Anahtar Kelimeler:
Romantik Eğilimler, Avrupa Romantizmi, Ulusal Özellikler, Milli Bilincin
Uyanışı, Folklor.
THE ROMANTICISM OF THE KAZAKH LITERATURE AND
ITS NATIONAL PROPERTIES
ABSTRACT
The problems connected with poetics of romanticism, its evolution, typology of romantic genres
in their development, studying of the poetic system of separate romantic product draw more and more
steadfast attention of modern Kazakh literary criticism. This article analyzes the typology and national
features of kazahk romanticism. In the twentieth century literary outlived idea of the "inferiority" of
romanticism as an artistic method. This article discusses historical studying of romanticism as difficult
complete historic-typological researches, romanticism in a context European has begun, and more
correctly, world historical and literary process taking into account its innovation, evolution, various types
of romanticism on the example of the works of M.Zhumabaev, M.Dulatov, Sh.Kudaiberdiev,
S.Toraigyrov.
*
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеты, ф.ғ.д,доцент, kuralay_zhanuzak@mail.ru.
Millî Kültür Araştırmaları Dergisi (MİKAD)
Cilt: 2- Sayı: 1- Haziran 2018
ISSN: 2587-1331
10
Key Words:
Romanticism in Kazakh literature, National characteristics, Typology of romanticism,
Worldview, Directions and trends.
Әлемдік әдеби үдерісте романтизмді теориялық тұрғыда тану оның бағыт
ретінде бастау алған кезеңінен бастап, қазіргі күндерге дейін жалғасын табуда.
Әлемдік әдебиеттануда романтизмнің көркемдік ерекшелігі, типологиясы
мәселелері зор айтыс-тартыстардың арқауына айналып келді. Соңғы жылдардағы
романтизм хақындағы еңбектерде көптеген авторлардың әдебиеттануда ұзақ
уақыт бойы орын алған ескірген «методологиялық аксиомалардан» іргесін аулақ
салғанын аңғаруға болады.
Қазақ әдебиеттануында романтизм мәселесі арнайы зерттеу объектісі
ретінде
жеткілікті
деңгейде
зерттелмеген.
Жеке
ақын-жазушылардың
шығармаларындағы романтизм мәселелері Қ.Жұмалиев, Ш.Елеукенов, З.Ахметов,
А.Жақсылықов еңбектерінде қарастырылады. ХХ ғ. басында қазақ романтизмі
ұлттық ерекшеліктерімен көрінді. Осы орайда көркемдік-әдеби жүйе ретінде
романтизмнің эволюциясын зерттеу маңызға ие. Қазақ әдебиетіндегі
романтикалық тенденциялар ең алдымен ұлттық әдеби дәстүрлерімізбен
анықталады. Ауыз әдебиеті үлгілері, фольклорлық дәстүр халықтың дүниетанымы
мен көркемдік ойлау ерекшелігін, айқын танытады. Сондықтан романтизмнің
генезисін саралауда ұлттық ерекшелікті ескеріп, оның осы типологиялық қасиеті
басты ұстанымға айналуы тиіс. Ұлт-азаттық қозғалыс, ұлттық сананың ояну
дәуірінде романтизмнің өркен жаятыны белгілі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ
әдебиетінде романтикалық тенденциялардың күшейе түсуіне қоғамдық сананың
өсуі, жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен маңызының арта түсуі, сонымен қатар
жаңа көркемдік формалар бағытындағы ізденістер де ықпал етті. ХХ ғасыр
басындағы ұлттық ояну, рухани жаңғыруға үндеу бағытындағы М. Дулатов,
С. Торайғыров, М. Әуезов, Ж. Аймауытов шығармаларындағы ағартушылық пен
сыншылдықта Абай дәстүрі сезіліп тұратын. Дегенмен ол қазақ қоғамындағы
Абай заманынан түбегейлі айырмашылығы бар жаңа кезең болатын. Өмірді
романтикалық тұрғыда бейнелеу қабілеті басқа суреткерлерге қарағанда тереңірек
болған М. Жұмабаев шығармашылығында ұлт-азаттық идеялар көркем көрініс
тапты.
ХХ ғ. басында болған екі төңкерістен соң орнаған өмірге қазақ
зиялыларының гуманистік таным-түсініктеріне сай келмеді. Сондықтан
қоғамдағы қалыптасқан ахуалды уақытша деп қабылдау, оның келешегі жоқ деп
қарау және ұлттық тәуелсіздікті аңсау қазақ зиялылары үшін заңдылыққа
айналады. Уақыт өте келе қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-мәдени құрылымда, адам
табиғатында үлкен өзгерістер болды. Жаңа көзқарастың қалыптасуы тарихилық
принципінің, жаңа дәуір адамының көзқарастар жүйесін ерекшелендіретін
ұстанымдардың бекуіне алғышарттар тудырды. ХХ ғ. басында жаңа әлеуметтік
болмыс қалыптасып, нақты бір сипат ала бастады. Ол қазақ интеллигенциясының
көпшілігі үшін жағымсыз болды, бірақ оны өзгерту де, тіпті өзгертудің айқын
жолдарын табу да мүмкін болмады. Қазақ ойшылдарының трагедиясы да осында
жатты. Қоғамда сенімсіздік пен күмән молайып, түңілу пайда болды,
ағартушылардың тарихи болжамдары күдік тудырды. Айналасындағы қоғам
өміріне қанағаттанбаудан, оны қабылдамаудан туған көңіл-күйлер басым бола
11
бастады. Осындай көңіл-күйлерді романтиктер терең сезіне біліп, оларды көркем
шығармаларда бейнеледі.
Қазақ жерінде романтизмнің қалыптасуы
кездейсоқ, сырттан келген
құбылыс емес. Қазақ романтизмі ұлттық әдеби-қоғамдық дамудың, ұлттық
сананың ояну заңдылықтарын бейнеледі. Тарихи тұрғыдан қазақ романтизмі
әлеуметтік дербестігі бар жеке тұлғаға сүйенген жоқ, қазақ топырағындағы
романтикалық идеалда дарашылдық әуенінің басымдығынан гөрі жалпы
қоғамдық жетілуге, кемелденуге деген берік сенім айқын аңғарылды. Бұл
жағынан ол ағартушылық идеалдарына қарсы келген жоқ. Даралық мәселесін
романтиктер ұлттың даралығы, оның тарихи дамуының ерекшелігі ретінде
түсінді.
Қазақ романтизмінде де идеал мен нақты болмыс арасындағы ымырасыздық
орын алды. Алайда салыстырмалы түрде дәл орыс романтизміндегідей дарашыл
жеке тұлғаның нақты болмысқа қарсы шығуы айқын көрінбегенімен, идеал мен
нақтылық арасындағы философиялық-этикалық сәйкессіздік, ымырасыздық
біршама көрінді. Қазақ жерінде романтизмнің орнығуы мен қарқынды дамуы
ғасыр басында ұлттық және жеке тұлға санасының дүмпуімен, оянуымен, рухтың
күшеюімен, қазақ әдебиетінің жалпы әлемдік әдеби үрдіске қосылуымен
байланысты еді.
Дүниетанымы тұрғысынан ХХ ғасыр басындағы ақындар арасында
романтикалық эстетикаға анағұрлым жақын тұрғандардың бірі – Шәңгерей
Бөкеев. Ш. Бөкеев шығармашылығының ерекше қуаты оның романтикалық
сарынымен байланысты. Сұлулық пен әдемілік, табиғи үйлесім ақын
туындыларының мұрат-мақсатына айналды. Ұзақ жылдар бойы, әсіресе
тоталитарлық тәртіп тұсында Ш. Бөкеев шығармаларына тыйым салынды. Мұның
бір жағы ақынның жеке өмірінен, дүниетанымынан туындайтын тағдырдың
жазуы, өлім тақырыбының оның романтикалық поэзиясына күңгірт түсті әуендер
қосуымен байланысты еді.
Ш. Бөкеев поэзиясындағы тұрақты романтикалық мотивтер – жалғыздық
сарыны, өлім тақырыбы, болмыстың құпия, жұмбақ, тылсым сырларына ден
қою, мұңсыз балалық шақты, жоғалған бақытты жоқтау. Оның идеалды
романтикалық бейнесі ақын санасында Ханқаламен, балалық шақтың бақытты
сәттерімен байланыстырылады. Романтикалық ыңғайдағы суреткер өлімді
болмыстың тылсым құпиясы, жер асты тіршілік иелері мекендеген қорқынышты о
дүниенің қақпасы деп қабылдайды. Бірақ романтиктің жаралы жаны мәңгіліктің
бесігі жасырылған қақпаға, сол әлемге ұмтылады. Зар заман ақындарымен үндес
эсхатологиялық таным Ш. Бөкеев романтизміне мистикалық бояу дарытты.
Оның шығармашылығында романтикалық дүниетанымнан туындайтын
басты концепт – өмірдің жалғандығы, өткіншілігі. Осындай дүниетанымның діни-
философиялық парадигматикалық негізінен болмыс ағымынан романтикалық
оңашалану, ығысу, өмір негіздерінің, болмыстың құпиялылығы туралы ой толғау
тенденциясы келіп шығады. Әрине, мұнда экзистенциалистік эстетика мен таным
іздері де байқалады. Осы рухани-эстетикалық тенденция Ш. Бөкеевті ХХ ғасыр
басындағы орыс модернизмімен, әсіресе М. Жұмабаевпен байланыстырады.
Ш. Бөкеев рухани, шығармашылық ізденістерімен қазақ әдебиетінде ХХ ғасыр
басындағы модернистік эстетиканың негізін салды. Алайда мұндай әдеби-
12
эстетикалық тенденцияның қалыптасуына идеологиялық және тоталитарлық
тәртіп мүмкіндік бермеді.
Ш. Бөкеев орыс әдебиеті классиктерінің, оның ішінде романтик
М. Лермонтовтың
шығармашылығымен
таныс
болған.
Ш. Бөкеев
дүниетанымының ерекшеліктері, оның «
Достарыңызбен бөлісу: |