Қызметі мен аудармада берілу тәсілдері б. Е. Боранкулова



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата22.10.2023
өлшемі491,06 Kb.
#120574
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
мақалалар жинағы



Global Trends and Values in Education 1 (1) 2020 
117 
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-
ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЛЕКСИКА: 
ҚЫЗМЕТІ МЕН АУДАРМАДА БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
Б.Е. Боранкулова 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, 
Қазақстан 
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының докторанты 
E-mail: 
b_bakit@mail.ru
 
Түйіндеме. 
Мақаланың мақсаты - романдағы халықтың медицина лексикасының 
қызметін анықтап, оның ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасының берілу 
тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасау.
Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лекикограф Уилфред 
Джон Фанктың «Word Origins and Their Romantic Stories» атты еңбегіне сүйене келіп, 
оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі 
лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады». 
Сол сияқты халық медицина лексикасы ұлттың тарихымен, оның материалдық 
мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты.
Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы 
халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып, анықталған медицинаға қатысты 
сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-этимологиялық және лексико-семантикалық талдау 
жасалды. Сонымен қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі 
қарастылырып, олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын 
аудармашылық паралельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен 
аударма сәйкестіктері зерделенді. 
Зерттеу нәтижесінде автор романында медициналық лексика халықтың діни-
нанымдары мен әдеп-ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (жел үшық, үшкіру, дем 
алу, қасида оқу), адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру
үшін метафораланған медициналық лексиканың қолданғаны анықталды.
Романдағы халықтық медициналық лексиканы ағылшын және орыс тіліне аудару 
кезінде транслитерация, сипаттамалы аударма арқылы берілген.
Кілт сөздер:
халықтық медицина лексикасы, метафора, этнолингвистика, рухани 
құндылық, аударма тәсілдері. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет