Қазақстан ұстазы 42
«6В01601»- тарих, 4 курс студенті Қабылбаева Айгерім Бауыржанқызы АДАМ ЖАНЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ. Адам - жер бетіндегі тіршілік иесінің бірі қоғамның
басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы
дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең
сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып
өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі
басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы.
Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам
болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан
тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай
ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» .
Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың
сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей
түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына
келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын
жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу
болып, ем-домын жасап үізілген үмітке от жағатын –
дәрігер. Ол – адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан
қорықпайды. Қорықпағаны сондай – онымен аяусыз
күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін
барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды.
Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық.
Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол,
атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен
шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға
бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар
қаншама. Солардың бірі Баймусанов Адильбек. Он
-
колог-хирург, жоғары біліктілік санаты онкохирургия
бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Республикасының
онкологтар қауымдастығы,Қазақстан эндоскопиялық
хирургтар қауымдастығының,Ресейдің ісікке қарсы
қоғамы мүшесі.Білім жолына келетін болсақ 2009
Семей мемлекеттік медицина университеті «Емдеу
ісі» мамандығы,Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім Алматы мемлекеттік жоғары оқу орнынан
кейінгі дәрігерлер білімін жетілдіру институты,
«Онкология» мамандығы. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСі
2010 ж. – Өскемен қ., БСМП жедел жәрдем бөлімінің
хирург дәрігері.2011 ж. - КГКП Павлодар облыстық