а) ыңғайлас салалас в) түсіндірмелі салалас с) қарсылықты салалас
d) себеп-салдар салалас е) талғаулықты
8) Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, лүп еткен жел жоқ.
в) Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық.
с) Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім.
d)
Сайлау өтпеді, өйткені ояз келмей қалды
е) Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.
9 Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Көшпесек, болыс бізді қырына қатты алды.
в) Жай басып, ауыр тыныс алып, демігіп келе жатқан өзінің шешесі екен.
с) Айналасы елсіз, жым-жырт боп бос жатқан құла дүз.
d) Қарындас, Әлжан денен зоотехниктің үйіне қалай баруға болады?
е) Аудан орталығы саналатын Қарасуда, жаңылмасам, екі техникум, екі
орта, бір сегізжылдық мектеп бар.
10) Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Рысқұлов соны есіне алды да, енді мына Чичериннің сөзіне шын сенді.
в) Нұрғаным бір түрлі байыпты және еркін, батыл көрінді.
с) Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің қарызы-ән салу.
d) Түсіндім, түсінгеннен кейін осылай істедім.
е) Ертеңіне үйге жеңгем Жұпаркүлдің көрші ауылда
тұратын сіңлісі
күйеуімен келді.
11.Салаластың түрін анықтаңыз:
Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу
қолын бұлғады,біреулері оның атын атап айғайлады.
а) ыңғайлас салалас в) қарсылықты салалас с)себеп-салдар салалас
d) түсіндірмелі салалас е) талғаулықты салалас.
12) Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Қаңтарулы аты қасында, қамшы мен шылбыр белінде.
в) Ол неше түрлі әңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып
тыңдаймын.
с) Еңбекті қанша істесең, табысты сонша табасың.
d) Уайым түбі-тұңғиық, батасың да кетесің.
е) Бардық, көрдік, жеңдік.
13) Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің
байланысын көрсетіңіз:
Биені жыққан соң, төрт аяғын буады да, қыл бұрау
салғаннан кейін тақымын бұрайды
.
а) Іргелес тұру арқылы а) шылау арқылы с) интонация арқылы
14) Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының
қандай тұлғада тұрғанын
көрсетіңіз:
Төстік ауылдан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді.
а) есімше в) көсемше с) шартты райлы етістік d) есімше мен септеулік
шылаудың тіркесі е) ашық рай
15) Сөйлем құрмаластың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
Қыстың басы
тақау болғанмен, әлі қар түсе қойған жоқ.
а) салалас құрмалас в) сабақтас құрмалас с) аралас құрмалас
357
16) Сөйлем салаластың қай түріне жататынын көрсетіңіз:
Ауру жаныма
батып барады, алайда сыр берген жоқпын.
а) ыңғайлас в) түсіндірмелі с) қарсылықты d) себеп-салдар е) кезектес
17) Шартты- бағыныңқылы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Ділдәні Абайға айттырған уақытта Алшынбай аулы күміс тартқан.
в) Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар еді.
с) Туысқан бола тұрып, екеуі жат адамдар сияқты.
d) Әуежайды қалың тұман басып, бұлар мінген ұшақ Қарағандыға қонды.
е) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар.
18) Сөйлем құрмаластың қай түріне жататынын көрсетіңіз:
Бәйтеректің
тереңге бойлаған тамырлары, желкілдей өскен жапырағы өзіне ғана
емес, көпке қызмет етеді, көпке сая болады.
а) салалас құрмалас в) сабақтас құрмалас с) аралас құрмалас.
19) Сөйлем салаластың қай түріне жататынын көрсетіңіз:
Осы айтқанын
бұлжытпай орындады да, қашқындар тарта берді.
а) талғаулықты в) ыңғайлас с) себеп-салдар d) қарсылықты
е) кезектес
20) Сөйлем құрмаластың қай түріне жататынын көрсетіңіз:
Сүгірбай әбден
түрткілеп қоймаған соң, Кәлен өз білгенін жеткізген болды.
а) салалас құрмалас в) сабақтас құрмалас с) аралас құрмалас
21) Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз:
а) Бұрын кейбір балалық мінездері байқалса, енді әр мінезінен ,
тұлғасынан бойжеткендік байқалады.
в) Терезенің түбінен қатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабаланып үріп
қоя
бергенде, үйдегі шешелер ояу еді.
с) Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қояр еді, қыз
да, сендер де жоқ едіңдер.
d) Ушаков ығыспайтынын ашық көрсетпек еді, онысы бүркеліп қалыпты.
е) Жабай шығып кеткенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей
тұрмақ еді, ол ойы іске аспады.
22) Сөйлем салаластың қай түріне жататынын көрсетіңіз:
Күн бесіндіге келген
кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды: кемсеңдеп кемпір-шал
жылады, қанын тартып, сұрланып, сең соққан балықтай мең-зең болып
жастар тұрды.
а) ыңғайлас салалас в) қарсылықты салалас с) себеп-салдар салалас
d) түсіндірмелі салалас е) кезектес салалас
23) Төлеу сөзді көрсетіңіз:
а) «Жақсы сөзді ел жаттар, Ел жаттар сөзде салмақ бар» -деді Жамбыл.
в) Мұқтар Әуезов: «Кімде-кім ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, оны
сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» -деді.
с) Ғабит Мүсірепов ана тілін ұмытқан адамның өз халқының өткенінен де,
болашағынан да қол үзетіндігін айтты.
d) - Ана тілін ұмытқан адам, - деп жазды Ғабит Мүсірепов өзінің
мақаласында, - өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
е)
Мұқтар Әуезов өзінің ана тілін, әдебиетін сыйламаған адамды сауатты,
мәдениетті адам деп есептеуге болмайтынын айтты.
24) Төлеу сөзді көрсетіңіз:
а) Абай бұған күлді де, Шыңғыс деген белгілі хан екенін айтты.
в) Құнанбай Абайға: –Ана шешелерің жаққа бар, балам, амандас, - деді.
с) -Балалар, мен бір ақыл таптым, - деді ол.
d) Абай бұған күлді де: - Шыңғыс деген атақты хан болған, -деді
е) –Балалар,-деді ол, - мен бір ақыл таптым !
25) Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде қандай қызмет атқарып тұрғанын
көрсетіңіз:
Абай өзінің жасында ғылым бар деп ескермегеніне өкінетінін
айтты.
а) анықтауыш в) толықтауыш с) пысықтауыш d) баяндауыш
е) бастауыш.
Достарыңызбен бөлісу: