Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары № 3 (36)• 2016
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering graphic and
профессионального образования № 3 (36) 2016
38
professional education № 3 (36) ·2016
болды. Әрине біздің назарымыздағы басты мақсат бейнелеу өнерінің қазіргі кездегі көрінісі,
оның өткені мен болашақтағы келбетіне болжам боларлықтай даму өзегін айқындау.
Осыған байланысты Қазақстан мәдениетінің алдында екі іргелі міндет тұр: қазақы
мәдениеттің өзіндік келбетін сақтап қалу және көркемдік кеңістік пен уақыт ырғағында
қалыптасқан тұрақты нақыштардың негізінде оның даму сапасына игі әсер ету.
Сондықтан біз уақытқа байланысты, оның өзгеріс сапасын дамытқанда Тас дәуіріндегі
суреттік белгілерге көңіл бөлеміз. Ұлттық нақыштың тұрақтанып үлгіленуі
осы кезден
басталады. Одан кейін қазақ өнері үшін дәстүрлі мәдениет ретінде жалғасқан халықтық
шығармашылық үлгілерінің ұлттық белгілері ғасырлар бойы жетіліп, ХХ ғасырдың басына
дейін шыңдалып келді.
Қазіргі кездегі Қазақстан бейнелеу өнерінің сипаттық ерекшелігіне өзгеріс енгізіп, кәсіби
өнердің жаңа сапалық белгілерін қалыптастырған өнер шындық бейне яғни реализмнің
әдістемелік негіздері болды. Осының өзі айналып өтуге мүмкін болмайтын тарихымыз. Ол
дәстүрлі халықтық сана сезімге сапалы өзгерістер жасап, нақыш пен сурет қатынасындағы
жаңа қасиеттерді анықтады. Бұл бір ғана кеңістік ауқымында
байқалған уақыт ырғағындағы
өзгерістер еді. Дегенмен халық өнерін хронологиялық тәртіпке бағындыруға келе бермейтінін
айтуымыз керек. Оның көркемдік тұрақты нақыштары қадым заманда қалыптасып, белгілі-бір
әлеуметтік-саяси және мәдени жағдайлардағы өзгерістерге байланысты ол өнерде жаңа сапалы
реңдер пайда болып, кейін соны қырынан көрінуі мүмкін. Соған қарамастан бұтақтарын
айналасына кең жайып, уақыт өткен сайын толыға түскен діңгек секілді ол бір тамырдан
қоректенетіндігі даусыз.
Қазақтардың өткен кезеңдердегі рухани дүниесі ислам дінімен үйлесімін тауып, көркем
кеңістіктік-уақыттық ырғақта болмысы түгел дерлік сақталып,
семантикалық сипаты ғана
ішінара өзгеріске ұшыраса, мұсылмандық мәдениет те тұтасымен алғанда халқымыздың
санасына сапалы өзгерістер енгізіп, кейін жаңа тарихи жәдігерлердің қалыптасуына жағдай
жасады. Бейненің тұрақты нақыш үлгілеріне өзіміздің тұрақты қатынасымыз жөнінде айтқанда,
әрине, біз әр уақыт аралығындағы өнердің қайталанбас өз спецификасы болатынын ескереміз.
Әлеуметтік, қоғамдық, ғылыми-техникалық жетістіктердің және басқа бөтен мәдениеттердің
ықпалдарына байланысты бұрынғы дүниетанымдық
көзқарастың өзгеріп, жаңа сананың
қалыптасуы заңды процесс.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік жағдайлар өзгеріске ұшырап, мәдени ақпараттық алмасулар мен
өзара әсер қатынастарының күшейіп, өнер тек қана рухани сұраныс болудан қалып, ол тауар
ретінде де жұмыс істей бастаған кезде және оған деген сұраныс критериінің көпшілікке, жеке
адамдарға, базар талғамына, көрмелер мен мұражайларға арналған түрлі талап-тілектерін