7
ғылыми маңызға ие. Сондықтан А.Байтұрсынұлы
жасаған төл тіліміздің
грамматологиялық теориясын қайтадан терең зерделеу өзінің өзектілігін,
зәрулігін анық аңғартады.
А.Байтұрсынұлы еңбектерін талдау барысында түйілген
ойлар мен
пікірлер, болжамдар, қорытындылар А.Байтұрсынұлына
байланысты
пәндерді оқытуда, оқыту әдістемесі теориясын оқытуда мол ғылыми-
практикалық деректер береді. Зерттеудің теориялық
нәтижелерін қазақ тіл
білімі мамандарына қажетті оқу құралдарын жазу барысында пайдалануға
болады.
Жұмыстың практикалық маңызы:
Ғалым
принциптерінің негізінде
қазақ жазу үлгісінің айтылымға жақын болуы жатқанын анық аңғарамыз.
Мұның өзі қазіргі тілімізге молынан кіріп отырған жаңа атаулар мен кей
термин сөздерді бейімдеп алуға мүмкіндік береді, осы ретте жұмыстың үлкен
практикалық маңызы бар деп есептейміз.
Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында «А.Байтұрсынұлы
тағылымы және ұлттық ғылым» пәнінен дәріс,
семинар сабақтарында, өздік
жұмыстарда, аудиториядан тыс іс-шараларда, үйірме, секцияларда, қазақ тілі
мұғалімдерінің білім жетілдіру курстарында пайдалануға болады.
Диссертанттың жүргізген зерттеу нәтижелерінің қорытындысы
А.Байтұрсынұлына қатысты пәндердің жаңаша зерттелуіне тірек бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: