68
В
2
дәруменінің
(
рибофлавин
)
орталық жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс
істеуі, сондай-ақ зат алмасу және қан түзілу үшін маңызы зор. Рибо-
флавиннің
жетіспеуі терінің,
шырышты қабықтың зақымдануына,
көрудің бұзылуына себеп болады. Бала ағзасына
В
2
дәрумені жеткілікті
түспесе бойының өсуі тоқтайды, ішкі мүшелерінің шырышты қабығы
мен терісі қабынады.
Көздің мөлдір қабығы қабынып,
көзден жас
ағады.
В
2
дәрумені көп мөлшерде ашытқы, бидай кебегі, бұршақ, ет, сүт және
жұмыртқа сарыуызында болады.
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 2–2,5 мг.
В
6
дәрумені
(пиридоксин)
негізінен нәруыздардың алма суын реттейді.
Ағзаның темірді пайдалануына, эритроциттер дің жетілуіне әсер етеді. Ол
майлардың алмасуын, бауыр мен терідегі дұрыс зат алмасуын қамтамасыз
етеді.
В
6
дәруменін ішек микрофлорасы синтездейді.
В
6
дәруменінің
жетіспеуі
анемия, дерматит
және
тырыспа
ауруын ту-
дырады.
Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 1,5–2 мг.
Достарыңызбен бөлісу: