Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

XI м о д у л ь т е с т е р і

Pdf көрінісі
бет276/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

XI м о д у л ь т е с т е р і 
 
1) Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді ? 
а) 3 в) 4 с) 5 d) 6 е) 7 
2) Сөйлем болу үшін негізгі шарт: 
а) бастауыш пен баяндауыштың болуы. 
в) баяндауштың болуы. 
с) міндетті түрде тұрлаусыз мүшелердің бірінің болуы. 
d) міндетті түрде тұрлаусыз мүшелердің бәрінің болуы. 
е) бастауыштың болуы 
3) Сөйлемде сұраулық мағынаның берілу жолын көрсетіңіз. 
Семинарда сіз де 
өз тәжірибеңіз туралы ой бөлісетін шығарсыз? 
а) сұраулық шылау арқылы 
в) интонация арқылы с) көмекші сөз арқылы; 
d) сұрау есімдігі арқылы е) сөз мағынасы арқылы 
4) Сөйлемде сұраулық мағына қандай жолмен берілген: 
Түрген шатқалына
қай жолмен баруға болады? 
а) сұраулық шылау арқылы 
в) интонация арқылы с) көмекші сөз арқылы; 
d) сұрау есімдігі арқылы е) сөз мағынасы арқылы 
5) Сұраулық мағына қай сөз арқылы берілген: 
Екі-үш күн балалардың
қасында болатын шығарсыз? 

а) сұраулық шылау арқылы 
в) интонация арқылы с) көмекші сөз арқылы; 
d) сұрау есімдігі арқылы е) сөз мағынасы арқылы 
6) Сөйлемдегі сөздердің қандай тобын сөз тіркесі дейді: 
а) Іргелес айтылған екі сөзді в) негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесін 
с) Ең кемінде екі сөздің тіркесінен құралып, бірі басыңқы, бірі
бағыныңқы болып сабақтаса байланысқан сөздердің синтаксистік
тобын 
d) Мағынасы шылау арқылы тиянақталған негізгі сөзді 
е) Сөздердің тұрақты тіркесін 
7) Қазақ тілінде сөз тіркестерінің синтаксистік байланысы неше түрлі
болады: 
а) 3 в) 4 с) 5 d) 6 е) 7 
8) Қиысу: 
а) бастауыш пен баяндауыштың арасындағы жақтық және сандық
байланыс 
в) сөздердің ешбір жалғаулықсыз іргелес тұру арқылы байланысуы; 
с) ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің арасындағы байланыс; 
d) сөздердің барыс, табыс, шығыс, жатыс, көмектес септік жалғаулары
арқылы байланысуы; 
е) сөздердің септік жалғаулары арқылы байланысуы 

9) Меңгеру; 

10) Матасу: 

11) Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз: 
а) оқушы жазап отыр в) оқушының дәптері с) оқушыға сұрақ қойды 
d) ынталы оқушы; 
12) Қиыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз: 
а) оқушы жазап отыр в) оқушының дәптері с) оқушыға сұрақ қойды 
d) ынталы оқушы; 
13) Матаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз: 
а) оқушы жазап отыр в) оқушының дәптері с) оқушыға сұрақ қойды 
d) ынталы оқушы; 
14) Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз: 
а) оқушы жазап отыр в) оқушының дәптері с) оқушыға сұрақ қойды 
d) ынталы оқушы; 
15) Қабыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз: 
а) ұсақ мал в) малды бордақылау с) ауылдың малы d) малды ауыл; 
16) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының бастауышпен байланысу жолын 
белгілеңіз.
Өзгелер қалай жүрсе, мен де солай жүремін.
а) қабысу в) жанасу с) қиысу d) матасу е) меңгеру 
17) «
Мен бұл кітапты оқыдым» 
деген сөйлемдегі сөздердің байланысу
формаларының дұрыс реті көрсетілген қатарды көрсетіңіз: 
а) қиысу, меңгеру, матасу в) қиысу, меңгеру, қабысу
с)қиысу, матасу d) қабысу, меңгеру е) жанасу; 
18) «
Сіздерге сенемін
» деген сөйлемдегі сөздердің байланысу формасы: 
а) қиысу в) меңгеру с) матасу d) жанасу е) қабысу 
19)
«Ауылдың тұсында ескі ағаш көпір бар еді»
сөйлемдегі «
ағаш көпір
»
тіркесінің арасындағы байланыс: 
а) қиысу в) меңгеру с) матасу d) жанасу е) қабысу 
20) Қабысы байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. 

261 
а) қалағанын алу в) күннің көзі с) келіннің төркіні
d) алтын сағат е) сабақ үстінде
21) Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. 
а) Балаларға базарлық в) Мына заман с) ауылға қайталаық
d) мақтауға тұрарлық е) Ойын-тойдың көркі
22) Түрін көрсетіңіз. 
Жұмған аузын ашпау. 
а) күрделі сөз в) тұрақты сөз тіркесі с) сөйлем
d) ерікті сөз тіркесі е) фразалық тіркес
23) Матаса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. 
а) ауыл тынысы в) Бидай өңді с) қара сұр
d) Аңшылар көрді е) Зерені тыңда
24) Қиыса байланысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. 
а) Жиналып жатыр в) сарай маңы с) Көңілді топ
d) Абай оқитын еді е) Үнемі оқитын 
25) Басыңқы сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін көрсетіңіз. 
а) Ауылға бару в) Кейіндеп қалды с) Жаңа киім d) Ой, бәрекелді
е) Қызыл сары 
XІІ м о д у л ь 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   406

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет