219 Ағза Популяция Бірлестік Өлі табиғат Экожүйе Бірлестік(қауымдастық) – осы экожүйедегі әр түрге жататын тірі
ағзалардың тұрақты бірлестігі. Ең алдымен бұл ағзалар энергия ағыны –
қоректік тізбек және тор арқылы байланысады. Сонымен қатар бұдан да
едәуір күрделі өзара байланыс болады.
Жалпы экожүйе құрылымын төмендегідей сызба түрінде көрсетуге бо-
лады:
Экожүйелердің көпшілігіне Күн энергиясы түседі. Тек мұхит
түбінің және т.б. экожүйелерде бұлай болмайды. Мұндай экожүйелерде
энергияның жансыз (өлі) табиғаттан жанды (тірі) табиғатқа берілуінде
фотосинтездеуші ағзалар – жасыл ағзалар басты рөл атқарады. Себебі
фотосинтездеуші
ағзалар
Күн
энергиясын
өнімдер
энергиясына
(нәруыздар, майлар мен көмірсулар) айналдырады, оларды экологияда
продуценттер(өндірушілер) деп атайды
. Продуценттер қоректік тізбекте бірінші қоректік (тро фи калық)
деңгейде болады.
Консументтер келесі қоректік (трофикалық) деңгейде болады.
Олар продуценттер есебінен қоректенеді. Бірінші реттік консументтер-
ге продуценттерді тікелей пайдаланатын шөпқоректі жануарлар жата-
ды. Екінші реттік консументтер шөпқоректі жануарлармен қоректенетін
жыртқыштар болады (бірінші реттік консументтерді тұтынатын). үшінші
реттік консументтер жыртқыштармен қоректенетін жыртқыштар бо-
луы мүмкін, мысалы, түлкіні жейтін бүркіт және т.б. Консументтерге
өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлі паразиттері де жатады. Пара-
зиттер мен жыртқыштар арасындағы негізгі айырмашылық – жыртқыш
жемтігін өлтіріп, бірден жейді. Ал паразит бірге тіршілік етіп, иесінің
есебінен ұзақ қоректенеді.
Редуценттер немесе
деструкторлардың паразиттерден айырма-
шылығы – тірі ағзалар бөлінділерімен немесе қалдықтарымен қоректе-
неді. Олар ең соңғы қоректік (трофикалық) деңгейде болады, минерал-
дануды жүзеге асырады, яғни химиялық элементтерді жансыз табиғатқа
қайтарады.