Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет396/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1)
 
Аралас құрмалас сөйлемдер құрылымдық жағынан қалай жасалады ? 
2)
 
Төл сөзді аралас құрмалас сөйлем деген не ? 
3)
 
Автор сөзі деп қандай сөзді айтады ? 
4)Төл сөз бен төлеу сөз деген не ?
 
210-жаттығу. 
Мәтінді оқып шығыңдар да, төл сөзді сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырып
жазыңдар. 
Ұлтуған алғаш көріскенде, мен де ағыл-тегіл жылаған едім.Бұл жолы 
жыламай, оны жуатпақ болып ем, жуану орнына удеп кетті. 
Сөзіме көндіре алмаған мен: «Егер қоймайтын болсаң, мен бүгін біржола 
кетем де, енді қайтып қараңды көрмеймін»,-деп, қорқытқан болып едім, ол 
ақырындап барып бәсеңдеді де, жасыл шәлісінің етегімен көзін сүртіп: «Отыр 
мұнда»,- деп, қасын көрсетті. 
-Саған ішім күйеді де, - деді апам. 
-Ішің күйіп қайтесің,-дедім мен.-Тамақты бірдеме ғып асырармын. 
-Бірақ сен өкпелеп кетіп барасың ғой, -деді апам.- «Жетім бала тас бауыр» 
деп, мінезіңе қаттылық пайда болған ба немене, сені көрмей кете ме деп 
жылап отырмын. 
-Неге көрмеймін, -дедім мен,-Менің сенен басқа кімім бар? 
Ұлтуған: «Анық өкпелемейсің бе?» деп, мені бекітіп алды да: 
- Шынымды айтайын, кеткеніңе тілектеспін.Мал түлігі болып қалдың. 
Денің сау. Енді кісіге телмірмеуің жөн. Аяқ-қолың аман болса, бұл иттің үйіне 
тамақ асыраймын деп келме!-деді. 
-Жарайды, - деп, уәде бердім мен. 


355 
Болатбай екеуіміз Қопабай үйінің сыртында оңаша кеңесіп тұрғанда, менің 
есіме түскен апамның сөзі осы еді.Сондықтан Болатбайдың: 
-Ал енді қайтесің?-деген сұрауына: 
-Қалам, - дедім мен нық дауыспен. (С.М.)
XІV м о д у л ь т е с т е р і А
 
1)Сөйлем құрмалас сөйлем деп танылу үшін, оның бойынан табылуға тиісті 
шарттар:
а) Жай сөйлемдерінің мағыналық дербестікте болуы 
в) Жай сөйлемдерінің арасында мағыналық байланыстың болуы 
с) Жай сөйлемдерінің әрқайсысының дербес бастауыштары мен
баяндауыштарының болуы 
d) Жай сөйлемдерінің интонациялық ерекшеліктерінің болуы 
е) Осы аталған белгілердің барлығының болуы 
2) Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз: 
а) Балам, жүзің сынық қой. 
в) Қарасам, таң атып келеді екен. 
с) Көрпелі, алашалы, кілемді, текеметті қонағуар үй. 
d) Айдың шалқая тууына қарағанда, қыс қатты болатын сыңайлы. 
е) – Бәрекелді, өмір-жасың ұзақ болсын, қарағым ! 
3) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз: 
а) Қалжыңы, күлкісі аралас, шай өте көңілді ішілді. 
б) Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған ат жүріп кетті. 
с) Раушан сол орнында отыра берем десе де, болмай столдың басына
шақырды.
d) Сақман аяқталысымен, көмекшілері қайтып кеткен. 
4) Басыңқы сөйлемді көрсетіңіз: 
Күн райы, біз Екібастұзбен танысып
үлгермей, бұзыла бастады. 

а) Бұзыла бастады в) Біз
 
Екібастұзбен танысып үлгермей 
с) Күн райы бұзыла бастады. d) Біз танысып үлгермей 
5) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз: 
а) Қай жақтың атызы бұрын бітсе, сол жақ суды бұрын алады. 
в) Бойың көкке жетсе де, ойың әлі қысқа екен. 
с) Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы. 
d) Он бір сан халайықтың бәрі келді, айтқан күні жиылып бірі қалмай. 
е) Адамдары, малдары, күркелері қосылып, бір ауылдан бір ауылды
айырып болмайды. 
6) Сөйлем түрін анықтаңыз:
Өткен жылы ел ертерек қоныс аударып кеткен 
мол сулы, кең арналы қоныс әлі соны тұр. 
а) салалас құрмалас сөйлем в) сабақтас құрмалас сөйлем с) жай сөйлем 
d) аралас құрмалас сөйлем 
7) Сөйлем түрін белгілеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет