246
Көшбасшы — (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа
ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат –
мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия
білген адам. Басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір
адам болады. Әлеуметтік психологияда мұндай адамды «көшбасшы" деп атайды.
Топтық іс-әрекет негізінде формалды емес көшбасшы қызметтері екіге
ерекшеленген: біріншіден, олар қалыпты топтық мінез – құлық эталонын орнатады,
мысалы: достық, жауапкершілік, өзара түсіністік, өнімділік, немесе топтың негативті
әрекеті, агрессия, оңашалану.
Екіншіден, формалды емес көшбасшы норма, дәстүр, мақсаттарды орнатып топтық
мінез – құлық эталонына мәжбүрлейтін әр топ мүшесі үшін мотивациялық мінез – құлық
танытады.
Бұл екі негізгі қызметтен өзге формалды емес көшбасшы төмендегідей қызметтерді
атқарады: топтық мінез- құлық координаторы, әрбір тұлға мінез – құлық реттеушісі, әрекет
және құралдарды жоспарлаушы, арбитр, эксперт, үлгі. Аталған қызметтерді орындау үшін
өзге топ мүшелерімен көшбасшыда қабылдаудың ерекше шарттарын құру қажет.
Көшбасшы әртүрлі болады, бірақ оған қарамастан олардың ортақ сипаттамалары мен
қасиеттері бар.
Л.И. Уманский пікірінше ұйымдастырушы (көшбасшы) тұлғасының жеке
сапаларына: құзыреттілік,
белсенділік, бастамашылдық, табандылық, қарым – қатынасқа
тез түсушілік, өзіне деген ұстамдылық, байқампаздық жатады. Формалды емес
көшбасшының маңызды жеке қасиеттері төмендегідей болып табылады: оптимизм,
коммуникативтілік, мақсаттылық, тактикалық, зейін қоюшылық, тұтастылық,
өз-өзіне
сенімділік, биязылық, объективті өзіндік бағалауға мүмкіндік.Осылайша, ұжым көшбасшы
– бұл белгілі бір администрациялық күш көрсетпестен өз соңынан өзгелерді ерте алатын
адам. Ол өзгелерді өзіне жақтас ете білетін және өз бастамаларының қатысушысы ете
алатын адам. Осының нәтижесінде адамдар өз интеллектуалды – психологиялық әлеуетін
пайдаланып ұжымдық интеллектуалды іс-әрекетке қатысады. Осы тұрғыда ұжым
мүшелерінің дербес интелектуалды – психологиялық мүмкіндіктерінің катализаторы еді.
Көшбасшы –топта орталы, назарда болатын, әрқашан бастамашыл, белсенділік пен
табандалақ қабілетімен ерекшеленетін адам.
Жоғарыда келтірілгенге сүйене отырып, табысқа жету және сәтсіздіктен қашу
уәждері студенттердің көшбасшылық әлеуетін дамытудағы қозғаушы күш деп айта аламыз.
Барлық ескерілген зерттеулерде жетістік уәждемесінің екі нәтижесі бар деуге болады:
табысқа қол жеткізу немесе сәтсіздікке ұшырау. Осылайша, жетістікке бағдарланған мінез-
құлық әрбір адамда табысқа қол жеткізу мен сәтсіздіктен қашу уәждері болатынын
болжайды. Басқаша айтқанда, барлық адамдар табысқа қол жеткізуге мүдделі болу және
сәтсіздіктен үрейлену қабілетіне ие. Дегенмен, әрбір жеке адамда жетістікке жету уәжі
немесе сәтсіздіктен қашу уәжін басшылыққа алудың үстемдікті үрдісі болады.
Жалпы
жетістік уәжі қызметті өнімді орындаумен, ал сәтсіздіктен қашу үрейлену мен қорғаныстық
мінез-құлықпен байланысты.
Студенттердің көшбасшылық әлеуеттерінің маңызды танылуы болып олардың
мінез-құлықтарының анықтаушылығы, реттілігі (мақсат, уәж, тәсілдердің келісімділігі),
сондай-ақ, топтың басқа мүшелерімен оңтайлы өзара әрекеттестік болып табылады. Белгілі
бір сатыда бұл әлеуетті көшбасшы тобының жастардың жалпы көпшілігінің ішінен бөлініп
шығу критерийі болуы мүмкін.
Студенттерде көшбасшылық әлеует дамуы тұлғаның құндылықты-мәнділікті
бағдарына негізделетін көшбасшы болу қажеттілігінің қалыптасуынан басталады.
Тиісінше, бұған психологиялық білім мазмұнын жобалау бағытталуы қажет. Зияткерлік
қана емес, қоғамдық қызметте де табысқа қол жеткізуге нұсқама көшбасшылық
функцияларды орындауға ынтаны дамытады. Беделге ие болу, жолдастар тарапынан
247
жауапты шешім қабылдау құқығын мойындауы – бұл өзін-өзі бағалауды өсіретін, тұлғалық
құндылықты қалыптастыратын өмірдегі елеулі табыс болып саналады.
Психологиялық білім беру әлеуетті көшбасшының өзін-өзі тәрбиелеуге ынтасының
артуына көмектесу қажет. Бұл үдерісте оларға маңызды болатын жеке бастың
ұйымдасушылығы, өзіндік тәртіп, эмоционалды-жігерлік әуелеттің нығаюы мен дамуы,
өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттердің дамуы, сондай-ақ, демотивация
факторларын (төмендетілген өзіндік баға, жеке құндылықтардың шайылуы, өмірлік мәнді
бағдарлардың бұзылуы, қалдырылған өзін-өзі дамыту, өзін-өзі шектеу) жою орын алады.
Кез-келген әрекеттің өзін-өзі реттеуінің міндетті компоненттері
болып мінез-құлықтың
өзін-өзі реттеу үдерісінің оны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде өзегі ретінде көрініс
табатын және мінез-құлықтың қол жеткізілген әсерін түсініп қабылдауға елеулі ықпал
ететін ерік-жігер мен өзіндік баға болып табылатын ескеру қажет.
Субъектінің көшбасшылық әлеуетінің ашылуы ұжым құрылуы үдерісімен тығыз
байланысты. Топ пен оның көшбасшысының құндылықты- бағдарлық біртұтастығы
көшбасшы ұстанатын, оның рухани-адамгершілікті және болмыстық бағытталуын
білдіретін құндылықтары, өмірлік мәндерін топтың басқа мүшелері қуаттайтын жағдайда
пайда болады. Мысалы, табысқа бағдарланған көшбасшы тек өзі ғана өсіп, дамып, арнайы
және базалық, өзекті құзіреттіліктерге ие болуына болмайды, өз курстастарын да оқуға
ынталандыруы қажет.
Субъект таңдап алған қызметтің социомәдени моделіне, үстемдік ететін
дүниетанымына, құндылықты-мәндік бағдарлардың қолданыстағы координаттар жүйесіне
байланысты А.Г.Асмолов тұлға дамуының екі стратегиясын бөліп көрсетеді: пайдалылық
мәдениеті парадигмасында және құндылық мәдениеті парадигмасы .
Ең жағымды нұсқа болып көшбасшылық әлеуетті дамыту стратегиясының
құндылық мәдениеті парадигмасы
болып табылады, өйткені, субъектінің жеке басы мәніне
сүйене отырып, ол көшбасшының маңызды қасиеттерінің тұрақты (конъюктурадан тыс)
дамуын қамтамасыз етуге қабілетті: табысқа бағытталу, ерік-жігер, жауапкершілік,
толеранттылық. Құндылық – тұлғаның өзіндік құндылығын білдіретін ықпалдастық қасиет,
«оның өзіндік сана-сезімі мен өзін-өзі бақылауының негізі, адамның үлгілік бейнесі,
индивидтің өзінің алдында тұлға ретінде жауапкершілігі». Тұлғаның құндылығы –
қалыптасуы дәрежесін, субъектінің тұлғалық дамуының анықтаушылары болып табылатын
басқа қасиеттерінің дамуын көрсететін психологиялық жаңа туынды.
Көшбасшылық – топтағы түлғааралық қарым-қатынас жүйесінде үстемдік ету мен
бағыну, ықпал ету мен еру қатынастары. Фрэнк Карделлдің пікірі бойынша «біз
барлығымыз қалай болғанда да көшбасшы болып табыламыз – отбасында, ұжымда,
мектепте, жұмыс орнында және әлемде». Көшбасшылықтың көптеген нұсқалары бар,
олардың әрқайсысы белгілі бір қажеттіліктерге сәйкес келеді (жеке, кәсіби, әлеуметтік
салаларда). Өзімізде көшбасшыны іздеу мен табу толық жауапкершілікті талап етеді дейді
Ф.Кардэлл. «Бұл біз өтуіміз керек жол, біз дайындалусыз керек бастама және онда барлық
болмысымызбен қатысуымыз қажет».
Студенттік жас субъектінің барлық құндылықты бағдар жүйесінің түрленуімен,
оның кәсібиленуіне байланысты ынталануы, арнайы қабілеттердің қарқынды
қалыптасуымен сипатталады. Өзін қызмет субъектісі
мен белгілі бір қоғамдық
құндылықтарды тасығыш, әлеуметтік пайдалы тұлға ретінде сезіну, мінез-құлықтың сана-
сезімдің уәждерінің күшеюі бұл кезеңді бастама, шығармашылық қабілеттердің дамуы,
оның ішінде табысқа жету қажеттілігі, жеке басының тиімділігін арттыру үшін ең
сензитивті етеді. Сондықтан, студенттік көшбасшылық әлеуеттерді анықтау мен мақсатты
дамыту басқарушылық элитаның қалыптасуының тиімді шарасы болуы мүмкін.
Қорытындылай келе, білім алушылардың кәсиби өсуіне, көшбасшылығын
дамытуына әсер етуді ауқамы жаңаруда. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан
білім беру сапасын арттыру, баланы жеке тұлға ретінде алып қарап, көшбасшы ретінде
тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті.
248
қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс – тәсілдер кеңінен қолданып жүр. Сабақты әртүрлі
әдіс – тәсілдерді қолданып, білім алушылардың білімге, оқып – үйренуге
құштарлығын
арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс – тәсіл қолданса да, мақсаты біреу – ол оқушыларға
тиянақты да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп
данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен
қарасақ қана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген
ойдамын. Әлемдік білім беру кеңестігінің талаптарына сай болатын,ең алдымен ұлттық
жаңа әдістемелердің бүр жаруына, оның өркендеп, тереңге тамыр жайып жас өскіннің алып
бәйтеректей қатайып, нығайтуына нық сенемін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Руководство и лидерство: сб.науч.тр. ред.Б.Д.Парыгин. - Л.,1973.
2.
Чернышев А.С., Лунев Ю.А., Лобков Ю.Л., Сарычев С.В. Психологическая
школа молодёжных лидеров. – М., 2005.- 275 c.
3.
Жарықбаев Қ.Ж. Психология негіздері: оқулық. - 6-бас. өнд., толық. –
Алматы: ЭВЕРО, 2005. – 464 б.
Достарыңызбен бөлісу: