, дәл тиді, шапшаң сөйлейді, кеш келеді, кілт тоқтады т. б.
К ө с е м ш е д е н :
сөйлей кірді, асыға сөйледі, қырындап отырды, тұра ұмтылды т. б.
С а н е с і м н е н :
жүз құбылды, мың толғанды, аяғын екі басты, бір қарады т. б.
С ы н е с і м н е н :
қысқа сөйледі, көркем жазады, жақсы оқиды, ұзақ әңгімелесті т. т.