Бақылау сҧрақтары:
1. Меншіктен айыруға жҽне күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен
кҿтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы
2. Мҽскеудегі Қазақстан ҽдебиеті мен ҿнерінің он күндігі – ұлт рухының
ҿміршеңдігінің айқын кҿрінісі
3. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы
жауынгерлердің ерліктері - ата-баба қаһармандығының дҽстүрлі жалғасы.
4. «Түркістан» легионы. М.Шоқай соғыс жылдарындағы ҽрекеті.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тҽуелсіз
Қазақстан: алғышарттары жҽне қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан,
А.Ш.Алтаев жҽне т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl
Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Ҽбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы,
2010.
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана:
Фолиант, 2007. – 344 с.
Тақырып 19. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік
реформалардың қайшылықтары мен салдары
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.
2 И.Сталиннің «тұлғаға табыну» кезеңін сынау.
3. . Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы жҽне оның үстірт
сипаты.
4. Мҽдениет жҽне ғылым. Мҽдени-рухани ҿмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі –
ҽміршіл-ҽміршілдік биліктің күшеюінің салдары.
Тақырып 20.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік
реформалардың қайшылықтары мен салдары
1. Қазақстанның КСРО ҿнеркҽсібінің дамуына қосқан үлесі.
2. Экологиялық дағдарыс.
3. Мҽдениет жҽне ғылым. М.Шаханов, Ҽ.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов,
І.Есенберлин жҽне т.б. жазушылар мен ақындар шығармашылығының рухани дамудағы
маңызы.
1. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт
құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру
еңбекшілердің қоғамдық-саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1945 жылы қазан
айында Алматыда Республиканың 25 жылдығына арналған Қазақстан Жоғары Кеңесінің
мерекелік сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мҽскеу мен Ленинградтың
делегациялары, ҿнеркҽсіп пен ауыл шаруашылығының озаттары, ғылым мен мҽдениет
қайраткерлері қатысты. Осы мерекеге орай 5304 адам ордендермен жҽне медальдармен
наградталды.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған тҿртінші бесжылдыққа арналған жоспар
бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, ҿнеркҽсіп пен ауыл
шаруашылығының соғыстан бұрынғы дҽрежесіне жетіп, одан едҽуір асып түсу міндеті
белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын ҿрге бастауға үлкен мҽн берілді.
Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл жҽне тоқыма
ҿнеркҽсібін одан ҽрі ҿркендету кҿзделді. Тұрғын үй құрылысын жҽне қалалар мен
жұмысшылардың тұрақты аудандарында мҽдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге
ерекше кҿңіл бҿлінді. Ҿнеркҽсіп пен ауыл шаруашылығын ҿркендету негізінде республика
еңбекшілерінің материалдық жҽне мҽдени тұрмыс дҽрежесін одан ҽрі кҿтеру кҿзделді.
Қазақстанға бҿлінген күрделі қаржы кҿлемі одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда
күрделі қаржы кҽсіпорындарды қалпына келтіруден гҿрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа
кҽсіпорындар салуға бағытталды. Тҿртінші бесжылдықта бүкіл елде ҿнеркҽсіп ҿнімі 1940
жылмен салыстырғанда 40 пайызға ҿсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту
кҿзделді. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан ҿнеркҽсібінің жалпы ҿнімі 1940
жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде кҿмір шығару 2,5, мүнай-1,5, газ-1,9, электр
қуатын ҿндіру 4,1 есе артты.
Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға
қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер
мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар
жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды iрiлендiру шаралары iске
асырылып, республикада соғысқа дейiнгi 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670
колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалык базасы нығайтылды. Тҿртінші
бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан
астам комбайн, ондаған мың автомашина, шҿп шабатын жҽне басқа машиналар істеді.
Бұлардың басым кҿпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын.
Ауыл-селода механизаторлар қатары ҿсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа
саны 10 мың адамға кҿбейді.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы
басталды. Сҿйтіп, тҿртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз жҽне
193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945
жылмен салыстырғанда 2,8 есе ҿсті.
Республикада тҿртінші бесжылдықта егіс кҿлемі бір миллион гектардан аса
ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы
астықтың жалпы түсiмi 47 654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дҽрежесінен 89 пайыз
асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түқымдары ҿсіп жетілді. Атап
айтқанда, қазақтың ақ бас сиыры, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-
меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа түқым алынды. Малдың
жалпы саны ҿсті: ірі қара-27, қой мен ешкі - 70, жылқы - 71 пайыз кҿбейіп, шошқа - 2,7 есе
артты. Дегенмен ауыл шарушылығын ҿркендетуде елеулі қиыншылықтар мен кемшіліктер
болғанын да айтуымыз керек. Бұл кезде республиканың мал шаруашылығы мейілінше
ауыр жағдайда еді. 1951 жылы бар болғаны 4,5 миллион ірі қара (1928 ж. 6,5 млн. болған),
1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың түйе (1 млн.) болды. Тек қой саны бойынша, олардың
тез ҿсетіндігі есебінен, 1928 жылдың дҽрежесіне жақындады. 1928 жылы 18566 мың қой
болса, 1951 жылы қой мен ешкінің саны 18036 мың басқа жетті.
1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының
зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек ҿнімділігі тҿмен
еді. Ауыл шаруашылығының ҽртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың
меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге ҿнім бҿлінбеді. Олардың
еңбекке ынталылығы тҿмен болды. Осыған байланысты ҽкімшіл-ҽміршіл жүйе қатал
саясат жүргізіп, село түрғындарын мҽжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ
асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы тҿлеуде теңгермешілік
орын алды. Колхоздарда, совхоздарда ҿндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы
мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке
шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр
жағдайды ҿзгерту мҽселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін кҿңіл бҿлінген жоқ. Сайып
келгенде, ҿнеркҽсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге кҿтеру ауыл-селоны қанау
есебінен іске асты.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары
шығармаларының басым кҿпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ.
Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ҽ. Нүрпейісовтың "Курляндиясы"сияқты соғыс
тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік
қасиеті, жеңіс жолындағы күресте кҿрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына
жазылған С. Мүқановтың "Сырдария", Ғ. Мұстафиннің "Миллионер", Р. Слановтың "Кең
ҿріс" сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың ҿмірі кҿрсетілді.
Осы жылдарда М. Ҽуезовтің "Абай жолы", С. Мұқановтың "Шоқан Уҽлиханов"
сияқты кҿптеген тарихи шығармалар жарық кҿрді. "Абай" қойылымы үшін Қазақ
Академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.
Музыка мҽдениеті ҿрлеу жолына шықты. М. Тҿлебаевтің "Біржан-Сара", А.
Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай", Е. Брусиловскийдің "Дудар-ай", Қ. Қожамияровтың
ұйғыр тіліндегі "Назугум"опералары сол жылдарда дүниеге келді. "Біржан-Сара"
операсына КСРО мемелекеттік сыйлығы берілді.
1946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып, оның президенттігіне
кҿрнекті ғалым, академик Қ. И. Сҽтбаев сайланды. Осы жылдарда Ақтҿбе, Гурьев,
Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент екi жылдық мұғалімдер институттары жоғары
бiлiм беретiн педагогикалық институттар болып қайта құрылды.
Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан ҽрі жүзеге асырылды.
1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум
мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Алайда, мектептердiң
материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың кҿпшiлігiнiң ғимараты болмады.
Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жҿндеуге
халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен кҿмек кҿрсетілді. Сонымен
бірге олар клуб, кітапханаларға да жҽрдемдесті. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап,
радиоқабылдағыш, т.б. мҽдени құралдарды жинап берді.
Алайда, бұл кезде Казақстанның мҽдениеті, ҽдебиеті, ғылымның одан ҽрі дамуына
ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында ҿзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм
идеологиясы кері ҽсерін тигізді. Ҽсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің "Звезда" жҽне
"Ленинград" журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша ойлайтын
адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де ҿз
жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің
1947 ж. наурызда ҿткен пленумы тҿменгi партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын
жазудағы, ҽдебиет пен ҿнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы
большевиктік сынды кеңінен ҿрістетіп, БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық
мҽселелер жҿніндегі қаулыларын сҿзсіз орындауды талап етті.
Бұл кезде Орталықта "Ленинградтық іс", "Дҽрігерлердің ісі" қолдан жасалып
жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е.
Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген
монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған жҽне оның саяси-
идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының
мҽселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын
айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым
академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы
оны 25 жылға соттады. Тек Сталин ҿлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау
жҿніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы
түрмеден босап шықты.
40 жылдардың аяғы-50 жылдардың басында "Бекмахановтың ісі" жалғыз болмады.
Республиканың кҿрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов,
Е. Смаилов жҽне т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ҽ. Ҽбішев, Қ.
Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин жҽне басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси
жҽне буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дҽлелсіз айыпталды.
Сҿйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан
қоғамдағы жаңа ҿзгерістер ҽміршіл-ҽкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып
тасталды.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары бұрынғы КСРО, оның ішінде Қазақ КСР-
ның ауыл шаруашылығы ауыр жағдайда болды. Елдің астық қажеттігін егіншілік
аудандары ҿтей алмады, мал басы ҿспеді.
Достарыңызбен бөлісу: |