«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты



Pdf көрінісі
бет80/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92
Байланысты:
kazak-adebiettanu

 
 
 
 
 
 


240 
САБАҚ ҮДЕРІСІНДЕ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІС-
ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ 
 
Ысқақова А.Н. 
 Оқытушы,М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, 
Қызылорда қ., Қазақстан 
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім 
қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, 
терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу 
үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп 
келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі 
оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. 
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра 
отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан 
ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, 
естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, 
дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс 
жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны 
мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын 
тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге 
баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — 
әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – 
әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. 
Бұл модульді алған себебім: оқушыларды оқу мен жазуда сыни тұрғыдан ойланып, 
мәселенің шешімін табуға, өз пікірін жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болатын. 
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту- күрделі міндет, сондықтан когнитивті 
психологияның негізгі түсініктері мен тұжырымдамаларына көңіл аудару қажет. 
Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – 
оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы 
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде 
сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба 
алады. Білім берудің сапасын жақсарту, баланың өзі ізденіп дәлелдеуін дамыту мақсатында 
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз сабақтарымда қолданамын. Оқушы бұрын тек 
тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке 
бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана 
емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның 
өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным, қабілеті 
ашылады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың әдістері мен тәсілдері төмендегі түрлерге 
бөлінеді: 
1.Ұйымдастырушы-авангард – қысқаша сұхбаттасу немесе дәріс, олардың 
фотосуреттермен немесе суреттермен безендірілгені дұрыс, бұл жерде мұғалім тақырыпқа 
қысқаша шолу жасайды, негізгі терминдерді анықтайды және сабақта топтың немен 
айналысатынын түсіндіреді. Ұйымдастырушы-авангардтың мақсаты балалардың бұрын 
аталған тақырып бойынша алған білімдерін еске түсіруден және осы алған білімдерін қайта 
құрылымдау немесе оларды жаңа біліммен толықтырудан тұрады.
2. Назар аударатын сұрақтар – сабақта балалар білетіндер мен олардың осы сабақта 
өтетіндері арасында байланыс орнатушы сұрақтардан бастау керек. Сұрақтар ауқымды 
мәселелер немесе шешу немесе табу керек үлкен құпия немесе маңызды мәселелер көрініс 
тапқан анекдоттар формасында қойылады. Назар аударатын сұрақтар қорытудың барынша 
жоғары деңгейінде қойылғанда барынша тиімді жұмыс істейді.


241 
3. Ойланыңыздар. Жұпқа бөлініңіздер. Пікір алмасыңыздар – мұғалім "ашық" 
сұрақты ұсынатын ұжымдық процесс. Оған жеке жауап беруге екі минут беріледі. Осыдан 
кейін балалар бір-біріне бұрылып, серіктестерімен өз жауаптарын бөліседі. Осыдан кейін 
мұғалім екі немесе үш жұпқа өз жауаптарын бүкіл топпен бөлісуді ұсынады, ал осыдан 
кейін олар жаңа материалмен жұмысқа көшеді. Әр бала белсенді, оның материалды ойлауға 
және оны жолдастарымен талқылауға деген ынтасы бар.
4. Болжалдар серігі – тақырыптың маңызды аспектілерін айқындайтын қысқаша 
жауаптары (дұрыс немесе бұрыс) бар сұрақтар. Балалар оқу қызметінің басты бөлігі 
басталғаннан бұрын жеке немесе жұппен жауап береді. Сабақ соңында олар өздерінің 
көзқарасы мен шешім қабылдау тәсілінің өзгергендігін тексеру үшін олар осы сұрақтарға 
қайтып оралады.
5. Жұптасқан ми шабуылы – балалар білетін немесе сабақтың тақырыбы бойынша 
білеміз деп ойлайтын фактілер тізімін құрастыру. Екі минуттық жеке жұмыстан кейін олар 
бір-біріне бұрылып, өздерінің тізімін біріктіреді. 
Сыни ойлауды қалыптастыру үшін суреттерді қолдану әдістемесі пайдалы болып 
табылады. Сыни ойлау кез келген міндеттерді шешу кезінде қисынды тұжырым жасауға 
әкелетін негізгі «сүзгі» болып табылады. Сыни ойлауды дамытуға ерте жастан кірісу қажет. 
Бүгінгі күні балалар үлкен көлемде білім алуды меңгерулері қажет және барлық 
«айналадағы» ілімдер оның басында ретсіз шатыса бастайды. Ойлаудың бұл түрін дамыту 
үшін, тапсырмаларды ойын түрінде қолдану керек. Балаға дұрысты бұрыстан ажырату 
қызықты болуы тиіс. Мысалы сіз оған ертегі айтып бересіз, бірақ егер ол ертегінің дұрыс 
айтылмаған жерін байқаса, олай болмайтыны туралы айту керектігін алдын ала ескертіп 
қоясыз. Осындай еркін және көңілді тәсілдің көмегіменсіз оны мүмкін нәрсені мүмкін емес 
нәрседен ажырата білуге және оны сыни ұғынуға итермелейсіз. Сыни ойлауды 
қалыптастыру үшін суреттерді қолдану әдістемесі пайдалы болып табылады. Мысалға, 
суретте өмірде жоқ жануар бейнеленген, сондықтан «Суретші нені шатастырды?» деген 
сұрақ қою керек.
Ойлаудың бұл түрін арнайы әдістеме арқылы дамыту, балаға ол бірінші сыныпқа 
барған кезінде баяу оқуға және оқығанын түсінуге, сондай-ақ математиканың алғашқы 
әліпбиін түсінуге бейімдеу. 
Бастапқы кезеңде бұл жұмыс балалар үшін байқаусыз болуы және ойын немесе 
сұхбат түрінде өтуі тиіс. Мысалы, шөп неге дымқыл, кім мияулайды және т. б. Егер бала өз 
жауабын толықтыратын болса, яғни ол ойынмен толық қамтылды.
«Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын жаңа сабақты өз бетінше меңгерту үшін 
қолданған тиімді. Сабақты өз бетінше меңгеру үшін мағынаны тану кезінде түртіп алу 
әдісін пайдаланамын. Бұл әдісті мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданамын. Оқушы ең 
алдымен тақырыпты өзі оқиды, таныс мәліметтерді белгілейді, өзі білмеген мәліметтерді 
табады да кестені толтырады, білмегенін мұғалімнен сұрайды, нені білгісі келетінін айтады. 
Мысалы, «Негізгі және туынды етістік» тақырыбындағы сабағымда «етістік туралы не 
білемін?», «негізігі және туынды етістік туралы не білгім келеді?» , «негізігі және туынды 
етістік туралы не үйрендім?» деген сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырды. Өздерінің 
ойларын ашық жеткізді және әрбір оқушы негізгі және туынды етістік туралы бір нәрсе 
үйреніп кетті. 
Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына 
әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың 
танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. 
Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін 
арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі 
күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа 
технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. 
Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше 
білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. 


242 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет