ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН БІРЛЕСЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМ
ЭТНОНИМДЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ
Демесінова Г.М.
Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің аға оқытушысы,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситетінің 2-курс докторанты,
филология магистрі,-Ақтөбе қ., Қазақстан
ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді.
Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында
тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға
қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан дарынды тұлға тәрбиелеу. Ол үшін
оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы
мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек. Баланың белгілі бір іс-әрекетке
белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан,
адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру,
тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде
ғана дамиды.
Қазіргі кезде зерттеу ісі бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген кәсіби
шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бүгінгі білім
беру саласының маңызды міндеті – баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен
білігін үйрету. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның қабілетін түрлі
әрекетке көсілдіру үшін зерттеуге дайындау қажет. Дарынды бала – бұл болашақта жаңа
технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық. Дарынды
баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту – қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға
алынып отырған өзекті мәселе. Осы мақсатта білікті ұстаз ретінде көп жылғы
педагогикалық-әдістемелік тәжірибемді пайдалана отырып, өзім қызмет ететін Қазақ-Орыс
Халықаралық университетінде ағылшын тілі пәнінен дарынды білім алушылармен арнайы
тәжірибелік жұмыстар жүргізіп келемін, шәкірттерімнің ағылшын тіліне, аударма жасауға,
тіл үйренуге деген қызығушылығы мен ұмтылысы, талабына қарап, нәтижесіз емес екеніне
сенемін.
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік
жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға
қалыптастыру заман талабы. Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен
қарым-қатынасымыз күннен-күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл ағылшын тілін
оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді талап етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз,
біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қоймай, дарынды
оқушыларды анықтап, тілді терең меңгерту. Бүгінгі күннің талабы, ағылшын тілі
оқытушысының алдына қойған мақсаты тіл үйренушілерді шет тілінде сөйлету
болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі
ең тиімдісін өз сабағында қолдануды басты міндет деп біледі. Ағылшын тілі пәні
оқытушылары қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету
саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша
қолдануда. Ағылшын тілі оқытушысы ретінде менде өз тәжірибемде ағылшын тіліне
аударма жасауда соны жаңалықтарды қолданамын, оқушыларыма үйретуге тырысамын.
252
Соның бірі, мақаламызда талданатын қазақ халқына ғана тән салт-дәстүр, жоралғы, ұлттық
тағам, киім атаулары, тұрмыстық бұйымдар мен танымдық ерекшелігіне байланысты
атауларды ағылшын тіліне аудару, өзге елге қазақтың бітім-болмысын, рухани мәдениетін,
салт-дәстүрін этнолингвистикалық тұрғыдан ағылшын тілінде танытып, ұғындыру,
насихаттау.
Біздің заманымыздан бұрынғы дәуірлер шежіресіндегі қазақтың ұлттық киімдері
бүгінгі таңда тек мұражайларда сонымен бірге мұрағаттар мен тарихи әдебиеттерде
сақталған. Қазақ қыздарының ұлттық киімін баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты
жұмсақ, нәзік маталарды пайдалана отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жең қылып және кең
көлбендете тіккен. Бұлай тігілетіндігі қыз балалар мен әйел адамдардың нәзіктігі мен
әдептілігі үстіндегі киімінен көрініп тұрсын деген ниеттен. Ал, етек-жеңі кең болатыны –
қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірім мен қонақжайлығын, даладай
кең пейілділігін білдіреді. Басқа ұлттық киімдерді былай қойғанда қазақ халқы ежелден
шапанды, камзолды, тақия мен бөрікті айрықша киелі киім ретінде санаған.
Халқымыз ерте заманнан бері ұлттық киімді кімнің болса соның иығына жауып,
қалай болса солай сыйға тартпаған және де ел басқарған хандар мен сұлтандар қазақы
қалыптың, ұлтымыздың айрықша белгісіндей болған шапанды әсте иықтарынан
тастамаған.
Қазақ әйелдерінің дағдылы аяқ киімі кебісі-мәсі, ауқатты отбасы әйелдерінің
салтанатқа киетін оюланған кестелі етігі, көк сауыр былғарыдан тігіліп, оюлап, күміс
құйма қақтырған кебістер болды. Қазақтың киім-кешек үлгілерінде кейбір жергілікті ру-
тайпалық сәндер де болды. Мысалы, керей тымақ, найман тымақ, албан бөрік, қызай қалпақ
т.б.
Қоршаған орта мен климат жағдайлары, кәсібі, шаруашылық негіздері мен жалпы
тұрмыстық ахуал, халықтың әдет-ғұрпы мен табиғи талғамы қазақтың ұлттық киім
үлгілеріне ықпал еткен. Ақын Абай Құнанбаев «Ескілік киімі» өлеңінде ұлттық киім туралы
былай дейді:
Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап кигенім шидем шекпен.
Жиде, дамбал ақ саннан жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдіптелген.
Мықшима аяғымда былғары етік
Киіз байпақ тондырмас ызғар етіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған
Шақпағым, дәндекуім жарқ-жұрқ етіп.
Күләпәрә басымда пұшпақ тымақ,
Ішкі буын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап
Артын белге қыстырған бар құрысқақ.
Шидем шекпен. Тысы қолдан тоқылған қоңыр түсті түйе жүнінен және қоңыр түсті
матадан тігілген ер адамның сырт киімі. Тік жағалы, кең етегі жіңішке сұр түсті матамен
әдіптелген.
Shidem shekpen. Homespun fabric from camel’s wool, silk, velvet, quilting.
Шалбар. Ақшыл сары түсті түйе жүнінен тоқылған матадан тігілген, қоңыр сәтенмен
астарласқан.
Man’s trousers. Middle of the XX c. Wool, sateen, wooly fabrics.
Қазақ еркектері киім сыртынан кісе, оқшантай, дәндекулер асылған құймалы
былғары белбеу буынды. Бұл белбеулерде былғары, яки ағаштан жасалған қын мен пышақ
және шақпақ асулы тұрды. Ал қалың матадан тігілген бас киім башлық яғни күләпәрә деп
аталды. Қазақтардың қысқы киімдері көбінесе әр түрлі теріден, жазғы киімдері пұлдан
тігіледі.Өйткені қысқы киім жылулықты, ал жазғы киім сұлулықты талап етеді. Еркектер ақ
пұлдан кең жейде, дамбал, оның сыртынан бешпент, камзол, онан соң түрлі үлгілі шапан
253
киеді. Қысқы киімі қойдың немесе түйенің жүнінен тоқылып, қалың матамен тыстап, кең
тігілетін күпі, аң терілерінен құрастырылып, сыртын пұлмен тысталған ішік, күпі немесе
тон сыртынан киілетін кең шидем шекпен.
Қасқыр ішік. Kaskyr ishik. Man’s wolf skin coat.
Сенсең тоң. Sensen ton. Man’s fur coat. Tanned sheepskin, colour threads, embroidery.
Күпі. Kupi. Man’s fur coat. Silk, camel’s wool, cotton fabric, fox pads’ fur.
Шапан. Man’s shapan.Velvet, silk, galloon, gold thread.
Бешпент. Man’s beshmet. The beginning of the XIX c. Sateen.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» атты көлемді поэмасында
қазақтың салт-дәстүрімен қоса қазақтың ұлттық киімдеріне де қысқаша өлең жолдарында
айтылып кеткен.
Мамыр жылқы бағады күндіз барып,
Тымақ киіп, қолына құрық алып.
Қалқаман Мамырменен малда жүріп,
Біраз сөз сөйлесіпті, кез боп қалып.
Тымақ ағылшынша «Tymak» деп аударылады. Жалпы В.Плотников 1859-1862
жж тымақтың 15 түрін жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынадай: жаба салма
тымақ, қайырма тымақ, шошақ төбе тымақ, жекей тымақ т.б.
Сахналық бешпент. Тысы күрең, қызыл түсті мақпалдан, астары ашық қоңыр
жібектен салынған әйелдің сырт киімі. Белінен сәл ғана қынап тігілген. Жағасы тік, тірсек
жеңді болады.
Stage beshmet. Velour, silk, beaver lamb, silk, cord. Қазақтың сахналық бешпентін –
ҚазКСР халық артисі Ш.Жиенқұлова киген. Қазақ арасында аса шебер зергерлер болды.
Олар алтын-күміспен, алуан түрлі асыл тастармен ер, жүген, үзеңгі сияқты ер-тұрмандарын
безеп, сырға, білезік, алқа, шолпы, белбеу, сәнді сәукеле жағаларын жасаған.
Сәукеле – конусқа ұқсас пішінді, тәжісі қызыл мауытымен, милығы қара барқытпен
тысталған. Тәжінің жоғарғы бөлігінің алдыңғы бетіне төртқұлақ пішінді құйма
шытыралар қондырылған. Оның үстіне маржан және перуза тастар орнатылады. Saukele.
Woman’s wedding headdress. The beginning of the XX c. Cloth velvet, fringe, eagle - owl’s
feathers, metal, braid, corals, turquoise, otter’s fur.
Ұлттық киімдердің түрлеріндегі ерекшесі – бас киімдер. Жас қыздың басына ақ-қара
орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. ХІХ мен ХХ ғасырдың бас
кезінде қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В Захарова мен Р.Р Ходжаева ер
адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөлген
1)Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан
киетін кішігірім бас киім – тақия.
2) Матадан тігілген, кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей.
3) Киізден жасалған бас киім – қалпақ.
4) Қалың матадан тігілген – башлық.
5) Тері қапталған, жылы бас киім – бөрік.
6) Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім – тымақ.
Мұрақ – барқыттан жасалған салтанатты бас киім. Мұны Баймұхамед Айшуақов
киген. Арнайы сұлтан-билерге арналып тігіледі. Murak. Ceremonial man's headdress,
beginning of the XXC, Velvet, gold thread, felt and card. Kalpak. felt hat with fields. Beginning
of the XXC. Felt, sateen.
Көйлек. ХХ ғасырдың басы. Жібек, барқыт, оқа сияқты маталар қолданылады.
Қоңыр түсті жібектен кебенекше ойып пішіледі. Woman's dress. selk, braid.
Еtik. (foots) are subdivided into the following groups: biik orshe (high heeled), zharma
konysh (with double wide top), tiremeli (lined with metal heeltaps), koksaur (from high - quality
saur leather), saptama (winter footwear with hightop), zhumsak taban (on soft sole), ushkil tumsyk
(with poined toe) shonkaima (with stanting heel), zhibek etik (silk foots), etc. Traditionally, the
footwear with identically formed sole (left and right foot did with no difference).
254
Masi – soft footwear with light top without heels. Masi are light, practical and comfortable,
they are sewn from soft lamb's, shagreen leather. There are mainly intended for women and old
people.
Жалпы айтқанда, қазақтың ұлттық киімдері ағылшын тіліне қалай оқылады сол
бойынша жазылады. Нақты аудармасын табу қиын, өйткені, қазақ тілінде қолданылатын,
әрі түсінікті болатын сөздер, ежелден айтылып келе жатқан қазақтың тіліне жатық сөздер
ағылшын тілінде жоқ. Егер де ұлттық киімді сипаттайтын болсақ ортақ сөздерді
қолданамыз. Мысалы, асыл тастарды, металл, көйлектерді, бас киімдерді, етіктер мен
шалбарларды айтамыз да аталуын сол қалпы өзгертпейміз. Аудармада киімнің қалай,
неден жасалатындығын, өлшемін, қай мезгілде киетінін, қандай мән-мағынада екенін
білу шарт. Қазіргі кезеңде қазақтың ұлттық киіміне әлем елдері өз қызығушылықтарын
білдіруде, сол себепті де қазақтың ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміз бен рухани
мәдениетімізді төл ұлттық киімдеріміз арқылы таныту маңызды. Қазақстандық танымал
киім дизайнерлері Айда Кауменова, Құралай Нұрқаділова, киіз өнімдері арқылы ұлттық
киімдерімізді насихаттап жүрген Ая Бапани, ұлттық киім элементтері мен заманауи стильді
астастырған Динара Абдуллина т.б. қазақтың ұлттық киімдеріне жаңаша сипат беруде.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. - М.:
Академия, 2014, - 264 б.
2. А. Құнанбаев Шығармаларының екі томдық толық жинағы А: Жазушы 1995 –
355 б.
3. Омарқұлова С.А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен
түрлерін жетілдіру // Мектептегі технология, 2019. №5, 3-4 б.
4. Тоқтарбаева Р. Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу // Тәрбие туралы,
2010. №6, 7-9 б.
5. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. Астана, Аударма баспасы, 2020 ж., 350 б.
255
Достарыңызбен бөлісу: |