Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


ЕРЖАН АШИКБАЕВ, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары



Pdf көрінісі
бет41/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

ЕРЖАН АШИКБАЕВ, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары: 
 - Жаппай қырып-жою қаупі зор қарулардың ішінде ядролық қарудың 
күйреткіш күші ең жойқын деп саналады. Бұл қауіп-қатер әлем елдерінің басым 
көпшілігін алаңдатпай қоймайды. Сондықтан да Елбасы алғашқылардың бірі болып 
жаһандық мәселені халықаралық деңгейде көтерді. 
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ барша адамзат тағдыры үшін қатерлі 
қарудан түбегейлі бас тарту жолын таңдап, халықаралық атом құқығын дамыту бағытында 
белсенділік таныта бастады. 
1991 жылдан бастап қолға алынған бастамаға бүгінде әлем елдері де қолдауларын 
білдіріп, қосыла бастады. Бұл алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тағдырын шешкен 
қаулысы болды. Елбасының әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық 
полигонын жабу туралы шешімі Қазақстанның жаңа тарихын ашып берді, адамзатқа ядролық 
сынақтарсыз болашақ сыйлады. 
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының 
жетекшісі:
 - Қоғамдық қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдар ядролық қаруға қарсы 
күрес жолындағы түрлі бағыттағы бастамаларға қандай көмек жасай алатынын 
осындай жиындарда талқылауымыз керек. Сондай бас қосулардың бірі Алматыда 


59 
өтеді. «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған конференцияға 
Америка, Жапония және тағы басқа елдердің сала өкілдері қатысады.
Жапония Қазақстанның ядролық қаруға қарсы күрес жолындағы басты үзеңгілесі 
саналады. Өйткені қос ел де қатерлі қарудың ащы тауқыметін тартқан, тағдыры ортақ.
Бүгінде тараптар әлемді ядролық қарудан азат ету үшін бірлесу туралы шешімге келді.
https://old.qazaqtv.com/kz/view/politics/page_198264_kazakstan
 
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға 
ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – 
белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей 
облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі 
ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген 
болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары 
қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз 
келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу 
мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде 
бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз 
«Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір 
дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық 
сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен 
газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс 
ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен 
ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей 
полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО 
Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. 
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп 
жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық 
шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен 
қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту 
әрекеті 
жасала 
бастады. 
Семей 
полигоны 
жабылғаннан 
кейін 
Ресейдің

АҚШ
 пен 
Францияның
 полигондарында
ядролық қаруды сынауға мораторий 
жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың 
мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
А мәтіні 
Ә мәтіні 
Тақырыбы 
Автор көзқарасы 
Қызметі 
Құрылымы 
Тілдік ерекшелігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет