341
тіркесіп айтылу арқылы да мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасалады.
.Мысалы:
Көк жиектен күн шашырап, сагым сәулеттене
бастаған кезде,
Шығанақ
Мүхиттың «Айдайына» басты. (Ғ. М.)
4. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімше болып, оған
-
ше
жұрнағы жалғануы арқылы мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
жасалады. Мысалы:
1)
Зылиқа халатының
қалтасынан
алып бергенше,
Әшім созылған қолы
дірілдеп отырғандарға көз тастады. (К. О.) 2) Бисен шұбатылып шанадан
түскенше,
еті қызған ат жүріп кетті. (Ғ. М.)
5. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақтық есімше болып, оған
сайын
шылауы тіркесіп айтылу арқылы да мезгіл бағыныңқылы сабақтас
сөйлем жасалады. Мысалы:
Сұлтан жоғарыдан жан-жағына көз
жіберген сайын,
мына көрініс
халықтық жеңістің куәсы сияқтанады. (К. 0.)
6. Бағыныңқы сейлемнің баяндауышы шартты райлы етістік болып келсе
де, кейде мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасалады. Мысалы:
1)
Ақ боз атпен ағызып жар тасқа
Достарыңызбен бөлісу: