Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет376/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

ашылмағанда, 
консерваторияға скрипкашы, 
пианист қазақ балаларын даярлап беру мәселесі шешілмек емес. («К- әд».)

2) 
Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп 
жарыспай. 
(А. Қ.)
Бұл сөйлемдердің 
екеуі де шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер. Бірінші сабақтас 
сөйлемнің шарттық ұғым беретін бөлімі — 
Осы интернаттар 
ашылмағанда... 
деген бағыныңқы сейлемі. Екінші сабақтас сөйлемнің 
шарттық ұғым беретін бөлімі —... 
бәйгеге түсіп жарыспай 
деген бағыныңқы 
сейлемі (бұл — өлеңді сейлем болғандықтан, бағыныңқы сөйлем басыңқы 
сөйлемнен кейін айтылып тұр). 
201-жаттығу
.
Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, шартты бағыныңқылы сөйлемдердің
астын сызып, баяндауышының қандай тұлғада тұрғанын айтындар. 
1) Мен, бәлкім, кешіксем, қасқырлар айғырды талап жейді екен. 
(С. М.)


339 
2) Ал жергілікті жермен байланыс мықты болса, онда жұмыс істеу жеңіл әрі 
көңілді болар еді. 
(К. Т.) 
3) Өзінің бостандығын алмайынша, бүкіл Африка 
халқы қанаушыларға қарсы азаттық күресін тоқтатпақ емес. 
(«0. К») 
4) 
Күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап. 
(А. Қ.)
5) Жел тұрмай, шөп 
басы қимылдамайды. 
(«М. М.»)
6) Осы ұқсастықтар орысшаға аударылғанда,
бадырайып қөрініп тұратын сияқты» 
(«К. әд».) 
7) Құдай жазып осы бала тез 
келмесе, сені бүйтіп көрмес те едім, Тоқашжан! 8) Әр адам күніне алты 
кубометр топырақты шығарып отырса, жұмыста қаншалықты қарқын 
болатындығы Әсетке түсінікті. 
(3. Ш.) 
9) Қолыма қару берсе, қарауылымның 
ұшында тек немістер болар деп кеткен." 
(Әб. Нұр.) 
10) Басқа кісілер өзін 
көлденең сөзден қорғауға тырысса, Иванов өзін қосыла жамандауға бейім 
тұратын. 
(Әб. Нұр.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет