жүиесіне өзінің игілікті әсерін тигізгені сияқты, қазақ тілінің буын
құрылысына да біркелкі өзгерістер енгізді.
Қазақтың байырғы сөздеріндегі буынның дыбыстық құрамы мен термин
сөздеріндегі буындардың дыбыстық құрамы бірдей емес. Оның мына сияқты
елеулі ерекшеліктері бар:
а) қазақтың байырғы сөздерінде бір буында дауысты дыбыстың алдынан
екі дауыссыз дыбыс еш уақытта келмейді. Ал орыс тілінен енген термин
сөздерінде жиі кездеседі. Мысалы:
план, класс, трактор;
ә) қазақтың байырғы сөздерінде кейбір үш дыбыстан тұрған тұйық
буынды сөздер мен төрт дыбыстан тұрған бітеу буынды сөздерде болмаса, бір
буын ішінде дауысты дыбыстан кейін де екі дауыссыз дыбыс келе бермейді.
Мұндай жағдайда дауысты дыбыстан кейін сонор дыбыс, одан соң қатаң
дыбыстардың бірі келуі шарт, басқаша орналасуы мүмкін емес. Мысалы.
мұрт, жұрт, жылт, қаңқ, бұлт, қант, ант, арт, өрт.
Термин сөздерінде бір буын ішінде дауысты дыбыстан кейін екі дауыссыз
дыбыс келе береді және ол дауыссыз дыбыстардың орналасуы ерікті. Мысалы:
метр, литр, танк, акт;
б) қазақтың байырғы сөздерінде бір буындағы дыбыс саны, ең көп
дегенде, төрт дыбыстан аспайды. Ал термин сөздерде бір буындағы дыбыс
саны бес дыбысқа дейін барады және ондағы дауыссыз дыбыстардың
орналасуы ерікті болып келеді. Мысалы:
Маркс, текст, трест, Омск.
Достарыңызбен бөлісу: