27
дыбыстан да құралады. Бітеу буын төрт дыбыстан болып келгенде, дауысты
дыбыстан кейін әуелі үнді (сонор), одан соң қатаң дауыссыз дыбыстардың
бірі келуі міндетті, дауыссыз дыбыстардың бір буын ішінде езгеше болып
орналасуы мүмкін емес. Мысалы
төрт, бұлт, қант, жент, тарт, сүрт, саңқ.
Сөзді буынға бөлудің дұрыс жазу үшін маңызы зор. Жазу кезінде үнемі
сөздер бір жолға тұтас сыя бермейді. Жолдың аяғына сыймай қалған сөздің
бөлегін келесі жолға шығару керек болады. Мұны грамматикада т а с ы м а л
немесе с ө з д і т а с ы м а л д а у дейді. Әдетте мұндай жағдайда жол
аяғында сөздің сыймаған бөлігін қалай болса солай, тәртіпсіз тасымалдау ға
болмайды, тек сыймаған буынды ғана тасымалдайды. Сөзді
тасымалдауда
қате жібермеу үшін, әуелі сөзді буынға бөліп алу керек. Бірақ жолға сыймаған
буынды тасымалдағанда, бір ғана дауысты дыбыстан тұратын жалаң ашық
буынды жолдың аяғында қалдыруға да, жаңа жолдың басына шығаруға да
болмайдыі Мысалы:
ке-реге
немесе
кере-ге; сай-раған
не
сайра-ған
түрінда
буынға бөліп тасымалдауға болады. Ал
кер-еге, сайр-аған, сай\ рағ-ан
деп
тасымалдауға болмайды. Сол сияқты
әке, апа, әжі
деген сәздерді
ә-ке, а-па, ә-
же
деп буынға бөлуге болғанымен:
ә, а
дыбыстарынан тұрған ашық
буынды
жол аяғында қалдырып тасымал жасауға болмайды.
Түбір сөзге қосымшалар жалғағанда, түбір сөздің соңындағы буынның бір
дыбысы қосымшадағы буынға ауысып, буынның сапасы өзгеріп отыруы —
тілдегі заңды құбылыс. Екі дыбыстан құралған тұйық буынға жалаң ашық
буын немесе
тұйық буын жалғанса, бұрынғы тұйық буын ашық буынға
айналады. Мысалы:
ат+ы — а-ты, оқ + ы — о-қы; ар + ым — а+рым, ат+ақ
— а-тақ.
Үш дыбыстан құралған тұйық буынға жалаң ашық буын немесе
тұйық буын қосылса, түбірдің соңғы дыбысы қосымшаға ауысады. Мысалы,
ант + ы
—
ан-ты.
Үш дыбыстан құралған бітеу буынға
жалаң ашық буын
немесе тұйық буын қосылса, бұрынғы бітеу буын ашық буынға айналады да,
екінші тұйық буын бітеу буынға айналады. Мысалы:
мал-\-ы
—
ма-лы; бас +
ы
—
ба-сы, жас-\-ым
—
\жа-сым, көз + ім
—
кө-зім.
Достарыңызбен бөлісу: