Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Экология



Pdf көрінісі
бет44/63
Дата02.11.2023
өлшемі2,22 Mb.
#121425
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Экология: 
ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер 
2-нұсқа 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма 
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені, автордың негізгі ойын анықтаңыз. 
сұрақтар құрастырыңыз, өз пікіріңізбен баға беріңіз. 
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 
сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді 
білдіріңіз. 
[10] 
А мәтіні 
 
Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта 
Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және 
адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға 
ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды 
жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам 
денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын 
қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым 
салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар 
тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан 
елді мекендердегі адамдарды басқа жаққа, яғни қолайлы жерлерге кешіреді. Сонымен, 
Қазақстандағы ірі салааралық кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде 
мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бұл салаларды 
дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру 
қажет. Факттар Қаражамбастың мұнайы өте ауыр, құрамында темір көп. Ал Ембі мұнайы 
керісінше жеңіл, майлы болып келеді, көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш май 
ретінде қолданылады. Өзен мен Жетібай мұнайының құрамында парафин көп. Ол бөлме 
температурасында қатады. Сондықтан оны тасымалдауда арнайы жылытып тұратын құбыр 
орнатылды. Оны күкірттісутектен және күкірттен айырады. Қарашығанақ пен Жаңажолдағы 
табиғи газдан күкірттісутекті алғанда - конденсат - бағалы химиялық шикізат алынады. 
Қазақстандағы ең бірінші мұнай 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді. 
Ол жердегі тереңдігі 40 метрлік ұңғыдан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 25 тонна мұнай 
береді. Алғашқы кезде мұнайды арнайы қазылған шұңқырға жинаған. Мұнайды Самарадағы 
мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін алғашқы кезде түйені пайдаланған.
https://el.kz/news/archive/content-4171/
 
Ә мәтіні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет