Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет30/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар 
 
1.
 
Орфография нені қарастырады? 
2.
 
Қазақ тілінің орфографиясы қандай ұстанымдарға негізделіп 
жасалған? 
3.
 
Орфоэпия нені зерттейді? 
4.
 
Буын деген не? 
5.
 
Буын құрайтын қандай дыбыстар? 
6.
 
Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? 
7.
 
Буындар бір-бірінен қандай белгісіне байланысты ажыратылады? 
8.
 
Қандай құбылысты буынның жылысуы дейді? 
 

§ 13.
Екпін 
 
Сөз құрамында буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді. Олардың 
біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. 
Мұндай қасиетке, әдетте, екпін түскен буын ие болады.
Сөз ішіндегі бір буынның өзге буындардан ерекшеленіп күшті 
айтылуын е к п і н дейді. 
Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы 
ажыратылады. 


29 
1.Буынның біреуі басқа буындардан айырықша күшті айтылуы арқылы 
ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі л е б і з д і е к п і н немесе д и н а м и к 
а л ы қ е к п і н деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: славян, түркі, 
герман тілдері.
2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы 
ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің 
бұл түрі т о н и к а л ы қ н е м е с е м у з ы к а л ь д ы е к п і н деп аталады. 
Екпіннің бұл түріне ие тілдер: қытай, корей, жапон, серб, литва және т. б. 
тілдер.
3. Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының 
созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл к в а н т а т и в т і е к п і н
деп аталады. Орыс тілінде сөз құрамындағы екпін түскен буын, біріншіден, 
жоғары қарқынмен көтеріңкі айтылса, екіншіден, ондағы дауысты дыбыс 
басқа буындардағы дауыстыларға қарағанда созылыңқы айтылады. Яғни, орыс 
тіліндегі екпін түскен буын квантативті сипатта болады. 
Кейбір тілдерде екпін сөздердің әр буынына – алғашқы, ортадағы, соңғы 
буынына түсе береді. Ондай екпін ж ы л ж ы м а л ы екпін деп аталады. 
Мысалы, орыс тіліндегі екпін- жылжымалы екпінге жатады. Кейбір тілдерде, 
мысалы, түркі тілдерінде,екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа 
буындарға жылжи бермейді. Ондай екпін т ұ р а қ т ы е к п і н деп аталады. 
Тіл-тілде сөз екпінінен басқа ф р а з а л ы қ е к п і н де болады.
Сөйлеу процесінде бір-бірімен тіркесіп айтылған сөздердің әрқайсысы 
дербес екпінге ие болуы шарт емес. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы 
сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан 
жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркесіндегі екпін ф р 
а з а л ы қ екпін деп аталады. 
Мысалы: ит-құс, ине-жіп, сен ғана, ат үсті, ай 
сайын т.б. 
Қазақ тіліндегі, сол сияқты түркі жүйелі тілдердегі екпін дауыс
құйылысының қарқынмен (күшпен) айтылуына байланысты д е м е к п і н і
қатарына жатады. 
Дем екпіні екі түрлі болып келеді: тұрақты екпін, тұрақсыз екпін. Тұрақты 
екпін қазақ тілінде және өзге түркі халықтарының тілдерінде кездеседі. 
Екпіні тұрақты болатын тілдерде екпін сөздің арнаулы буынында болады да, 
сөздің грамматикалық, лексикалық мағыналарының құбылуымен екпін сөздің 
өзге буындарына ауысып, жылжып отырады. Қазақ тілінде екпін сөздің 
соңғы буынында болады. Көп буынды түбір сөзде негізгі екпін соңғы
буында болады да, қалған буындарда ешқандай екпін болмайды. Мысалы: 
шана, тарақ, терезе, қабырға, 
омыртқа.

Түбір сөзге қосымша жалғанып, сөздің лексикалық, грамматикалық 
мағынасы түрленгенде, негізгі екпін туынды сөздің соңғы буынына ауысады 
да, сөздің негізгі екпініне қосымша көмекші екпін пайда болады. Мұндай 
туынды, көп буынды сөздерде негізгі екпін қосымшаға ауысып, соңғы буында 
тұрады да, қосымша екпін түбірдің соңғы буынында болады. 
Мысалы: оқу= 
оқу+шы =оқу+шы+лар= оқу+шы+ла+ры+мыз= оқу+шы+ла+ ры+ мыз+ға
;


Қазақ тіліндегі екпін тұрақты болып, түбір сөзге қосымша жалғануына 
байланысты сөздің соңғы буынынан қосымшаларға ауысып отыруға тиісті 
бола тұрса да, қазақ тілінің кейбір қосымшалары өзіне екпін түсірмейді. Ондай 
қосымшалар жалғанған туынды сөздерде екпін соңғы буында болмай, соңғы 
буынның алдындағы буында тұрады. Өзіне екпін қабылдамайтын қосымшалар 
мыналар: 
а) жіктік жалғаулары: 
бара+ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет