263
(заттық ұғымда қолданылған) өзге сөз таптарынан да бола береді. _Зат есім
сөздері жекеше не көпше атау тұлғада айтылып, тәуелдік жалғауын қабылдап
та, тәуелдік жалғауын қабылдамай да бастауыш болады. Мысалы:
1)
Тың
шабуылы
басталды. (С. М.) 2)
Тұрдақын
екі - ұшты қалжыңмен
мысқылдай күлді. (Ғ. Сл.)
3)
Биік ағаштардың тасасында алып
танкілер
жүр. (Ғ. Мүсір.)
4)
Сәуленің бұрынғы сыңқыл қағатын сұлу
үні
де жоқ. (Ә. Ә.)
5)
Адамдарың
мүлдем азып қалыпты ғой. (Ә. Ә.)
2.
Атау тұлғадағы есімдіктер де жекеше не көпше т үрде бастауыш бола
алады. 1.
Ол
ұзақ жолды үйрену сапарына, шетелдік сапарға жүріп кетті.
(Л. К.) 2.
Олар
шыдата ма жерді. (С. М.)
3.
Өзі
түні бойы ұйқы көрмеді. (Л.
Т.)
4.
Бұл
оның қасына ерді. (С. Т.)
5.
Бәрі
бұрынғы ескіліктерін арттағы
күнге тастаған. (М. Ә.)
3. Заттық мағынада қолданылған сын есім сөздері де атау тұлғада тұрып,
тәуелдік жалғауынсыз және тәуелдік жалғау тұлғасында келіп бастауыш
болады. Мысалы:
1.
Жақсы
жалынсаң, кешер,
Асыл
жанысаң, өтер.
2.
Жақсы
—
ай мен
күндей, Әлемге бірдей. («М. М.»)
3.
Достарыңызбен бөлісу: